Технологиясы


 Алюминий қорытпаларынан жасалған құймалар өндірісі



Pdf көрінісі
бет36/45
Дата10.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#488823
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Құрылымды материал технологиясы. Құю өңдірісі

 
5.7 Алюминий қорытпаларынан жасалған құймалар өндірісі
Құймаларды жасау үшін AK12, AK9, AK5M2, AMr5K, AM3, AM5, 
AK12MMr және басқа да құймалық алюминий қорытпалары қолданылады. А 
әрпі осы қорытпаның алюминий қорытпаларына тиесілігін білдіреді: К әріп - 
кремний, М-мыс, М -магний, H-никель, Мn-марганец және т.б. көрсетілген 
қорытпаны құрайтын элементтерді таңбалайды, ал әріптерден кейінгі сандар 
қорытпадағы бұл элементтің орташа пайыздық құрамы. Мысалы, AK12 
қорытпаның құрамында 12% кремний бар, қалғандары алюминийден тұрады; 
AK12MMg қорытпа құрамында12% кремний, 1% мыс, 1% магний және т.б. 
бар.
Алюминий қорытпаларында жоғары уақытша кедергі (150 ... 340 
МПа), салыстырмалы ұзындығы (1,5 ... 12%) және қаттылығы (HB 50 ... 90) 
болады. Сонымен қатар, AK12M2,5H2,5 қорытпасы және басқалары жоғары 
ыстыққа төзімді, AMг5K қорытпалары және басқалары - жоғары коррозияға 
төзімді және тербелмелі жүктемелері кезінде жақсы жұмыс істейді.
Силумин (AK12, AK9, AK7) жоғары сұйықтай аққыштыққа, төмен 
шөгілуге ие (0,8 ... 1,1%), ыстық және суық жарықтардың пайда болуына 
бейім емес, өйткені олар химиялық құрамы бойынша эвтектикалық 
қорытпаларға (кристалдану аралықтары 10... 30 °C) жақын. Қалған алюминий 
қорытпаларының көпшілігі төмен сұйықтай аққыштыққа, шөгуінің 
жоғарылауын, сызаттардың пайда болуына бейім, балқыған күйінде сутегіні 
жақсы сіңіреді.
Алюминий қорытпаларын балқыту үшін, камералық стационарлық 
немесе айналмалы электр кедергі пештерді (51-сурет), өнеркәсіптік жиіліктің 
индукциялық пештері және т.б. қолданылады.


82 
51-сурет. Камералы айналмалы электрлік кедергі пешінің құрылғысы: 
1 - электр қыздырғыш элементтері; 2 - металл жинағы; 3 - жүктеу терезелері; 
4 - металл ағызу үшін пешті көлбеу механизмі 
Шихталық материалдар ретінде техникалық таза алюминийді, 
силуминді, меншікті өндірістің қалдықтарын, лигатураларды және басқа 
қоспаларды пайдаланады. Сутегі және металдық емес қоспаларды жою үшін, 
алюминий қорытпалары әдетте, гексахлорэтанымен тазартылады, оны 740 ... 
750 C температурада балқыма салмағына 0,3 ... 0,4% мөлшерінде енгізіледі. 
Хлоридтық алюминийдің көпіршіктері балқыманың бетіне шығады және 
сутегімен металдық емес қоспаларды жойып тастайды. 
Дәнді ұсақтау үшін силуминдерді натрий немесе стронциймен 
өзгертуге ұшырайды. Натрийді 730-780 ° С температурасында натрий 
тұздары түрінде енгізеді. Стронцийді лигатура арқылы енгізеді.
Алюминий қорытпаларынан құйылған құймаларды негізінен 
қысыммен темір қорамға құю арқылы, құмды қалыптарға құйып өндіреді. 
Алюминий қорытпаларынан жасалаған құймаларды алу үшін тік 
жалғағышы бар темір қорам қолданады. Тығыз құймаларды алуы салмақты 
түсімдерді орнату арқылы, жылу өткізгіштігі аз түсімдерді бояйтын 
бояуларды қолданылу арқылы қамтамасыз етеді. Құймалардағы шөгілетін 
кернеулерді азайту үшін темір қорамдарды құюдан бұрын 250 ... 350 ° C 
дейін алдын ала қыздыртады, ал өте күрделі құйма конфигурациялары 
болуында - 400 ... 500 ° С дейін. Ауа және газдар темір қорамның қуысынан 
жалғағыштың жазықтығында орналастырылған 3-ші саңылаулар мен және 2-
ші сызық іздер көмегімен және темір қорам қабырғаларында терең 
қуыстарының жанында орнатылған 1 тығындардан шығарылады (52, а сурет). 
Балқытылған металды темір қорамның қуысына құйманың жұқа қимасына 
металды төменгі (52, б сурет) немесе тік-жарықты (52, в сурет) металл әперу 
кеңейтілетін құюжол жүйесі арқылы береді. Құюжол жүйесінің барлық 
элементтері темір қорамның жалғағыш жазықтығына орналасады. 
53-суретте AK12 алюминий қорытпасынан жасалған қақпағын 
дайындау үшін қалыптың схемалық сызбасы көрсетілген. Балқыма құю 
қалыбының қуысына кеңейтетілетін құюжол жүйесі арқылы келеді. 
Кеңейтілетін құюжол жүйесінде ең тар орыны тіреуіштің көлденең қимасы 
болып табылады, ең үлкені - қоректендіргіштердің көлденең қимасы. Мұндай 
құюжол жүйесі қалыпты қуысты байсалды түрде толтыруды қамтамасыз 
етеді. Қоректендіргіштер балқытылған металды құйманың бүкіл периметрі 
бойынша бытырай орналасқан құймалардың жұқа қабырғаларына әкеледі. 


83 
Қоректендіргіштер бойынша құйма қож ұстаушы қызметін атқаратын арнайы 
коллектор арқылы бөлінеді.
52-сурет. Темір қорамдағы (а), төменгі (б) және тік саңылаулы (в) құю 
жол жүйелерің ауа тазартқыш арналарының сұлбалары: 1 - тік жиегі бар 
темір қорам; 2 - тығын; 3 – сызық іздер; 4 - құйма; 5 – 
құймажол(қоректендіргіш); 6 - тіреуіш; 7 - тік коллектор; 8 - қоректендіргіш 
дөңесше; 9 – түсім
Балқыманың құю қалыптын қуысында қозғалыс жылдамдығын азайту 
және тотық пен қож қоспаларын жақсырақ ажырату үшін металл торлары 
немесе шыны мата торы құю жол жүйелеріңде орнатылады.
Құю қалыбының қуысындағы металдық көтеру жылдамдығы 4,5/
δ
аспауы керек, мұнда 
δ
құйма қабырғасының басым қалыңдығы, см.
Барлық жылулық тораптарға шөгіндік қаяулардың пайда болуын 
ескерту үшін түсімдерді орнатады.
AK9, AK7 және т.б. қорытпаларынан жасалған құймаларда 
кеуектіліктерді азайту үшін тоңазытқыштарды орнату кеңінен қолданылады 
53-сурет. AK12 қорытпасынан жасалған қақпақтың құю қалыбы: 1,2 - 
төменгі және жоғарғы жарты қалыптар; 3 - өзекше; 4 - түсім; 5 - құю 
айшанағы; 6 - тіреуіш; 7 - коллектор (қож ұстаушы); 8 – қоректендіргіштер. 
Құю қалыптары балқытылған металмен 700 ... 750 ° С температурада 
толтырылады. Алюминий қорытпаларынан жасалған құймалар авиация және 
ракета техникасында, автокөлік, аспап жасайтын, машина жасауда, кеме 
жасау және электротехника саласында кеңінен қолданылады. Алюминий 
қорытпаларынан, ішкі жану қозғалтқыштарының блоктарын, блоктардың 


84 
бастиектерін, сорғы қораптарын, кеме бұрандаларын, авиациялық бөліктерін, 
электрлік және радиоаппаратуралық бөліктерін және т.б. шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет