Жаңа сабақты пысықтау.
Оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендігін тексеру үшін тақырыпқа сәйкес тест сұрақтарын дайындап, оқушылар білімін байқау.
Жаңа сабақты қортындылау.
Оқушылардың білімін ескеріп, жасаған практикалық жұмыстарын тексеріп бағалау.
Үйге тапсырма.
Практикалық жұмысын сәндік жастықшаға кесте тігу және қол тігісті үйді аяқтап, тест сұрағына үйде дайындалып келу.
2.3 Оқушыларға кесте тігу өнері бойынша сарамандық жұмыс жүргізу
Ең алдымен сарамандық жұмысты бастамас бұрын оқушыларға қауіпсіздік ережесімен таныстырып өту.
Қауіпсіздік ережелері:
1. Қайшыны жолдасына сабымен ұсын.
2. Қайшының ұшын сабымен көтерме.
3. Өтпейтін, тозған қайшымен жұмыс жасама.
4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқанда көңілін бөлме.
5. Инемен дұрыс жұмыс істе.
6. Инені аузына жақындатпа.
Енді
Сарамандық жұмыс:
1. Суреттер, дайын үлгілерді көрсету. Кестеге тігуге қажетті жіптің түрлерін таңдап алу.
2. Сұрақ - жауап (ауызша)
* Кестелеуге қандай жабдықтар қолданылады?
* Кестелеуге қандай жіптер немесе таспа, т. б. заттар қолдануға болады?
* Кесте тігуге кергіш не үшін қажет? Қандай тігіс түрлерін және атауларды білеміз?
3. Жұмыс реті:
* Кесте инемен, бізбен, әр алуан түсті жіптермен, әсемдік таспалар, бисер және моншақтар қолданылып тігіледі.
* Иненің жуан, жіңішкелігі материалдың қалыңдығына және жіптің жіңішкелігіне байланысты болады.
4. Технологиялық нұсқау картамен жұмыс.
Кесте тігуге мата дайындап, оларды арнайы өлшем бойынша пішіп, кергішке керіп әзірледік. Таңдаған нәрсенің суретін салдық
Қазір сабағымызда, таңдаған баспа, шым кесте тышқан із тігіс түрлерін орындаймыз.
1 - әдіс: Шым кестемен өсімдіктің жапырақтары, гүл, сондай – ақ геометриялық ою - өрнектер кестеленеді. Кестенің бұл түрін кез - келген матаға түсіруге болады. Мұндай кесте орамалды, киімді, дастарқанды безендіреді.
2 - әдіс: Тышқан із тігісі – тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір – біріне тіркесе тігіледі.
3 - әдіс: Баспа тігісі – тік, көлденең және қиғаш болып әр түрлі түсуі мүмкін. инені матаның оң жақ бетіне шығарып, жоғары қарай бір тігіс түсіреді. Тігіс жиі, ашық жері қалмай орындалуы тиіс.
5. Жеке дара жұмыс.
- Көрсеткен әдістер бойынша оқушылар жұмыс істейді.
Кесте тігістерің көлемі біркелкі әдемі, ұқыпты, таза сапалы болуы керек.
Әр қатар өздерінің тіккен тігіс түрлерін ортаға шығып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |