Технологиясы


 Мыс қорытпаларынан жасалған құймалар өндірісі



Pdf көрінісі
бет38/45
Дата10.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#488823
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Құрылымды материал технологиясы. Құю өңдірісі

5.9 Мыс қорытпаларынан жасалған құймалар өндірісі 
Құймаларды дайындау үшін қола (қалайы және қалайысыз) мен жезге 
бөлінген мыс қорытпаларын пайдаланады. Қола, мысалы, Бр05Ц5С5, 
БрА9ЖЗЛ, мұнда алғашқы екі әріп осы құйманың қолаға қатыстығын 
білдіреді, ал қалған әріптер қола (қалайы, мырыш, қорғасын, алюминий, 
темір) құрамында болғанын көрсетеді және әріптерден кейінгі сандар - 
берілген қорытпаның элементтерінің пайызы. Л әрпі қоланың құйма 
екендігін көрсетеді. 
Жезді, мысалы, ЛЦ40Мц3А, ЛЦ23А6ЖЗМц2, мұнда Л әріпі 
белгіленген қорытпаның жезге қатыстығын, ал қалған әріптер жездің 
құрамына кіретін (мырыш, алюминий, темір, марганец) элементтерді 
білдіреді, ал сандар олардың пайыздық құрамын көрсетеді. 
Мыс қорытпалары (қола және жез) жоғары уақыттық кедергіге (196 ... 
705 МПа), салыстырмалы ұзындыққа (3 ... 20%), коррозия және 
антифрикционды қасиеттерге ие. Көптеген мыс қорытпалары кавитация 
жағдайында қирауға төзімді болып келеді. 
Қалайы қоласы жақсы сұйықтай аққыштыққа, айтарлықтай жоғары 
шөгілуге ие (1,4 ... 1,6%). Бұл қола үлкен кристалдану аралықта (150 - 200 ° 
C) қатаяды, бұл құймалардағы шашыранды кеуектіліктің пайда болуына 
әкеледі. Қалайысыз қола өте жоғары сұйық аққыштыққа және шөгілуге ие 
(1,6 ... 2,4%), кішкентай кристалдану аралығында қатайып, бұл құймадағы 
шоғырланған шөгіндік қаяулардың қалыптасуына әкеледі. 
Жез қанағаттанарлық сұйықтай аққыштыққа, жоғары шөгілуге ие (1,6 
... 2,2%), кристалдану аралығында 30 ... 70 ° С кезінде қатаяды, бұл шөгіндік 
қаяулардың және кеуектіліктің пайда болуына әкеледі. Барлық мыс 
қорытпалары сызаттардың пайда болуына бейім.
Мыс қорытпалары индукциялық арналық төменгі жиіліктегі пештерде 
(56-сурет) және т.б., ауада, қорғаныш газдарда немесе вакуумда 
балқытылады.


87 
Шихталық материалдар ретінде таза мыс, өндірістік қалдықтар, 
мырыш, қалайы, темір, никель және басқа материалдар қолданылады. 
Сутектің тотығуы мен сіңірілуін болдырмау үшін мысты балқыту 
үрдісін ағаш көмір қабатының астында жүргізеді. 1200 ° C дейін қызған 
балқытпаны фосфорлы қоламен тотықсыздандырады, содан кейін қажетті 
химиялық құрамды алу үшін лигатура немесе таза металдар енгізіледі. Қажет 
болған 
жағдайда, 
балқыма 
тағы 
да 
фосфорлы 
мыспен 
тотықсыздандырылады.
56-сурет. Индукциялық төмен жиілікті пештің сұлбасы:1 - металдық өзегі; 2 - 
балқыту арнасы; 3 - бастапқы орам; 4 - отқа төзімді қаптама 
Мыс қорытпаларынан жасалған құймалар (~ 80%) құмды және 
қаптамалы қалыптарға (57-сурет) құю арқылы, сондай-ақ темір қорамға, 
қысыммен құю, ортадан тепкіш құюмен және т.б. жасалады. 
А-А 
57-сурет. Мыс қорытпаларын құюға арналған құйма қалыбының сұлбасы: 1,2 
- төменгі және жоғарғы жарты қалыптар; 3 - өзекше; 4 - ашық түсім; 5 –құю 
жол шұңқыры; 6 - тоңазытқыш; 7- жабық түсім 
Құймалардың үлкен көлемді түйіндерінде шөгіндік қаяулардың және 
кеуектіліктің пайда болуына жол бермеу үшін түсім мен тоңазытқыш 
орнатылады. Құймадағы сызаттардың пайда болуын болдырмау үшін жоғары 
талаптарға сай иілгіш келетін қалып қолданылады. Қалыптың иілгіштігін 
арттыру үшін, қалыптық қоспаға жоңқалар қосылады. 
Металды бір сарынды қабылдау үшін жоғары, бүйірлік, төменгі және 
саңылаусыз металл қоректендіретін кеңейтілетін құю жол жүйелері 


88 
қолданылады. Оксидті қабықшаларды бөлу үшін құю жол жүйелерінде шыны 
матадан жасалған сүзгілер орнатылады. 
Қалайы қоладан арматураларды, тісті тегершіктерді, мойынтіректерді, 
төлкелерді және т.б. қолданылады. Қалайысыз қоланы қалайыны 
алмастырғыш ретінде пайдаланылады. Олар үлкен кемелердің ескіш 
винттерін, ауыр жүкті тісті доңғалақтар мен тегершіктерін, сорғы 
корпустарын, химиялық және тамақ өнеркәсібі бөліктерін өндіру үшін 
қолданылады. 
Жезді 300 °С температурада жұмыс істейтін теңіз кеме жасауларына 
арналған әртүрлі аппаратураларды, мойынтіректердің төлкелері мен 
екшегіштерін, қысқыш бұрмалары мен илемдік стандардың сомындарын, 
құрт тәрізді бұрандалар және т.б. өндіру үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет