79
Құймаларды жасау үшін көміртекті және легирленген болаттар
қолданылады. Құйма болаттарды құрылымдық болаттарға сәйкес
таңбалайды. 15Л, 20Л - 60Л көміртекті құйма болаттардың, легирленген
30ХГСЛ, 15Х18Н9ТЛ, 110Г13Л және т.б.
маркаларында Л әріпі құйма
болаттарға жататындығын көрсетеді.
а)
б)
48-сурет. Ферриттік (а) және перлиттік (б) құрылымдарына ақ
шойынның суару режимдері: 1 - цементит; 2 - перлит; 3 - аустенит; 4 - суару
графиті; 5 – феррит
Көміртекті құйма болаттардың жоғары уақыттық кедергісі (400 ... 600
МПа), салыстырмалы ұзындығы (10 ... 24%), соқпа тұтқырлығы, соққы
жүктемелері кезінде тозуға жоғары төзімділігі болады. Көміртекті құйма
болаттардың механикалық қасиеттерін анықтайтын негізгі элементі көміртек
болып табылады.
Легирленген құйма болаттардың механикалық
қасиеттері легирлеу
элементтердің санымен анықталады. Легирлеу механикалық және пайдалану
қасиеттерін айтарлықтай жақсартады (ыстыққа беріктік, коррозияға
төзімділік, тозуға төзімділік және т.б.). Мысалы, марганец тозуға
төзімділікті, хром - ыстыққа төзімділікті, никель
- коррозиялық төзімділікті
және т.б. арттырады.
Құйма болаттарда төмен сұйықтай аққыштық, жоғары шөгуі (2,5%
дейін) болады, сызатты болуға бейімделген.
Құйма болатты балқыту үшін, әдетте, доғалық және индукциялық
пештер қолданылады. Соңғы кездері болатты балқыту мақсатында
плазмалық-индукциялық пештер кеңінен қолданыла бастады (49-сурет).
Мұндай пештердің өнімділігі индукциялық пештерге қарағанда 25-30%
жоғары, ал электрэнергияны тұтыну әлдеқайда төмен.
Шихталық материалдар ретінде болаттық сүйме, өзіндік өндіріс
қалдықтар,
қолданбалы шойын, кен, қосындылар және басқа материалдар
пайдаланылады. Болат құймалары негізінен құм мен қабықша қалыптарда
жасайды, балқытылған үлгілер бойынша құюмен, ортадан тепкіш құюмен,
қапталған темірқорамға құюмен және басқа жолдармен өндіріледі.
80
49-сурет. Плазмалық-индукциялық пеш құрылғысы: 1 - плазмотрон; 2
- қақпақ; 3 - тигель; 4 - отбақыр; 5 - жалпақ
электрод
50-суретте болаттан жасалған тісті дөңгелектерді дайындауға
арналған қалыптың схемасы көрсетілген. Құймада шөгіндік қаяулар мен
кеуектілікті болдырмау үшін олардың салмақтық бөліктеріне түсімдерді
орнатады, ал құймалардың жылулық түйіндерінде сыртқы немесе ішкі
тоңазытқыштар қолданылады.
50-сурет. Болаттан жасалған тісті доңғалақ үшін құю жол қалыбы: 1, 2 -
төменгі және жоғарғы жарты үлгілер, 3 - жабық түсімдер; 4 - жылытқыш
қаптамалар; 5– құюжол жүйесі; 6 – өзекшелер
Сызаттарды болдырмау үшін,
қалыптарды иілгіш қалыптық
қоспалардан жасайды, құймаларда технологиялық қабырғалар ескеріледі.
Құйманың жоғары температурасы (1550...1650 °C) қызуға төзімді
өзекшелік және қалыптық қоспаларды пайдалануды талап етеді.
Кішкене және орташа құймаларға арналған құюжол жүйелері
жалғағыш арқылы немесе жоғарғы жағында, ал көлемді үшін төменнен
сифон арқылы орындайды. Болаттың сұйықтай аққыштығы төмен болуына
байланысты, құюжол жүйе қоректендіргіштерінің
көлденең қимасы ауданы
сұр шойын құюнан 1,5 ... 2 есе артық.
81
Жоғары механикалық және пайдалану сипаттамаларын алу үшін,
болат құймаларын күйдіру, қалыпқа келтіру (нормалау) және термо өңдеудің
басқа түрлері қолданылады.
Көміртекті болаттан жасалған болат құймалары металлургияда,
станоктар жасау өнеркәсібінде, автотракторлық өнеркәсібінде, көлік жасау
өнеркәсібінде және басқа салаларда қолданылады. Олардан илеу стандардың
біліктері
мен тұғырлары, цилиндрлер, тісті доңғалақтар және т.б. жасайды.
Легирленген болаттар энерго машина құрылыс, химия және мұнай-газ
өнеркәсібінде, металлургияда және т.б. қолданылады. Олардан турбиналық
қалақтар,
гидравликалық пресс клапандары, химиялық және мұнай-газ
өнеркәсібінің арматурасын, экскаваторлар шөміштерінің тістерін және басқа
құймаларын шығарылады.
Болат құймаларын қалыңдығы 1 ... 300 мм, бірнеше граммнан бірнеше
ондаған тоннаға дейін салмағынан алады.
Достарыңызбен бөлісу: