Технологиялық процесті автоматтандыру жүйелері мына функцияларды орындайды


ТАРАУ. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ



бет9/11
Дата02.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#453095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
сагынай ДУРЫС

4 ТАРАУ. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
4.1 Автоматтандыру құрылғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі

Өндірісте қауіпсіз жұмыс атқару үшін қоршаған ортаны ластамау керек, аймақтың газбен ластанбауын бақылау керек, барлық жүргізіліп жатқан жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек және сонымен қатар барлық жұмыс жасап жатқан қызметкерлердің денсаулықтарына нұқсан келмеуін қадағалау қажет. Осы мақсаттарды іске асыру үшін кәсіпорында болуы мүмкін апаттарды жою жоспары жасалады. Онда нақты ісшаралар, апат көзін жою үшін жауапты адамдар, адамдарды қауіпті аймақтан көшіру жоспары жасалады.

Жыл сайын барлық болуы мүмкін апатты жағдайларды қарастырып және оларға оқу жаттығу іс-шараларын өткізу графиктері жазылып, оны аға мамандармен келісіп, бекітіледі. Ай сайын болуы мүмкін апаттардың көзін жою жаттығулары жүргізіліп, оның нәтижелері болуы мүмкін апаттарды жою жоспарының тіркеу журналына тіркелуі тиіс.

Бұл қондырғы жарылу жану қаупі бар, зиянды өндірістерге қатысты. Негізгі технологиялық процесті қауіпсіздік кіріспесі болып, технологиялық басқару нормаларын, технологиялы инструкциялар және техникалық регламенттер сақтау болып табылады.

Қондырғыда жұмыс істеуге мұнай химиялық заттармен жұмысқа денсаулығы жарамды адамдар жіберіледі. Цех қызыметшісі технологиялық схема және процесті оқыған, білімі аттестацияланған және өздігімен жұмыс жасау үшін мамандандырылған куәлігі болу керек.

Қызмет етуші тұлға келесі негізгі ережелерді орындау қажет:



  • ауысым басталар алдында жұмыс орнын тексеру, технологиялық процестің

жағдайын, құрылғы жұмысын, оның тығыздығын, электр құрылғыларының жөнделгенін, өртке қарсы құрылғының жағдайы жөнделуіне тексеру жүргізу керек, ал қауіпсіздікті туғызатын ақаулар байқалған жағдайда оларды жоюдың шараларын қолдану керек;

  • «Қондырғы жұмысының технологиялық режимінің нормалары»

технологиялық регламенттің бөліміне сәйкес технолгиялық режимді жүргізу;

  • Газдың және мұнай өнімінің жіберуін байқаған жағдайда, бұзылған

аумақыт ағытып және жіберуді жою шараларын қолдану

  • Сыйымдылықты қондырғының толып кетуіне жол бермеу;

  • Қондырғының маңына ашық отпен жүруге болмайды;

  • Қондырғы маңында темекі шегуге тыйым салынады;

Барлық ысырмалар мен винтельдерді тоқтау кезінде үнемі айналдырып майлап тұру қажет.

Қысым астында тұрған фланецті жалғанған бекітпелерді тартуға болмайды, ол үшін қысымды жіберу қажет.

Манометрлер, термометрлер, шығын өлшегіштер олардың тексерілуі және қызыметі нұсқауларға және стандарттар комитетінің ережелеріне өлшеулер және өлшеуші приборлар талаптарына сәйкес болу керек.

Манометрлермен КИП иА приборларын тексеру жылына бір реттен кем болмауы керек және график бойынша өткізіледі. Манометр циферблатасында құбырөткізгішьің аппаратының жұмыс қысымына сәйкес қызыл белгі еңгізілген болу керек.

Барлық жүргізілген тізбектрде шығын өлшегіштер қондырылу қажет. Олар арқылы есепхатты еңгізіп шығару үшін тіркейтін орталық деспетчерлік пунктке шығынының дибитінің шамасы жіберіледі.

Автоматтандырылған құралдары пайдалануға келесі ережелер мен нормалар сақталады.

Басқару қалқандарында, пульттерінде және беттақталарында орналасқан бақылау – өлшеу аспаптардың басқару, дабылдау мен қоректену сұлбаларында оларда кернеудің бар екені туралы дабылдауы болады. Бақылау-өлшеу аспаптары байқау мен реттеуге ыңғайлы және қауіпсіз орындарда орналасады.

Бұзылған немесе тексеру мерзімі өтіп кеткен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалануға тыйым салынады.

Өлшеу құралдарын тексеру, қайта құру және жөндеу жүргізу пайдалану құжаттарымен сәйкес жүргізіледі.

Электр аспаптары мен қалқандары жерлестіріледі.

Бақылау – өлшеу аспаптары жарықтандыру нормаларына сәйкес жарықтандырылады. Өзара байланысты учаскілер арасында қатты дауысты немесе телефонбайланысы орнатылады. Жеке жағдайларда қауіп туралы ескерту үшін бір уақытта қосылатын дыбыс және жарық сигналдаулары қолданылады. Жоғары деңгейдегі шу орындарында тек пульстік әрекеттегі немесе бағытталған жарық сигналдары қолданады.

Жұмысы автоматтық, баптау немесе қол режімінде қарастырылған жабдықта оның осы режімдерге қосылғанын білдіретін дабылдауы болады.

Байланыс және дабылдау құралдары қызметкерлер үшін максималды көру және есту аймақтарында, сондай-ақ жеңіл қолжетімді және қызмет көрсетуде қауіпсіз жерлерде орналастырады.

Автоматтандыру, дабылдау, қашықтықтан басқару аспаптары мен қорғаныс блокталу құрылғыларына олардың түзу жұмысын қамтамасыз ететін үнемі бақылау жасалады.

Автоматтандыру аспаптары мен құралдарын реттеу, жөндеуді тек бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдары қызметінің қызметкерлері жүргізеді (әрі қарай - БӨАжА).

Электр қозғалтқыштарын, электр желілерін, іске қосуды реттегіш, бақылау-өлшеу және қорғау аппаратураларын, сондай-ақ бақылау, автоматтандыру, дабылдау құрылғыларын орналастыру, құрылысы және пайдалану «Электр қондырғыларын пайдалану Ережелеріне», «Тұтынушылардың Электр қондырғыларын техникалық пайдалану Ережелеріне» және «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану барысында қауіпсіздік техникасының Ережесіне» сәйкес болады.



Электр станцияларының және қосалқы станциялардың жұмыс істеп тұрған электр жабдықтары бар (басқару, релейлік және соған ұқсас қалқандарды қоспағанда) үй жайларда, жабық тарату қондырғыларында (бұдан әрі – ЖТҚ) және ашық тарату қондырғыларында (бұдан әрі – АТҚ), құдықтарда, туннельдерде және орларда болатын, сондай-ақ ӘЖ қызмет көрсетуге және күрделі жөндеуге қатысатын барлық персоналға қорғаныс каскаларын пайдалану қажет.

  1. Жұмыстарды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шаралар. Бірінші

реттік тізбектерге қатысты электр қауіпсіздігімен қамтамасыз ету шарттары бойынша электр қондырғыларындағы жұмыстар төрт санатқа бөлінеді:

1. кернеуді алумен (туынды және туындысыз кернеумен);

2. электр қорғау құралдарын пайдаланумен кернеуді алмау;

3. тоқ өткізгіш бөлік әлеуетіндегі кернеуді алмау;

4. кернеулі тоқ өткізгіш бөлігінен алыс жерде.

«Кернеуді алу» белгісімен жұмыс істейтіндердің электр қауіпсіздігі жұмыс

орны қоршалған жұмыс орнында тоқ өткізгіш бөліктерінде қорғайтын жерге тұйықтау құрылғыларымен қондырғыларын ажыратумен қамтамасыз етіледі

Тоқ өткізгіш бөліктерінде кернеу берген кезде электр қауіпсіздігі осы

Қағидалардың көзделген шаралармен қамтамасыз етіледі.



«Электр қорғау құралдарын пайдаланумен кернеуді алмау» санатындағы жұмыс істейтіндердің электр қауіпсіздігі негізгі қорғау құралдардың көмегімен кернеулі тоқ өткізгіш бөліктерінен жұмыс істейтін оқшауламамен қамтамасыз етіледі.

«Кернеулі тоқ өткізгіш бөлігінен алыс жерде» санатындағы жұмыс істейтіндердің қауіпсіздігі тоқ өткізгіш бөліктерінің жұмыс аймағы тұрақты қорғау қоршауларымен немесе қауіпсіз жерде орналастырумен қамтамасыз етіледі.

Әр электр қондырғысына қалыпты және апаттық жұмыс режімінің пайдалану сұлбалары жасалады. Электр қосылуларына енгізілген барлық өзгерістер, сондай-ақ жерлестіруді орнату орындарын өзгерту сұлбада міндетті түрде өзгерістің кімнің, қашан және қандай себеппен енгізгені туралы белгіленеді. Электр пайдалану сұғбаларын және оларға енгізілген өзгерістерді ұйымның электр шаруашылығына жауапты тұлға бекітеді.

Электр сұғбаларында тұтынушыларды артық жүктеме мен қысқа тұйықталудан қорғау қарастырылады. Электр тогы соғу қауіпімен байланысты жұмыстарда «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану барысында қауіпсіздік техникасының Ережесіне» сәйкес қорғаныс құралдары қолданылады. Электр құралдары, жылжымалы электр шамдары, төмендеткіш трансформаторлары мен ток жиілігін өзгертулерді қолдану алдында тұрқысына қысқа тұйықталудың жоқтығы мен жерлестіргіш сымның түзулігі мен қоректену сымдарының оқшаулануына тексеріледі. Жылжымалы электрлендірілген құрал-сайман қоймалықта (құрал-саймандықта) сақталуы керек және жұмысшыларға жұмыс кезеңінде беріледі. Кернеуі 42 Вольттан жоғары электрлендірілген құрал - сайман қорғаныс құралдарымен жиынтықта беріледі. Технологиялық процестерді жобалау, ұйымдастыру және өткізу қолданыстағы 12.3.002-75. МСТ «Өндірістік процестер. Жалпы қауіпсіздік талаптарына» сәйкес жүзеге асырылады.

Жабдықты жалпы сәйкес орналастыру мен орналастыру пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ технологиялық талаптарға, санитарлық - тазалық талаптарына және өндірістік жабдықты орналастыру талаптарына сай болады. Негізгі және көмекші жабдықтың, БӨАжА ағымдағы және күрделі жөндеу жобалы-ескерту жөндеулер бекітілген кестелеріне сәйкес жүргізіледі.

Бақылау-өлшеу аспаптарын көрсеткіштерді алуға, тексеруге немесе ауыстыруға қол жетімді және қауіпсіз жерлерде орналастырады.

Өндірісті автоматтандыру апаттық, ескерту және технологиялық дабылдау мен блоктауды, сондай-ақ технологиялық параметрлердің шектелген рұқсат етілген мағыналарына жеткендегі қорғаныс шараларын және технологиялық жабдықтың апаттық ажыратылуын қарастырылады.

Зиянды заттар қалдығын орналастыру орындарына тасымалдау әдісі қоршаған табиғи ортаны ластауға әкеліп соқпайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет