Технологическая карта урока №



бет16/37
Дата26.03.2022
өлшемі2.46 Mb.
#456483
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
информатика сабақ жоспары 2 семсетр

Конструктор мәліметтер қоры объектілерінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі.
SQL – құрылымды сұраныстар тілі (structured query language). Көптеген программалық жабдықтардың стандарты болып саналады. Бірақ SQL мүмкіндіктерінің шектеулігі оны бірсыпыра программаларда кеңейтуге әкеліп соқтырады.
Шебер (Мастер) – белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын адаммен сұхбаттасу (диалог) ісін атқара отырып, қойылған мәселені шешетін керекті мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді. Жұмыс жасауды жеңілдету үшін Шебер жұмысы бірнеше қадамнан немесе кезеңдерден тұрады. Жұмыс барысында өткен кезеңге қайта оралуға немесе онша қажетсіз кезеңді аттап кетуге болады. Программаға Шебер мүмкіндігін енгізу программаларды жетілдірудің бір жолы болып табылады.
Гиперсілтеме – белгілі бір файлға сілтеме көрсеткіш. Гиперсілтемелер Access мәліметтер қорын Internet файлдарымен не басқа файлдармен байланыстыру үшін қолданылады. Сондай файлдарды қарап шығу үшін арнайы программа жұмыс істеуі тиіс. Жұмыс барысында гиперсілтемелер басқа түспен боялып көрсетіліп тұрады.
Форманың конструкторы – форманың макеті жасалатын терезе. Форманы конструктор режимінде ашу үшін мәліметтер қоры терезесіне өту қажет. Онда объектілер тізімінен формалар белгішесін таңдаймыз, сосын керекті форманы таңдап мәліметтер базасы терезесіндегі құрал – саймандар тақтасынан Конструктор батырмасын басамыз. Егер форма ашық болса, онда конструктор режиміне өту үшін құрал – саймандар панелінен Түр батырмасын басыңыз.
Элементтер тақтасындағы Шебер батырмасы – басқару элементтерін құру бойынша шеберлерді қосады және сөндіреді. Шеберлер батырма немесе тізім сияқты басқару элементтерін құруға көмектеседі. Формаларда бағынышты форманы және бағынышты есеп беруді, параметрлер топтарын тізіммен өрістер құру үшін шеберлерді қолдануға болады. Мәліметтерге рұқсат беру бетшесінде шеберлер көмегімен Microsoft Office – тің диаграммасын және ашылатын тізімдер құруға болады. Бұл басқару элементтерін шебер көмегімен құру үшін шебер батырмасы басулы күйде болуы керек. Жекеленген бетшелерде шеберлер орындалмайды, сонымен қатар бетшелер ағымдағы ашық тұрған мәліметтер базасынан басқа әліметтер қорын көрсететін болса шеберлерді қолдануға болмайды.
Зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет