«Технология» мамандығы Ақтөбе, 2016 Мазмұны


Кесте тігу өнерін оқушыларға үйретудің сабақ жоспары



бет6/9
Дата23.12.2023
өлшемі59.65 Kb.
#487763
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2.2 Кесте тігу өнерін оқушыларға үйретудің сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Кесте тігу
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды қолтігістері арқылы шеберлікке баулу. Кесте тігу өнерін үйрету барысында оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке, көркемділікке, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Технологиялық карта, сөз-жұмбақ, қол тігістің түрлері, кесте түрлері, сәндік жастықтар
Қажетті құрал-жабдықтар: Бір түсті мата, түсті кесте жіптер, ине, қайшы, кергіш, бор, үлгі, калька қағазы
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабақ өтуге дайындау, сынып кезекшілігін дайындау,қауіпсіздік ережесін сұрау және үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап әдісінде кеспе қағазды пайдаланып оқшылардың білімін пысықтау.
II. Жаңа сабақты өту:
Өрнек- бұл қандай да бір зат немесе бұйымдарды сәндеуге арналып бір элементті бір ырғақпен қайталай отырып құрастырылған немесе бүгін композиция құрайтын сурет.
Кесте өрнек құрастыру кезінде суретші нұсқаға қарап нобайлар жасайды. Қазақ сәндік бұйымдарын кестелегенде көбінесе кесте тек тұрмыстық бұйымдарды сәндейді, бірақ ол өзінше жеке мәнге ие бола алмайды. Ал, бұйым кестенің көмегімен ғана көркем де сәнді болып бағалана алады. Қазақтың ұлттық, жануарлар, өсімдік бейнесіндегі геометриялық ою-өрнектерін таңдайды. Олар өзін кестеленетін бұйымның түріне, материалдық фактурасы мен кесте түріне қарап қолданылады. Мысалы геометриялық өрнектерді көбінесе ірі тоқылған маталарға айқас тігісінен кесте тіккенде салады.
Кестеленетін кестенің қай түрімен немесе қандай жіппен тігуіне байланысты түрлі етіп салуға болады.
Өрнекпен бұйымның барлық жері тегіс немесе оның жеке бөліктері дастархан шеті, жастық қаптың ортасы т.с. кестеленіп сәнделеді. Өрнектің барлық бөліктерінің өлшемдерін дұрыс орналастыру керек. Ереже бойынша кесте белгілі бір геометриялық формамен шектелген жазықтық бетіне түседі, мысалы төртбұрышты дастархан, үшбұрышты шәлі, дөңгелек формалы жастық қап.
Қазақ кестелері негізінен симметриялы болып келеді. Өрнектің орналасуы бұйым түрі мен шебердің ойластыруына байланысты.

Түс. Кестеленетін бұйымға жіптерді дұрыс таңдау үшін түстердің үйлесімділігін, олардың бір-біріне әсерін ескеру керек. Түстік оң-бұл әрі бір-бірінен ажыратуға көмектеседі (жасылды көктен, көкті көгілдірден т.с.с.) Мысалы, қызыл түске диаметрлік қарама-қарсы түс жасыл сарымен үйлесімділігі. Ақ қарамен, қара сұрмен, ақпен. Барлық жағдайда олардың үйлесімділігіне екі түстің бірі үлкен ықпал береді. Түс нәрсенің формасын және өлшеніп көз мөлшерінде өзгертіп көрсетеді. Ашық және түстер үлкейтіп нәрсені бізге жақындатады. Бұл ерекшелікті өрнектің қандайда бір бөлігін ерекшеліп көрсету үшін пайдалану керек. Жіптердің түсін бұйымның түріне, көлеміне және өрнектің қалай орналасатынына қарап таңдайды. Ереже бойынша фонға (мата түріне) қосымша орын, ал өрнекке негізгі деп қарау шарт. Фон өрнектен ашық болып ерекше көзге түспеу керек. Түстік шешім сонымен бірге кестенің орындалу техникасына да байланысты. (Айқас тігіс, шым кесте, әредік кесте т.б.)


Мата мен жіп таңдау.
Мата мен жіпті болашақ бұйымның түріне, өрнекке және кестенің орындалу техникасына қарап таңдайды. Мысалы, дастархан, қол орамал сияқты үй жиһаздарына шым кесте оындайтын болсақ лавсан қосылған лен матасын және түрлі түсті бірнеше қабатталған жіптер таңдаймыз. Ал, әредік кестемен көркемделген жейде орындағымыз келсе онда жұқа мата (маркизет, ситец) м ен бір түсті қабатты мулимен жіп аламыз. Айқас тігісті кесте тігу үшін ірі тоқылған лен немесе жартылай лен маталар таңдаған дұрыс.
Ойма кесте орындау үшін негізге жібі мен арқау жіптерді бірдей жуандықпен тоқылған мата алу керек. Мұндай кесте үшін жартылай лен болады.
Салынған өрнектің сызығы бойымен кестелеу үшін лен, жібек, жүн, сукно, клетка, жолақ түскен , тіпті күрделі құрылымы (егер олар, әрине, кестенің өрнегімен көлемімен үйлесетін болса ) маталар бола береді.
Кесте тігу үшін лен, мулине жүн, штапель, жібек, синтетиклық жіптер түстерінен пайдалануға болады. Жіп мықты бірқалыпты боялған, сумен күнге оңбайтын болу керек. Жіптің мықтылығын оны қолмен созып көреді, жақсы жіп үзілмейді және шиыршықталып тұрады.
Мулиненің бумасын ашып, оны түйінделген жерінен қияды. Жіп жазып 50-60 см жобасында бірнеше бөлікке бөліп барлық жіптерді қосып жіпті ішінен оңай суырып алуға болады.
Кесте тігуге дайындық.
Бұйымға кестені пішімі кесілмей тұрып немесе кесілген пішімге тігу керек. Бірінші жағдайда бұйымның бөлігіне пішіп бойынша сызықтар түсіріліп, оның ішіне өрнек салынап, содан кейін ғана кестеленеді. Қарапайым, күрделі емес өрнектерді дайын бұйымдарда кестелей беруге болады. Өрнекті көшірерде матаның астына қатты қағаз немесе ағаш тақтайша қою керек. Жазық матаға кесте түсірерде (дастархан, қол орамал т.с.с.) матаның шетін тегіс қию үшін шетіндегі бір жіпті суырып алып тастаймыз, пайда болған түзу сызықтың бойымен қиып шығамыз. Матаның енін де ұзындығын да осы әдіспен қияды.
Дастархан жиектерін көркем тігіс түрлерімен кестелеуде матаға жіптерін суырып алып тастау арқылы түсіреді. Көлденеңнен, тігінен суырылған жіптердің арасынан пайда болған тік төртбұрыш, төртбұрыштар арасына негізгі өрнектер көрсетіледі. Ал, суырылған жіптің үстіне өрнектің қосымша тігісі түседі. Егер өрнек геометриялық, ал мата біркелкі жіптермен тоқылған болса, оны матадағы жіптерді есептей отырып орындауға болады. Ал, кесте түрі мата структурасына байланысты болмаған жағдайда (шым, біз әредік кестелер) өрнекті мата бетіне көшіріп салу керек.
Суретті матаға көшіру.
Бірінші кезекте түп нұсқадағы өрнек жақсы ұшталған қаламмен калька немесе милиметрлік қағазға көшіріледі. Содан кейін ғана барып матаға көшіру керек.
Суретші көшірме қағаздың көмегімен түсіру. Алдын ала үтіктелген матаны тегіс жазықтыққа (үстел, тақта ) тегістеп жаяды.
Сызықпен немесе іші толтырылған (сабақты, бір жақты шым) кестеге арналған өрнек салынған кальканы түйреуіштер арқылы матаға бекітеді.Кальканың астына майлы бетін матаға қаратып көшірме қағаз салады да, өрнек сызығы бойымен өткір ұшталған қаламмен сызып шығады. Мүмкіндігінше көшірме қағаздың түрлі түсін алып қойған дұрыс. Ашық түсті маталар үшін қара түстес маталарға ашық (ақ, сары) түсті көшірме қағаздар пайдаланылады.
Өрнек сызылып боялған соң, көшірме қағазды алып тастап, кальканың бәр жағының ғана түйреуіштерін алып тастап, суреттің матаға дұрыс көшірілгендігін тексеру керек. Содан кейін ғана кальканы алып тастайды. Геометриялық өрнектерді (есептеп тігетін жіптер үшін) де осылай көшірме қағаздың көмегімен көшіруге болады. Бұл үшін жуан иненің ұшымен (мектеп циркулының аяғымен) милиметрлік және көшірме қағазда өрнекте көлденең, тік сызықтардың түйіскен жерлерінен тесіп шығады. Матада нүктелерден құралған өрнек пайда болады.
Мата мен жіп кірлемес үшін бұрын пайдаланған көшірме қағазды пайдаланған дұрыс. Жаңа қағазды пайдаланбас бұрын, оның майлы бетін құрғақ мақтамен немесе матамен сүртіп тастау керек.
Тігіс түрлері.
1.Жай тігістер: қаю, көктеу, бүгу, тепшу, жапсырма қауыстыру, қабу, сыру, торлау, бүрмелеу, ілгектеп тігу, шарбақтап тігу және т.б.
2.Көркем тігістер: айқас тігіс, алтындап тігу бедерлеп тігіс, кесте тігіс, зерлеу, оқалау және т.б.
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында сөз жұмбақ пайдалану.
Практикалық жұмыс.
Бұйымды қол және кесте тігістерімен тігу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет