Жұмыстың мақсаты: халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы- кесте өнерін жаңғырту және жас ұрпақтың өнерге деген құлшынысын арттыра отырып, ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу, ұлттық дәстүрімізді жалғастыру.
Жұмыстың міндеті: ұлттық байлығымызды, ата дәстүрімізді дәріптеу, оқушылардың еңбекке, өнерге деген сүйіспеншілігін оятып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Жұмыстың объектісі: Мектеп оқушыларына үйірме жұмысында кесте тігу өнерін оқытып, үйрету әдістемесі.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Кестелеу – қазақтың қолөнерінің негізгі өнері
1.1 Кесте тігу өнерінің шығу тарихы және оның түрлері
Кесте – өте ерте заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер- көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі. Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл күйін көтереді.
Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол) көруге болады.
Қазақ киім үстіне кестені бізбен түсірген. Ол үшін ілмек сүйек біздер жасаған. Бұл үшін қойдың кәрі жілігінің басындағы жіңішке бөлігі алынып, ол арнайы өңделетін болған. Әрине, қазір мұндай сүйек біздерді пайдаланудың еш қажеті жоқ. Оның орнына кестелерді тігін машиналары түсіре алады және ол сапалы болады.
Кесте ежелден қазақ қыздарына қойылатын талаптардың бірі болған. Қыз атаулы кесте тігуді білетін болған. Халық арасында көп айтылатын «Қойшының қызы қой келгенде кесте тігеді» деген мақалдар содан қалған. «Кестелі орамал» деген ән де бар.
Кесте керемет өнер болғаны соншалық, қазақтар бір кездері алтын жіптермен кесте тіккен. Оны атамыз «зер тігу» деген. Зерленген көйлек, кимешек, шапан аса бағалы болған. Оны хандар, асқан байлар, билер кисе керек. Қазақ әйелдер де ертеден бүгінгі дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері- баспа кесте, қабырға кесте, біз кесте, тығыз кесте, маржандау, түкті кесте және т.б.
Қазақ халқы қыздарды 4-5 жастан бастап кесте тігуге үйреткен екен. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастарқан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы кестеленген. Олар 15-16 жасқа келгенде тұрмысқа шығар заттарды кестелеп, дайындап қоятын болған.
Әлемнің әр елінде ерлер де, әйелдер де айналысқан, кесте тігудің алуан әдісі бар. Айқаспа кесте – ежелгі қолөнер түрінің бірі. Кестелеу – киімнің ең негізгі танымал, сәнді бөлігі.
Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата.
Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Еуропада кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің белгісі ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастархан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы кестеленген.
Қазақ әйелдері де ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері – «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте» және т. б.
Кесте – сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әредік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геометриялық кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі.
Кестелеу өнері ертеден келе жатқан халық өнері. «Өнері таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән - мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі кестелеу өнері. Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Мысалы: ұлттық киімдерді, бас киімдерді, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге болады.
Кесте түрлері: Біз кесте шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңгейде дамыған. Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірілген, бейнені ою - өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Біз кестеде матаға сызылған ою - өрнекті сызық бойымен кестелеп, сонан соң ішкі жағын түрлі өңді жіптермен толтырамыз.
Баспа кесте материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады.
Әредік кесте - матаның әр жері әшекейленіп, бөлек - бөлек өрнек салынады. Тақия, балақ, өңір, жаға, етек, әйелдердің тымағы сияқты зат бөлігіне тігіледі.
Оюластырып кестелеу маталарды бөлек - бөлек кестелеп, оюластырып жапсыру. Бір матаның бетіне екінші матадан тігілген фигура салынып шет жақтары әртүрлі кесте тігістерімен тігіледі.
Маржандап, моншақтап кестелеу әйелдер бас киімдеріне, тақия, сәукеле, өңір, қол дорба қамзолдар және сән - салтанатты киімдерді маржандап, моншақтап кестелейді.
Кесте тігуге қажетті негізгі құрал - жабдықтар.
Инелер, дөңгелек және төрт бұрышты кергіштер, қайшы, оймақ, түйреуіштер, жіптер,маталар.
Достарыңызбен бөлісу: |