ІІ. Оқушыларға үйірме жұмысында кесте тігу өнерін оқытып, үйрену әдістемесі 2.1 Кесте өнерін үйретудің тиімді әдістері Кесте өнерін үйретудің тиімді әдісінің мақсаты: Қазақстан картасын бейнелеп, әр түрлі кесте түрлерін үйрету, танымдылық қызығушылықтарын арттырып,шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, өнердегі сұлулықты түсініп, әдептілік ережелерін бойына сіңірген, шығармашылық қабілеті дамыған азамат тәрбиелеу. Оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа шақыру.
Кесте өнерін үйретудің тиімді әдістері ол балаларды ерте бастан еңбекке, алуын түрлі өнер бұйымдарын жасауға тарту мақсат етіледі. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісін, шеберлігі мен дағдысына талапты күшейту. Қазақтың халықтық педагогикасын жеткіншек ұрпақтың санасына сіңіре отырып, қайырымды, ілтипатты қатынас жасау, моральдық қолдау өзіне деген сезімін нығайту, сенім арту, жауапты да қызықты іс әрекетке тарту және оқушылардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, оларға қолдау, көмек көрсету. Сондай-ақ қолда бар затты ұқсата білуге, ол заттың қадір-қасиетін білуге көмек көрсету.
Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдерімен әсер ететін мәлім.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері елдің сана-сезімінде түбегейлі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, еліміздің ішкі рыногын да әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелі – «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы». Бұл тұжырымдамада еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттігінен туындайтын басты – бағдарды айқындайды.
Білім беруді дамытудағы негізгі мақсат – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелегенде қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2030-2050 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: « Білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады» деп атап көрсеткен, яғни, «жаңа» қоғамға « жаңа» сапалы адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет.
Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің жастарға сапалы білім беріп, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан бетбұрыстар оқу – тәрбие процесін жаңашаландыру талаптарын қояды.
Қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер айналадағы ортамен,өмірмен, еңбекпен тығыз байланыста деп ойлаймын. Қолданбалы өнердің әлеуметтік-тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды, сонымен қатар адамдардың өз заманына сай талғамын қалыптастырумен, өткендегі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді.