Практиканттың құрылысқа қатысуы
25-іншінаурыздан бастап практика күндерім басталды. Практика уақыты таңғы сағат 9:00-дан бастап кешкі сағат 18:00-ге дейін болды.Кәсіпорындағы практика жетекшім біріншіден қауіпсіздік ережелерімен таныстырды, екіншіден өңдірістік техникалық бөлімімен және ішіндегі тәртіптерімен таныстарды. Сол күні мекеменің ұжымымен, жұмыс бағытымен таныстым.
П рактика өткен мекеме ғимараттарды диагностикалаумен, тексерумен, қадаларды сынаумен, ПОС және ППР дайындаумен және жобалаумен айналысқандықтан барлық атқарылған жұмыстар осы бағытта болды. Алғашқы күндерімекеме тексеру жасап жатқан Өндірістік базамен таныстым. Оның ақаулы фермаларын фото арқылы тауып және ақауы бар фермаларды маркировкалап, автокад бағдарламасынан ферманың ақауларын сызбада көрсеттім.
Бұл жұмысты орындау барысында мен фермалардың орналасуымен, бекітілуімен, құрылымымен таныстым. Ғимарат ескі болғандықтан фермалардың көтергіш қасиеттері жоғалмас үшін тіректермен бекітіп қойған.
Келесі күндері осы өндірістік базаның вскрытие жүргізілген іргетастарын объектте түсірілген фотолар арқылы автокад бағдарламасында өлшемдік сызбасын сыздым. Бұл жұмысты орындай барысында өнеркәсіптік ғимараттардың іргетастарының құрылысы, орналасуымен таныстым. Объект біршама ескі болғандықтан іргетастың орналасуында бірнеше қателіктер болды.
Өндірістік базаның металл эдементтері: қоставр, швеллер, дөңгелек ыстықтай қақталған болат прокаттарды белгілі әдебиеттер арқылы, сортаменттен іздеп таптым. Мәселен, қоставр ГОСТ 26020-83; швеллер ГОСТ 8240-89; дөңгелек ыстықтай қақталған болат прокат ГОСТ 2590-80ге жататын болып шықты. Кейін осы өлшемдер бойынша металл балкалар мен колонналарды маркировкалап, Word бағдарламасында өлшемдерін кестеге толтырдым. Және автокад бағдарламасында жоспарға орналастырып сыздым. Сол күні осы объекттің екі тостағанды фундаментінің сызбасын орындадым.
Өнеркәсіп базасының темір бетон колонналарының қимасына қарап, қай серияға жататынын анықтадым. Серияларды meganorm.ru сайтынан алдым. Мәселен, 400х400 өлшемді фахверк (К72-1) 1.423-3 сериядан; 500х500 өлшемді ұстын (К72-31С) 1.423-3 сериядан болып шықты. Бұл жұмысты орындау барысында сериялармен таныстым және олармен жұмыс істеуді үйрендім.
Өнеркәсіп базасының фахвергінің тілігін сыздым. Әрбір элементін бөліп қарастырдым. Объект басында жасалған фотолар арқылы әр элементтің өлшемдерін алдым. Келесі күні осы объектінің көлденең қимасын автокад бағдарламасында сыздым. Және темірбетон өлшемі 500х600 ұстындардың маркировкасын жасап, жоспарға сыздым.
Ақаулары бар, жарылып кеткен, бұзылған темірбетон ұстындарды объект басында жасалған фотолары арқылы тауып, жоспардан әрбір ұстынның орналасуын анықтадым. Осы орындаған жұмысым арқылы мекеме қызметкерлеріне отчет жасауға көмектестім.
Дипломалды тәжірибиеден өткен мекеменің тағы бір жұмысының саласы қадаларға сынақ жүргізу болғандықтан, сынақ жүргізу технологиясымен таныстым. Мысалы, Теміртау қаласында статикалық сынақ жүргізілді. Оның технологиясы келесідей болды: алдымен сынақ қадасын орналастырады, сосын сынақ стендін, кейін максималды жаншу қысымы 1000 тоннаға дейін жүктемемен сынақ жүргізіледі.Артынан сынақ қорытындысын журналға жазады. Ал мен Теміртау қаласында жасалған қадаларға жүргізілген сынақтардың нәтижелерін журналдан алып, Exsell бағдарламасына толтырдым.
Жалпы мен тәжірибеде болған уақытта мекеме өнеркәсіп базасының тексеруімен (обследование) айналасқандықтан келесі орындаған жұмыстарым осы объектімен байланысты болды. Әрі қарай объектінің ұстындарына жасалған сынақтардың нәжижелерін кестеге толтырып жаздым. Келесі күні объектінің автокад бағдарламасында жоспарға арақабырғасын, сыртқы қабырғаларын, қақпасын сыздым. Маған ең қызықты жұмыс ол ҚР НОРМАТИВТІК – ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ (НТП) арқылы өнеркәсіп базасының жел және қар жүктемесін есептеп, Лира-Сапр бағдарламасына салу болды. Жалпы НТП арқылы алғаш рет есеп жүргіздім.
Тәжірибие өту барысында тағы бір құжатпен таныстым. Ол объекттің консервация жобасы. Мен осы жоба бойынша көптеген мәліметтер жинастырдым, жиналған қажетті мәліметтерді Word бағдарламасына көшірдім. Жалпы консервация ол салынып жатқан ғимараттың жұмыстары уақытша тоқтайтын болған жағдайда орындалатын жұмыстар жиынтығы. Ол уақытша жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін 2 ай ішінде дайындалады.
К елесі күні тәжірибе жетекшім күшейту қажет ететін, жарықтардың ашылу өлшемі 0,8-0,9 мм болатын балкаларды қалай күшейту жасау керек екенін әдебиеттерден табуға берді. Мен Мальганов А.И. мен В.С. Плевков «Восстановление и усиление ограждающих строительных конструкций зданий и сооружений» және осы авторлардың «Восстановление и усиление строительных конструкций аварийных и реконструируемых зданий» әдебиеттерінен күшейту әдістерін қарадым. Маған қажетті мағлұматтарды алу үшін объектінің фотоларын қарадым. Содан алған деректер бойынша бірінші әдебиеттің 246 бетінен келесі әдістерді алдым:
Монолитті темірбетонды ұзарту құрылғысы;
Жүк көтергіш балкаларды жүргізу;
Шпренгельді керме орналастыру;
Алдын-ала кернеуленген кермелерді орналастыру;
Көтеру қабілетінің кішкене өсуі кезінде балкаларды астынан өсіру;
Темірбетон обоймаларды орналастыру;
Пісірме арқылы металл бұрыштамаларды орналастыру
Осы әдістер арқылы темірбетон балканы күшейтуге болады.
Қоставр, бұрыштама немесе ұстындардың металл балкалардың, обойма, тіректердің қималарын ГОСТ-тан АСЧМ 2093-ке ауыстырып жаздым.
Е ң ерекше күн ол сауда орталығына барған күн болды. Бұл объектіге тексеру жүргізу үшін мекеме қызметкерлерімен бардым. Тексеруге қажетті құрал-жабдықтармен, ғимаратты тексеру барысымен, балкаларды ашу барысын көрдім.
Тексеру жүргізу барысында құрал-жабдықтармен жұмыс істеп көрдім. Олар: ИПС – МГ4, ИПА – МГ4, УКС – МГ4С. Бұл құралдардың барлығы бетонның беріктігін анықтау үшін қажет, бірақ әрқайсысының қолданылуы бөлек. Жеке қарастырсақ:
И ПС – МГ4 құралы ГОСТ 22690 бойынша соққы импульсы тәсілімен бетонның және қоспалардың беріктігі мен біртектілігін бұзбай бақылау үшін қажет. Құралды қолдану аясы: құрылыс индустриясындағы кәсіпорындардағы және құрылыс объекттеріндегі бетонның беріктігін анықтау үшін, және де эксплуатациядағы ғимараттар мен имараттарды тексету кезінде қолданылады. Құрал кірпіштер мен құрылыстық керамиканың беріктігін бақылау үшінде, және құрылыс материалдарының физика-механикалық қасиеттерін бағалауға, біртектілігін және дүрыс тығыздалмаған аймақтарды анықтуға қажет.
ИПА – МГ4 құралы ГОСТ 22904 бойынша магнитті тәсіл арқылы бетонның қорғаныш қабатының қалыңдығын және темірбетон өнімдердегі стерженді арматураны анықтау үшін қажет. Арматураны анықтау аудиосигналдың тоны өзгеруі бойынша, және цифрлы экранның деректері арқылы жүргізіледі. Құралдар 3 негізгі режимде жұмыс істейді:
Арматуралы стерженнің осін анықтау;
Диаметрі белгілі болған кезде құрғаныш қабатының қалыңдығын анықтау;
Қорғаныш қабаты белгілі болған кезде арматуралы стерженнің диаметрін анықтау.
УКС – МГ4 құралы құрылыс материалдарының және таужыныстарының геометриялық өлшемдерін және ақауларын анықтау үшін қажет. Қолданылу аясы: салынып жатқан және эксплуатациядағы ғимараттар мен имараттардағы, гидротехникалық имараттардағы, құрылыс индустриясының кәсіпорындарындағы, ғылыми-зерттеу және құрылыс лабораториясындағы ГОСТ 17624-2012, ГОСТ 24830-81 арқылы бетон және темірбетон өнімдерінің, ГОСТ 24332-88 бойынша силикаттың беріктігін анықтау.
із
Тағы бір тәжірибие күні мен автокад бағдарламасында кестеге қоставрдың өлшемдерін қойдым. Болттарды БСР-ға тексердім. Содан кейін цемент растворының инъекциялау технологиясын (жалпы мағлұматтар, технология, раствор), инъекциялауға арналған қоспаның құрамын, пайдаланылатын жабдықтар және олардың құнын анықтадым.
Достарыңызбен бөлісу: |