Технологиялық процесті автоматтандыру жүйелері мына функцияларды орындайды


Принципиалды электрлік схеманы қарастыру



бет5/11
Дата02.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#453095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
сагынай ДУРЫС

2.2 Принципиалды электрлік схеманы қарастыру

Сигнализация құралдары қызмет көрсетуші персоналға бақылаудағы объектілердің жағдайы туралы мәлімет беру үшін арналған. Сигнализация жарықтық және дыбыстық болып бөлінеді. Жарық сигнализациясы әртүрлі режимде жарық беретін лампалар арқылы беріледі. Дыбыстық сигнализация қоңырау, сирена және гудок арқылы беріледі. Жарық және дыбыс сигнализациясы бірге қолданылуы да мүмкін. Мұндай жағдайда дыбыстық сигнал апаттық жағдай туралы операторға белгі береді, ал жарық сигналы апаттық жағдайдың орнын және сипатын білдіреді.

Сигнализация технологиялық және бақылау сигнализациясы болып та бөлінеді.

Технологиялық сигнализация технологиялық процестің қалыпты жүрісінің бұзылуы туралы белгі береді. Ол технологиялық параметрлердің ( температура, қысым, деңгей, шығын) берілген мәнінен ауытқуын білдіреді. Технологиялық сигнализацияның екі түрі болады: ескертуші және апаттық.

Ескертуші сигнализация үлкен, бірақ әлі мүмкін болған ауытқулар туралы білдіреді. Ескертуші сигнализация берілгенде оператор пайда болған ауытқуларды жөндеу үшін шара қабылдауы керек.

Апаттық сигнализация мүмкін болмаған ауытқулар туралы немесе қандай да бір технологиялық аппараттың істен шыққандығын білдіреді. Апаттық сигнализация инструкция бойынша оператордың жылдам әрекет етуін талап етеді. Сондықтан мұндай сигнализация жылтыл жарық немесе жағымсыз өткір дыбыс пен беріледі.

Апаттық сигнализация схемалары дыбыстық сигналды өшіру кнопкасы мен жабдықталған. Жаңа апаттық сигнал берілгенде дыбыстық сигнализация қайта қосылады. 11 – суретте екі технологиялық параметрдің электрлік сигнализация схемасы келтірілген.

Олардың біреуі қалыпты жағдайдан ауытқу кезінде, мысалы біріншісі, сәйкес өлшеу приборында емесе сигнализаторда орналасқан S1 технологиялық контакті тұйықталады. Сол кезде 1К релесі қосылады. Ол өзінің қайта қосылушы 1К1 контакті арқылы HL1 сигналдық лампасын қосады және оны SВ3 сигнализацияның сынау кнопкасынан ажыратады. 1К релесін тұйықтаушы контакт 1К2 3К реледен өшірілген 3К2 ажыратушы контакт арқылы НА қоңырауды қосады. SВ1 дыбыстық сигнализацияның кнопкасы арқылы қоңырау сөндіріледі. Кнопканы басу кезінде 3К релесі өзінің 3К1 тұйықтаушы контакті арқылы өзіндік блокировкаға түседі, ал ажыратушы контакт арқылы қоңырауды сөндіреді.


2. Сурет – Принципиалды электрлік схема

Егер схеманың мұндай жағдайында екінші технологиялық контакт S2 тұйықталса, онда дыбыстық сигналды алу уақтында HL2 сигналдық лампасы жанады, ал дыбыстық сигнал берілмейді. S1 және S2 технологиялық контакті ажыратылғаннан кейін релелердің барлығы сөнеді.

SВ2 және SВ3 кнопкалары сигналдық лампалардағы қоңырауды сынау үшін арналған.

Бақылау сигнализациясы бақыланатын объектінің жағдайы туралы мәлімет береді. Мысалы, реттеуші органның ашық немесе жабықтығы, насостардың қосылғандығы немесе ажыратылғандығы т.б. Бақылау сигнализациясы екі жұмыс жағдайына ие болған құрылғы үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет