«Технология» мамандығы Ақтөбе, 2016 Мазмұны


Халық қол өнерінің тәрбиелік мәні



бет4/9
Дата23.12.2023
өлшемі59.65 Kb.
#487763
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.3 Халық қол өнерінің тәрбиелік мәні

«Жігітке жеті өнерде аз», «Шебердің қолы ортақ» сынды мақал-мәтелдерді кейінгі ұрпақтарына мирас етіп қалдырған қазақ халқында өнерді сан алуан түрі де сан алуан. Солардың бірі- қиындығы инемен құдық қазғандай әрі ісмерлікпен қоса, асқан табандылықты,ыждағаттылықты қажет етеді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде халықтық қол өнерінің де тәрбиелік мәні зор.


Ол оқушыларды сұлулықпен әсемдікке,табандылық пен ыждағаттыққа тәрбиелейді.Тек зергерлік өнерді алайық бұл –ауқымы жағынан шағын болып көрінгенмен өте нәзік күрделі өнер.Халықпен бірге жасасып,біте қайнасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп келе жатқан көненің көзі-үлкен тәрбие мектебі.
Зергерлік –жалпы адамзатты,оның ішінде жас жеткіншектерді сұлулықпен әсемдікке құштарлыққа, талғампаздық пен тазалыққа тәрбиелейтін өнер.Өйткені зергердің қолынан шыққан бұйымдардың бәрі-сәндік,әсемдік заттары. Бұл зергерлік заттарды,әсіресе күміс ер, күміс жүген, өмілдірік,құйысқан, тартпа айырбасы,үзеңгі,торсық секілді тұрмыс-салт әбзілдері мен қазақи киім үлгілерінен көптеп кездестіреміз ой салып қараған адамға осы атаулардың өзі ақ зергерлік өнерінен мол хабар беріп тұрғандай.
Мысалға зергер деген сөздің өзі алтынмен жұмыс жасайтын адам деген ұғымды білдіреді.
Кез-келген зергерлік бұйымның халықтық көркем ойдың көрнісі екенін ұмытуға болмайды. Зергерлік бұйымдардың жасалуына мән берген оқушы ондағы неше бір түрлі ою нақыштарын ,өрнектерін көре отырып, бұл бұйымның қалай жасалғанына мән береді.
Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді де, олардың әрқайсысы өз атауларымен аталады.
Батырып тігу. Бұл былғары, киіз, көрпе сияқты қалың заттарға ғана қолданылады. Оның үстіңгі оң жағы өте жиі шаншылып, ал астыңғы жібі қатты тартылып алыс шаншу арқылы үстіңгі жіпті сіңіріп отырып тігіледі. Шебер неғұрлым жіптің оң бетте көрінбей тұруын қарастырады.
«Бұзау тіс», тұмарша орындалу жағынан қарапайым, жүрдек тігістер. Бұзау тіс екі жапсарды қосатын тігіс. Бұл әдіспен көбінесе қалың киіз, жабағы сияқты заттарды шеттестіріп тігеді. «Бұзау тіс» тігісі заттың шетін кезек түйреп алып, жапсардан өткізіп отыру арқылы орындалады. Тұмарша тігісін көбінесе орамалдың шетін жинауға қолданады. Бұл тігіс матаның шетін бекітіп, соның ізімен қайта жөрмеу арқылы орындалады.
Бүрме тігіс әр түрлі желбірлерді, қос етектерді бүре жап сырғанда, бүрмелі жағаларға, етіктің басын қалыпқа салып ұлтарақшаға жапсырғанда, бір заттың шетін жинай тіккенде қолданылады. Бүрме тігістер көбіне екі қатар жүргізіледі. Мұнда иненің әрбір шаншымы сиректеу келеді де, жіптің бүре тартылуымен жиырыла тігіледі. Бүрмелердің қатпар жасалып, тізбелей жиырыла тігілуі мүмкін.
Есіп жөрмеу — көбінесе су таситын қарын, мес, матадан, кенептен тіккен сондай ыдыс қапшықтардың шеттерін тіккенде, кейде орамалдың шетін бүге тіккенде қолданылады. Ондай заттардың қусырындысын, шеттерін сол қолдың көмегімен ширата бүктемелеп отырып жөрмеп тігеді. Сонда шет бүктесін тігісі ескен сияқты болып өз - өзіне кіріге жұмырланып түседі.
Жапсырма тігу — бір заттың бетіне жамау салып жапсырғанда, әдіптердің шетін тіккенде, әдіп орнына лента сияқты кенерелі заттарды бастырғанда қолданылатын әдіс. Мұндайда жапсырылатын материалдың шетін түйреп шыққан ине астыңғы материалдың үстінен (жапсырмаға, жамауға соқпай, тек оның іргесінен ғана) төмен шаншылады да, үстіне қарай жапсырманы қоса түйреп шығып, алғашқы бағытын қайталай береді. Бұлай етіп тіккенде жапсырылған заттың шеті жинала басылып отырады.
«Қабырға» тігіс қол инемен көркемдеп тігу әдісінің бір түрі. «Қабырға» тігісімен ұзынды - қысқалы жарыса тігілген ұзын сызықтар арқылы ендірме, бастырма, қабырға өрнектері тігіледі. Қабырға тігісі екі сызықтың арасымен немесе матаның бетіндегі тоқыманың белгілі бір жолағымен үнемі біркелкі етіп көлденең орай шаншып отыру әдісі арқылы тігіледі.
Киімнің бойын, шалбардың балағын, жеңді, олардың екі шетін жалғастыра тігу ісін қусыру деп атайды. Мұндай тігістерде жөрмеу, тепшу, қаю, өбістіру, тебе тігу сияқты тігіс әдістерінің түрлері қолданылады.
«Таңдай» тігіс — бұл да көркемдеп тігу істерінде қолданылатын әдіс. Оны үш сызықтың үстімен, үнемі қиғаш шаншып тігілетін «қос қабырға» мәнерімен орындайды. Мұндай кестелі тігістермен кимешектің жақтарын, жаға - қақпаларды, жеңнің аузын, кестеленген материалдардың шеттерін өрнектеген.
«Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары көтеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді.
Бұл оқушылардың ой-өрісін дамытады және шеберлігін артыра түседі.Қазақ шеберлері мен зергерлері туралы да аңыз- әңгімелер көптеп кездеседі.Назар аударатын бір жайт-халық шеберлері туралы сөз болғанда үнемі жылы ықылас,ыстық пейіл қоса қабат жүреді.Қай туындыны алып қарасақта,халық арасынан шыққан ісмердің ел сүйіктісі,патша менханның қалаулысы болып жүргенін көресіз.
Қазақстаның барлық өңірінде де халықтың қол өнердің дамуына мол мүмкіндігінше жағдай жасалынатын болса, талай халық шеберлерінің талантына табынатын көздер туып та қалар. Көркем ойлаудың жүйесін халық шеберлері мыңдаған жылдар бойы қоғамның эстетикалық талғам деңгейіне әсем үйлестіріп,өрнектер жасап отырған. Қазақтың ұлттық өрнегін жасаудың өзіндік жүйесі белгілі бір ерікшелігі бар. Оларда көбінесе айналадағы өмір құбылыстарының түрлі нышандары көрніс табатыны зерттеуші ғалымдар,әр кезде де айтып келеді.Көптеген ұрпақтың шығармашылық ой-қиялдарының нәтижесінде ерікше тылысым белгілерді бейнелеу дәстүрге айналған.Қазақ қол өнерінде жануарлық,космогондық,өсімдік,геометриялық және тағы басқа әуендер кеңнен байқалады.Олар бір-бірімен жақсы үйлесім тауып,ара жіктері нәзіктікпен әдемі ұштасып жатады.Тіпті кейде әр стильдің өзіндік ерікшеліктері бір-бірімен сабақтасып,жымдасып білінбей кететін тұстары да көптеп кездеседі.Ұлттық өрнектерде жануарлық,космогондық,өсімдік әуендері сияқты өрнектер жиі кездесіп ұрпақтың шығармашылық ой-қиялдарының нәтижесінде ерікше нәтижелерге ие болады.
Сонымен қол өнердің жас ұрпақты табандылыққа, әсемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеуде алатын орны ерекше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет