Технологиялық процесті автоматтандыру жүйелері мына функцияларды орындайды


Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын параметрлерін таңдау



бет3/11
Дата02.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#453095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
сагынай ДУРЫС

1.2 Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын параметрлерін таңдау

Сұйықтарды араластыру процесі негізгі 3 параметр арқылы бақыланып реттеліп отыр. Олар: шығын, деңгей, тығыздық.

Шығын OGM-A-40 маркалы шығынөлшегішпен өлшенеді. Максималды өлшенетін қысымы 3 bar, өлшенетін шығыны 20-20 л/мин, дәлдігі  , максималды өлшенетін тұтқырлығы 1000 сР. Осы аспап шығынды көрсетіп, тіркеп отырады.

Деңгей НПК «ТЕКО» компаниясының деңгейөлшегішімен өлшенеді. Бұл аспап электродтар арасындағы диэлектрлік өтімділіктің өзгеруі арқылы өлшейді. Қателігі 1-2%, өлшенетін ортаның температурасы 300˚С.

Тығыздық LEMIS process компаниясының DC-50 маркалы тығыздықөлшегішімен (плотномер) өлшенеді. Тұтқырлығы 1200 сСт дейінгі сұйықтықты өлшеу үшін арналған. Тығыздығы 3000 кг/м3 дейінгі ортаны өлшей алады. Қателігі  % дейін.

Сонымен қатар бұл процесте қосымша параметрлер бар. Олар: айналу моменті және сұйықтықтың сапасы, тығыздығы, тұтқырлығы.

Электржетегінің білігінің айналу моментін өлшеу үшін ТRB маркалы аспап қолданылады. Өлшеу диапазоны 1-2000 кгс*м, пайдалануға болатын перегрузкасы 120%, қорек көзі 10В тұрақты ток. Сұйықтардың араласу нәтижесін бақылау үшін АЖН-98/ПК маркалы аспап қолданылады. Бұл аспап сұйықтың сапасын өлшеп қана қоймай, артық қоқыстарды тазарту жүйесін басқаруды қамтамасыз етеді. Өлшеу диапазоны 0,1-16000 каолин бойынша. Қателігі   көп емес, өлшеу температурасы 1-40˚С. Осы параметрлердің қосымша аспаптары дыбыстық және жарықтық сигнализациямен байланысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет