Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер, тұлғалар лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы



жүктеу 44.19 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі44.19 Kb.
Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер, тұлғалар лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 2021

 

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 576-құжат



 

      "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңның  4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:


      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер, тұлғалар лауазымдарының тiзбесi бекiтiлсiн. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 2003.10.13. N 1046 қаулысымен .
      1-1. Ұлттық Банктiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдарға Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер, тұлғалар лауазымдарының тiзбесiнде көрсетiлген лауазымдардың атауларына олардың қызметiнiң ерекшелiгiн сипаттайтын арнайы қосымша атауларды, сондай-ақ бас, жетекшi, аға деген атауларды қолдануға құқық берiлсiн. <*>
      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2003.10.13. N 1046 қаулысымен .
      2. "Техникалық қызмет көрсететiн және мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарының жұмысын қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 қаулысының  күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы         


Үкiметiнiң 1999 жылғы          
30 желтоқсандағы             
N 2021 қаулысымен             
бекiтiлген                

Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және
мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн
және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер, тұлғалар лауазымдарының тiзбесi

      Ескерту. Тiзбе өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 2003.10.13. N 1046 қаулысымен .



     Ауысымдардың, станциялардың, тораптардың, учаскелердiң,
бөлiмшелердiң, экспедициялардың, құндылықтар сақтау қоймасының бастығы <*>
     Мұрағаттардың, кiтапханалардың, бюро (анықтама,
көшiру-көбейту, машинкамен басу, ақпараттық), топ, кабинет, лаборатория, шеберхана, қабылдау, пункт, қойма, шаруашылық мұражай, касса, сақтау қоймасы (құндылықтарды), өндiрiс меңгерушiсi <*>
     Мұрағатшы
     Кiтапханашы
     Диспетчер
     Инспектор (ic қағаздарын жүргiзу жөнiндегi, рұқсаттама бюросы, өткiзу режимi, касса жұмысы жөнiндегi, инкассация бөлiмi) <*>
     Нұсқаушы
     Кодтаушы
     Кодификатор
     Комендант
     Лаборант
     Методист
     Машинистка (шетел мәтiндерiмен жұмыс iстейтiн диктофондық топтар, редакциялар, бюро, стенографистка)
     Механик (дыбыстық жабдықтарға, тарату техникаларына, теледидар жабдықтарына қызмет көрсету дизельдiк, касса жабдықтарына қызмет көрсету жөнiндегi) <*>
     Оператор (бейне жазудың, дыбыс жазудың, көшiру-көбейту машиналарының, телетайптың, телефакстың, телекстiң, радионың. Электрондық-есептегiш машиналарының, компьютерлiк техникалардың (бағдарламалардың), компьютерлiк қондырғыларға, байланыс, қауiпсiздiк қызметi жүйелерiне қызмет көрсету жөнiндегi) <*>
     Тiркеушi
     Редактор
     Хатшы (-машинистка, -стенографистка, соттың, басшының) <*>
     Статистикашы
     Стенографшы
     Техник
     Фотосуретшi
     Экспедитор
     Нормативтiк құқықтық кесiмдердi жүйелеудi жүзеге асыратын бөлiмшенiң басшысы мен қызметшiлерi*
     Дилинг операцияларын, монетарлық қызметтi жүзеге асыратын, монетарлық операциялар бөлiмшесiне техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн басшылар мен қызметшiлер*
     Көмекшi бухгалтерлiк есептi жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Ұлттық Банк органдарының қызметi мен басшылығын ақпараттық-ұйымдық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын қызметшiлер*
     Тұтастай алғанда ақпараттық жүйелердi, телекоммуникация мен байланыс жүйелерiн жобалауды, стандарттауды, сүйемелдеудi, әкiмшiлендiрудi, енгiзудi және олардың жұмыс iстеуiн жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Қаржылық есеп айырысуларды жүзеге асыратын және қызметкерлердi уәждеудi қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Шаруашылық бөлiмшесiнiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Құжат айналымын, құжаттарды мемлекеттiк немесе басқа тiлдерге аударуды қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Эмиссиялық-кассалық операцияларды, қолма-қол ақшаны сараптауды жүзеге асыратын және банкноттар мен монеталардың дизайны бойынша маркетингтi және шешiмдердi iске асыруды қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң (қызметтердiң) басшылары мен қызметшiлерi*
     Халықаралық және шетелдiк ұйымдармен өзара iс-қимылдар үшiн сапарлар, хаттамалық iс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн бөлiмшенiң қызметшiлерi*
     Корреспонденттiк қатынастар мен төлемдердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Бюджеттi жоспарлауды қамтамасыз ететiн бөлiмшенiң қызметшiлерi*
     Жұмылдыру жұмысын, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын, сондай-ақ режимдiк объектiлерде iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң (қызметтердiң) басшылары мен қызметшiлерi*
     Ақпараттық, өрт қауiпсiздiгiн және техникалық қорғауды қамтамасыз ететiн қызметшiлер*
     Қымбат металдарға қызмет көрсетудi және оларды сақтауды, химиялық талдаулар мен сараптау жүргiзудi қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Банктiк құндылықтар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын және сақтауды қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Техникалық, әкiмшiлiк-шаруашылық, медициналық қызмет көрсетудi, материалдық-техникалық қамтамасыз етудi, жылумен жабдықтауды және энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Мұражай жұмысын қамтамасыз ететiн қызметшiлерi*
     Қоғамдық тамақтану бөлiмшелерiнiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Өндiрiстiк қызметтi экономикалық жоспарлауды жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Өндiрiстiк бөлiмшенiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Өндiрiстiң техникалық дайындығын жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Өндiрiстiк, энергетикалық, желдеткiш, жылу-техникалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсетудi және пайдалануды жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Цехтардың басшылары мен қызметшiлерi*
     Шикiзат, материалдар, жартылай фабрикаттар, дайын өнiм сапасын лабораториялық бақылауды қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары мен қызметшiлерi*
     Ескерту: *осы техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын тұлғалардың атауы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар үшiн көзделген. <*>     


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет