«Технология» мамандығы Ақтөбе, 2016 Мазмұны



бет8/9
Дата23.12.2023
өлшемі59.65 Kb.
#487763
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қорытынды.
Кесте тігу өнерін дамытуды насихаттауымыздың мақсаты қолөнерді сақтап қалу, дәстүрімізді жалғастырып, кешегі қажеттіліктен туындаған өнерді бүгіні жастарды тәрбиелеуге пайдалану, өнерге баулап тәрбиелеу.
Жұмысты жазу барысында көптеген зерттеме жұмыстарын жүргіздім. Өз жұмысымның ерекшілігі қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық қолөнер туындыларын зерттей отырып, кесте өнерін меңгердім. Жалпы, кесте өнерін зерттеу барысында, оның түрлері, жасалу жолдары, тарихы айтылған. Адам, қоғам үшін кесте өнерінің жасалуын зерделей келе қолөнер байлығымыз екенін білдім. Кесте-қызық, әрі құнды өнер. Ол ұзақ ізденісті, ыждағатты қол еңбегін қажет ететін іс. Шын шеберлікке қоса табандылықты талап етеді.
Бүгінгі күні технология сабақтарында дәстүрлі және ұлттық қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге тәрбиелеумен қатар ата- бабамыздан қалған салт- дәстүрді насихаттау заман талабы.
Қолөнер үйірмесінің мақсаты: оқушыны қызықтыратын қолданбалы өнер түрінен жан-жақты білім беру, үйрету. Кез- келген бұйымның, туындының, жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсете білсек оқушы шығармашылықпен іске кіріседі. Оқушы қызығушылығы артқан сайын, еңбек үстіндегі шығармашылық ізденудің нәтижесінде қолөнер туындысының жаңа түрлері жасалынады. Оқушының бос уақытын тиімді пайдалануға, пайдалы іспен шұғылдануға және еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Өз қолымен дайындаған бұйымның эстетикалық талапқа сай болуы үшін биік талғамын, шеберлік дағдысын қалыптастырады.Әр балада қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы шығармашылық жұмыстарын жүргізе білген жөн.
Шығармашылық пен өнер егіз ұғымдар. Сондықтан ,шығармашылықтың қозғаушы күші – әр алуан өнердің түрі болып табылады.
Шығармашыл бала өзінің қабілетін , күш –қуатын ,бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді.
Қазіргі күнде ата-бабамыз айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр.Қолөнер десек ,онда оның көптеген түрлері бар: «құрақ құрау”, “кілем тоқу”, “түп киіз тоқу “ , “сырмақ басу “, “кесте тігу “ сияқты .Әр халықтың өзіне тән өнері, тілі, салт-дәстүрі бар. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Көшпелі болғанымен олардың рухани болмысы көшпелі болған емес . Біздің заманымызға бабаларымыздың өсиет үлгісі , өнері арқылы жеткен. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан –сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениетіміздің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз cегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау,кесте тігуді ,ас пісіруді үйретсе , ұл балаларымызға таспа тілу , өрім тоқу , мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан.
Қазақ халқының қолөнерінің аса қымбат, қайталанбас сұлулығын, ғажайып көркін кесте өнерінен көреміз. Көптеген шеберлер аса көркем заттар мен туындыларын қалдырған. Халық қолөнер кәсіпшілігі қамқорлыққа алудың нәтижесінде қазір қайта жанданады.
Курстық жұмысымды қорыта келе, түйген өзіндік ой-пікірім:
-кесте өнері арқылы халықтың, салт-дәстүрін білу;
-кесте өнері-есте сақтау қабілетін дамытады, түстерді жақсы айыра білуге дағдыландырады.
-кесте өнері-өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты, шеберлікті талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет