Семестр: 7
Кредит саны: 7
Пән оқытушысы:
1. Чоров Ж.
|
Пәннің мақсаты: Паразиттердің тірі ағзаға (жануарлар, өсімдіктер т.б.) тигізетін әсері, уланудың негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттеу.
Пәннің міндеттері:жануарлардың улы заттарға деген сезімталдығын білу, уланудың ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен салдарын білу, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудың негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін үрету.
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Паразитологияны зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары. Зоологиялық классификацияның негіздері. Паразиттердің биосферадағы рөлі.Улы заттар және олардың тірі ағзаға тигізетін әсері. Заттардың табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жануарлардың улы заттарға деген сезімталдығын, уланудың ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудың негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін қарастырады.
Пререквизиттер: Мектеп курсындағы биология, омыртқасыздар зоологиясы.
Постреквизиттер:Өндірістік практика
Пән бойынша күтілетін оқу нәтижелері (ПОН):
ПОН 1. паразитизмнің әмбебап табиғи құбылыс ретіндегі мәні туралы сипаттай біледі.
ПОН 2.паразиттердің шығу тегін, ағзалардың бейімделулік эволюциясының жолдарын, олардың жануар әлемінің негізгі таксондарында таралуын сипаттай алады.
|