Студенттер үшін қосымша ақпарат Тұратын жерлерге орналастыру



жүктеу 70.11 Kb.
Дата20.07.2016
өлшемі70.11 Kb.
Студенттер үшін қосымша ақпарат
1. Тұратын жерлерге орналастыру:

Жабдықталған жатақханалар:

№ 1 жатақхана Төле би көшесі 36 а, орын саны – 512

№ 2 жатақхана Ы.Жахаев көшесі 65, орын саны – 176

№ 3 жатақхана Абай даңғылы, орын саны – 256

Жатақханаларда интернетке қосылған компьютерлермен жабдықталған оқу залдары, өзіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған медицина орталығы және кір жуатын және т.б. орындар бар.


2. Тамақтандыру

Университетте 7 студенттік асхана, «Жігер», «Қаракөз» студенттік кафелері жұмыс істейді.



3. Медициналық қызметтер

Дәрігерлік пунктпен қамтамасыз етілген;



4. Студенттерге қаржылай көмек көрсету

Әлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан шыққан студенттер жолақымен қамтылған.



5. Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі

Университет студенттерінің өзін өзі басқару жүйесі 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. Жүйенің мақсаты – жастарда көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу, ұжымда жұмыс істеуге үйрету, жан-жақты, тәжірибелі маман қалыптастыру. Өзін өзі басқару жүйесі студенттер құқығын қорғауда, жастардың бос уақыттарын пайдалы өткізуде елеулі роль атқарады және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді және түрлі конкурстардың жеңімпаздары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие.

Университеттегі студенттік өзін өзі басқару «Студенттік жастар одағы», «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық қозғалысы, «Студенттік кәсіподақ комитеті», «Ұлағат ұландары» қоғамдық бірлестігі, студенттік деканаттарды қамтиды және жастар саясатын жүзеге асыруға ықпал етеді, университет студенттерінің әлеуметтік белсенділігін қолдап отырады. Өзін өзі басқару жүйесін жүзеге асыратын органдар студенттік деканаттар болып табылады. Олар студенттер арасындағы әлеуметтік проблемаларды зерттейді, материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге ықпал етеді. Олар студенттердің қоғамдық қызметке қызығушылығын оятады, студенттердің мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуына көңіл бөледі.

Ал жатақханалардағы студенттік өзін өзі басқару жұмысын студенттік кәсіподақ комитеті басқарады. Осыған орай жатақханаларда ең белсенді студенттерден Студенттік кеңес құрылды. Студенттік өзін өзі басқару кеңесі өз жұмысында студенттердің тұрмыстық жағдайларын жақсартуға көп көңіл бөледі.

Студенттік деканаттар барлық факультеттерде жұмыс жасайды және олардың тікелей қатысуымен факультеттерде жастар саясаты жүзеге асырылады. Олар факультет деканы бекіткен жоспар бойынша жұмыс атқарады. Міндеті: жастардың бойындағы отансүйгіштік, өмірлік адами құндылықтар мен тәрбиенің қалыптасуын қадағалау; студенттер арасында еліміздің ұлттарының бірлестігі мен татулығын дәріптеу; жастардың бойындағы азаматтық және құқықтық мемлекетті дамытуға белсенділіктерін арттыру;салауатты өмір салтын ұстануды қадағалау; жастардың бос уақыттарында шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, университеттің қоғамдық өміріне араласу және имиджін арттыру мақсатында әр-түрлі іс-шаралар ұйымдастыру қызметін атқару.

Студенттік деканаттар, факультет деканының қолдау көрсетуімен жастар арасында түрлі конкурстар, семинар-тренингтер, акциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізеді.



6. Оқу жағдайы (сабақ оқуға арналған материалдық база)

Университеттің білім беру қызметінде:



  • 10 оқу ғимараты;

  • 944 орынға арналған 3 жатақхана;

  • 2 миллионнан астам кітап қоры;

  • 920 орынға арналған 7 оқу залы;

  • 40 орынға арналған 2 электрондық оқу залы;

  • жаңа үлгідегі 1300-ге жуық компьютермен жабдықталған компьютерлік парк;

  • 64 мамандандырылған оқу зертханалары;

  • 4 шеберхана;

  • 7 студенттік асхана;

  • дәрігерлік пункт;

  • 1 оқу-әскери полигоны;

  • 1 спорттық сауықтыру кешені;

  • 7 спорт залы және 3 спорт алаңы;

  • 1 жылыжай;

  • студенттер сарайы,

  • мұражайлар мен көрме залдары пайдаланылады.

Университет баспаханасынан «Сыр түлегі» жастар газеті мен «Хабаршы» ғылыми-әдістемелік журналы шығады.

Университет жанында:

1.«Агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер» ғылыми орталығы;

2. «Қорқыттану» ғылыми-зерттеу институты;

3.«Физика-химиялык талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы жұмыс жасайды. Зертхана кең ауқымдағы турлі заттардың химиялық анализін жасау міндеттерін шешуге арналған және сертификатталған соңғы үлгідегі талдағыш қондырғылармен толық жабдықталған. (сурет)

ҚМУ жанында мұражай және көрме залы жұмыс істейді. Мұражайда университеттің өнері мен мәдениетінен сыр шертетін 1 көрме залы, 2 этнография, университет тарихын баяндайтын 6 экспозициялық зал бар. Мұражай қорында 3960 экспонат сақтаулы.

Университет кітапханасы Қызылорда облысы оқу орындары кітапханаларының әдістемелік орталығы болып табылады. Қазіргі уақытта кітапхананың жалпы 2 млн. дана басылым бар. Онда сирек кездесетін, ағылшын тіліндегі түпнұсқа әдебиеттер, электронды оқулықтар және миллионға жуық арнайы техникалық әдебиеттер жинақталған. Оқырмандарға екі электронды зал қызмет көрсетеді. Кітапханада оқырмандар конференциясы, тақырыптық көрмелер, жаңа әдебиеттер көрмесі, өнер адамдарымен кездесулер өткізілді.

7. Халықаралық бағдарламалар/тағылымдамадан өту өту/

Университеттің халықаралық байланыс қызметі төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жасауда: шетелдік жоғары оқу орындарымен тiкелей келiсiм шарттар жасау арқылы ынтымақтастық орнату; елшiлiктермен, түрлi халықаралық қорлар және орталықтармен ынтымақтастық жасау; шетелдерде кадрларды даярлау (Ресей, АҚШ, Канада, Түркия, Корея, Италия); оқытушы-профессорлар құрамының бiлiктiлiгiн шетелдерде жоғарылату; шетелдерден мамандар шақырту (АҚШ, Египет, Түркия, Франция, Корея); университетте шетелдік студенттерді оқыту.

Шет елдерде кадрлар даярлау, озық тәжірибелермен алмасу, халықаралық стандартқа сәйкес оқу бағдарламасын жақсарту және көптеген білім саласындағы басқа да мақсаттар бойынша университет соңғы екі оқу жылында Ресей Федерациясының Москва педагогикалық университетімен, Ресей Ғылым Академиясы Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы этнология және антропология институтымен қосымша келісім-шарт, Новосібір мемелекеттік университетімен, Ухта мемлекеттік техникалық университетімен, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетімен, Башқұрт мемлекеттік университетімен, Ұлыбританияның Роберт Гордон университетімен, Түркия Республикасының Бейкент университетімен, Оңтүстік Корей Республикасының Каннам университетінің Орта Азиялық зерттеулер институтымен, Ұлыбританияның Ливерпуль және Карлов университеттерімен, Кореяның Де-Джин университетімен, Новосибирскінің геология және минерология институтымен, Омбы мемлекеттік аграрлық университетімен достық қарым-қатынас орнаған.

Бүгінгі күнге дейін Ресейдің 20 жоғары оқу орындарымен, Украинаның 1 жоғары оқу орнымен, Литваның 1 жоғары оқу орнымен, Кореяның 3 жоғары оқу орны және 3 ғылыми қорларымен, Түркияның 6 жоғары оқу орны және 1 ғылыми-зерттеу орталығымен, Австрия, Италия, Канада, Франция, Қытай, Египет сияқты дамыған елдердің жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынып, 60 жуық ынтымақтастық келісім шарттар мен меморандумдар жасалынды.

Жыл сайын «Болашақ» бағдарламасы өкілдерінің қатысуымен халықаралық қатынастар департаменті университет студенттеріне және оқытушы-профессорлар құрамына презентациялар ұйымдастырып отырады.

Қос дипломдық бағдарлама бойынша Корея Республикасы мен Ресей Федерациясы жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс жасалып жатыр. Қазіргі таңда осы бағдарлама бойынша Кореяда 4 студент және Омбыда – 2 студент магистратурада оқып жатыр.

Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орындарымен жасалған келісімшарттар негізінде Новосібір мемелекеттік университетіне 4 магистрант және Ухта мемлекеттік техникалық университетінде 15 магистрант оқуларын жалғастыруда.

Университетте Түркия Республикасынан – 67, Қытай Халық Республикасынан – 4 студент білім алуда.

Жыл сайын университеттің 40-қа жуық магистранттары Ресей Федерациясының, Түркия және т.б. елдердің жетекші оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан және iс-тәжiрибе жинақтаудан өтуде.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттің университеті тарапынан Еуразия-тынықмұхит университеттерінің Желісі (EURASIA-PACIFIC UNINET), ЖОО-ң еуропалық Ассоциациясы (EURASHE) жұмыстарына қатысу, университеттердің Ұлы Хартиясына қол қою тек оқыту сапасын арттыруға ғана емес, жоғары кәсіби білімнің жалпыеуропалық жүйесі мен Болонья Декларациясы талаптарына жауап беретін ғылыми кеңістікке енуге де үлкен мүмкіндік берді.

Еуразия-Тынықмұхит университететтерінің желісіне мүше болу университет оқытушыларына жылдағы UNINET (ҚХР Нанк университеті, 2010), (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2011), конференцияларына қатысып, баяндама жасауға, ЖОО-ғы жұмыс тәжірибесін еуропалық әріптестерімен бөлісуге, жоғары білім проблемалары бойынша бірлескен халықаралық жобалар орындауға, оқу үдерісіне жаңа білім технологияларын енгізуге мүмкіндік береді.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ АҚШ, Канада, Түркия, Жапония, Нидерландия, Оңтүстік Корея, Египет, Австрия, Франция, Қытай, Ресей, Белоруссия, Украина, Қырғызстан, т.б. алыс және таяу шетелдердегі жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен тығыз байланыс орнатқан. Университеттің халықаралық қатынастар департаментінің қатысуымен 2010 жылы Еуропа Комиссиясының «Геоинформатика: Энергияны, ресурстарды, қоршаған ортаны басқару» атты тақырыпта 510978-ТЕМПУС-1-2010-1-АТ-ТЕМПУС-JPCR жобасын конкурс арқылы ұтып, жұмыс жасауда. Бұл халықаралық жобаға Австрия, Нидерланды, Венгрия және Орта Азияның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Республикаларының 10 университеті қатысады.

Жобаның мақсаты: жоғары оқу орындарында география, геодезия, энергетика және қоршаған ортаға байланысты пәнаралық оқу бағдарламасын өңдеу және 3 оқу жылы мерзімінде «Геокеңістік Менеджменті» жаңа магистрлік бағдарламасын енгізу болып табылады.


8. Спортпен шұғылдану жағдайы/базасы

Студенттер арасында спорттың 8 түрінен, спартакиадалар өткізіледі. Білім алушылар үшін 22 спорт секциялары ұйымдастырылған.



9. Студенттердің демалу жағдайы/базасы

Студенттердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін университетте Студенттер сарайы, 6 спорт залы, 2 жаттығу залы, 2011 жылы пайдалануға берілген «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені жұмыс істейді.



Жатаханалар жанында студенттерді этнопедагогикалық тәрбиелеуге арналған Ұлттық тәрбие орталығы жұмыс істейді.

10. Студенттік қауымдастықтар

Студенттік кәсіподақ комитеті, Студент жастар одағы, Ұлағат ұландары, Қазақстан студенттер алянысы., «Қыран» студенттер жасағы.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет