ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Өндірістегі сұйықтардың араласу процесінің автоматтандырылуын жобалау.
Кіріспе бөлімінде жалпы автоматика туралы жазылды. Әрбір болып жатқан процестің автоматтандырылуы адам өміріне қауіп төндірілмей, көп шығынға ұшыратпай пайда табуды негіздейді. Осы бөлімде технологиялық процестің автоматтандырылуының негізгі функциялары қарастырылды.
Технологиялық бөлімде сұйықтарды араластыру процесі және оның сипаттамасына тоқталдым. Сұйықтарды араластыру процесі туралы жалпы түсінік жазылды.
Арнайы бөлімде сұйықтарды араластыру процесінің жүріп жатқан кезін қарастырдым, яғни ол қалай жүреді, оны қалай және ненің көмегімен бақылауға болатыны туралы. Сұйықтарды араластыру процесі жүруі үшін керекті автоматтандыру құрылғыларына тапсырыс беру спецификациясын құрдым.
Есептеу бөлімінде стандартты тарылтылған қондырғылардағы қысымның шамасының түсуі бойынша шығынды анықтап, шығынды анықтау қателіктерін есептедім.
Графикалық бөлімде автоматтандыру функциональды схемасы мен принципиалды электрлік схема қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |