Технологическая карта урока №



бет33/37
Дата26.03.2022
өлшемі2.46 Mb.
#456483
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
информатика сабақ жоспары 2 семсетр

Файлдық вирустар-қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде орындалады.
Жүктейтін вирустар- негізгі жүктейтін жазбаға және жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Яғни операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.
Макровирустар- Word құжатына және Excel электрондық кестесі құжатына вирус жұқтырады. Құжат файлын ашқанда жұғу орындалады.


Компьютерлік вирус сіздердің компьютерлеріңізде көзге көрінбей әрекет жасайды,ол қандай әрекет?Экранға назар аударып вирустар туралы бейнені тамашалайық.(3 минут)

Вирустар бүлдiру тәсiлдерiне қарай:
• резиденттi
• резиденттi емес болып екiге бөлiнедi.
Вирус жұққан программа iске қосылғанда, резиденттi вирустың көшiрмесi компьютердiң жедел жадында жазылып қалады да, олар операциялық жүйеде жұмыс жасаған барлық программаларға жұғады. Резиденттi вирустар компьютер жедел жадында орын алып тұрады да, компьютер iстен шығарылғанға немесе қайта iске қосылғанға дейiн өз жұмысын атқарады. Резиденттi емес вирустар компьютердiң жадында орналаспайды және олардың жұмыс iстеу уақыты шектеулi болып келедi.





Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай вирустар- троян аттары, логикалық бомбалар, ұстауыш вирустар, құрттар деп аталады. Бұл вирустар қолданбалы программаларға еніп соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындайды. Бұлар программалардың қателіктері мен сәйкессіздіктерін пайдаланатын вирустар.
Мақсатына қарайнасихаттаушы, мағынасыз, шантаж жасаушы,бейсауат деген вирустар бар.
«бейсауат» (гуманды) – онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар.
«шантаж жасаушы» — мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын «баяу әсер ететін бомбалар».
«насихатшы»-өзін көрсету мақсатында жасалған.
«мағынасыз»-атынан ақ түсінікті.
Компьютердің вируспен зақымдануының алдын алу үшін:
1. Резервтік көшірме жасау – ақпаратты архивтеу;
2. Ұрлық программаларды көп қолданбау (өйткені олар заңды өнім болып табылмайды);
3. Дискетаны ашпас бұрын вирусқа тексеріп отыру;
4. Антивирустық программаны дискетада сақтау керек, өйткені винчестерде болса, ол да зақымдануы мүмкін;
5. Компьютерді үнемі вирусқа қарсы тексеріп отыру керек.
Ақпаратты қорғаудың бір түрі – резервтік көшірмелерді магниттік тасуыштарда сақтау. Яғни файлдарды дискетте сақтау керек. Егер файл жадтың көлемін көп алып, дискетке сыймайтын болса не істеу керек. Мұндай жағдайларда ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар қолданылады. Мұндай сығылған файлдарды тек дискетте сақтап қана қоймай, компьютерлік желіде байланыс арналары арқылы жіберуге де болады. Сондықтан барлық керекті бағдарламалар мен файлдарды D дискісіне сақтау тиімді, себебі ол пассивті диск болып табылады.С дискісі активті диск болады.Ал вирустың негізгі қасиеті С дискісіндегі бағдарламалар мен файлдарды компьютерден жойып жіберу болып табылады. Бұл мекемеге, өндіріске , оқу орындарында мәліметтердің жойылуына әкеп соғады.Сондықтан «Менің құжаттарым» бумасындағы барлық ақпараттарды D пассивті дискіде сақтаған дұрыс болады.Бұл ақпараттың 100 пайыз сақталуына мүмкіндік береді.
Компьютерді вирустардан қорғау кеңестері
• Антивирустық бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатыңыз.
• Электрондық пошта хабарламаларындағы сұралмаған тіркемелерді ашпаңыз.
• Компьютерді актуалды күйінде ұстаңыз.
• Брандмауерді қолданыңыз.
• Браузер құпиялығының параметрлерін қолданыңыз.
• Браузерде қалқып шығатын терезелерді блоктау функциясын қолданыңыз.
• Тіркелу жазбаларын бақылауды іске қосыңыз.
Вирустардан қорғану үшін қазіргі кезде антивирус программалары бар. Олар осы вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программалар. Антивирустар тек вирустарды тауып қана қоймай, оларды жояды. Антивирустардың бірнеше түрі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет