3 - тарау. Шамшырақты орналастыру
480. ТМГҚ-да апаттық жағдайларда газды жағу үшін шамшырақ орнату қарастырылады. Шамшырақ газдың күтілетін көлемін жағуға есептеледі. Шамшырақтың жылулық әсері қызмет көрсетуші персонал және жанатын газдар мен сұйықтар бар технологиялық жабдық үшін рұқсат етілген мәнінен аспайды.
481. Шамшырақ бағаны платформа бұрышында, тұрғылықты блоктың орналасуына қарама қарсы жағынан орналасады. Бағанның биіктігі бұрғылау мұнарасынан 5 м биік.
4 - тарау. Кәсіпшілік-геофизикалық жұмыстарға арналған
жабдықты орналастыру
482. Кәсіпшілік-геофизикалық станцияның көтергіші және зертхана, газды шегенді станция бір блокқа біріктіріледі және бір біріне паралельді, қатар орналасады.
483. Көтергіштің орналасқан орны кәсіпшілік-геофизикалық жұмыстарды жүргізу ыңғайлылығын және қызмет көрсетуші персоналмен бұрғылаудың жұмыс алаңын бақылауды қамтамасыз етеді.
484. Станция қондырғылары оларды тексеру, реттеу, жөндеу және басқа кезде көтергіштің жеке желілеріне және зертханаға еркін кіруді қамтамасыз етеді.
485. Шегенді станцияның бөлмесінен ТМГҚ жоғарғы қабатына қысқа шығыс қарастырылады.
486. ТМГҚ-да ататын аппараттарды оқтау және жинау ұңғыма сағасынан және тұрғылықты блоктан 20 м кем емес қашықтықта, арнайы құрылғыда жүргізіледі.
1 - параграф. Радиобелсенді заттар
қоймасын орналастыру
487. ТМГҚ-да радиоөлшем жұмыстарын жүргізу кезінде геофизикалық портиямен жеткізілген, радиобелсенді заттарды (ары қарай - РЗ) уақытша сақтау үшін қойма қарастырылады. Қойма адамдар үнемі болатын орындардан 10 м кем емес қашықтықта орналасады. Қоймалардың есіктерінде сенімді бекіткіш құрылғысы бар, оның кілті геофизикалық партияның жетекшісінде болады.
488. Қойма еденінде геофизикалық партиядан РЗ бар ауыспалы контейнерлерді орналастыру үшін екі құдық қарастырылады.
Құдықтарға РЗ-ды контейнерсіз орналастыруға жол берілмейді.
489. Құдықтар болат құбырлардан дайындалады және тесіксіз түбі бар. Құдықтар жеңіл ашылатын және жабылатын қақпақтармен нығыздалып жабылады. Құдықтардың қабырғалары және түбі екі қабатты: құдық қабырғалары арасындағы ішкі кеңістік парафинмен құйылады.
490. Құдықтар бір біріне қарасты 0,6 м кем емес қашықтықта орналасады.
491. Бағаналар үстінен түсу және РЗ бар ауыспалы контейнерлерді алу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, түсіріп-көтеру құрылғысымен жабдықталады.
492. Құдықтардың және түсіріп-көтеру құрылғысының құрылымы барлық жағынан еркін келуді қамтамасыз етеді.
493. Қоймада сырт жағынан радиациялық қауіптілік белгісі орнатылады.
5 - тарау. Пайдалану кешенінің
жабдығын орналастыру
494. Технологиялық блоктар арасындағы қашықтық оларды қауіпсіз пайдалануды және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
495. Технологиялық қондырғылардың арматурасын, аппараттарын және құралдарын орналастыру оларға ыңғайлы қызмет көрсету және жөндеуді қамтамасыз етеді.
496. Аппараттар арасындағы, аппараттар мен бөлме қабырғалары арасындағы өтетін жерлердің ені 1 м кем емес.
Аталған қашықтықтар агрегаттың бөлігі болып табылатын аппараттарға жатпайды. Аталған жағдайда агрегаттың жеке аппараттары арасындағы қашықтық технологиялық мақсатқа лайықтылықпен және қызмет көрсету мүмкіндігімен анықталады.
497. Қысымды, температураны және өзге көрсеткіштерді бақылауды талап ететін технологиялық жабдық басқару қалқанында көрсетіле отырып қашықтықтан басқаратын құралдармен және қондырғы орнындағы бақылау құралдарымен жабдықталады.
498. Жабдықты, аппараттарды және арматураны орнату кезінде басқару қалқандарына қызмет көрсету майданы бойынша (тұрақты жұмыс орындары болған жағдайда), жұмысшылардың тұрақты болатын орындарында ені 2 м кем емес өтетін жерлер қарастырылады.
1 - параграф. Пайдалану бағаны
499. Платформада пайдалану бағанын орналастыру, оларды құрастыру, бекіту және қорғау жобаға сәйкес орындалады.
500. Пайдалану бағандары кемелердің айлақтау аймағынан тыс ТМГҚ шетінен орналасады. Бағандарды тұрғылықты блоктан 15 м кем қашықтықта орналастыруға және бағанды платформаға енгізуге жол берілмейді.
Бағандар арасындағы қашықтық 500 мм кем емес.
501. Әрбір пайдалану бағаны платформаның металл құрылымына сенімді бекітілген. Бекіту орындарында метал емес төсемдер орнатылады.
502. Толқынды жүктемелердің ісер ету аймағында пайдалану бағандары толқынды жүктемелерге есептеледі және кеменің мүмкін болатын құйылуынан қорғалған.
Қоршаудың құрылысы пайдалану бағандарына қауіпсіз жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
6 - тарау. Апаттық дизель-генераторды орналастыру
503. Апаттық дизель-генератор бұрғылау және пайдалану жабдығының орналасуына қарама қарсы, тұрғылықты блоктың сырт жағынан, жарылуға қауіпті аймақтан ауаны қабылдауды қамтамасыз етумен артық қысымда болатын, жеке тұрған бөлмеде тұрғылықты блоктың модулінің жанында немесе құрамында жоғарғы қабатта орналасады.
Ескерту. Егер де ТМГҚ персоналының тұрғылықты бөлмесінің астында платформамен өтпелі көпірмен біріктірілген, жеке моноблок қарастырылса, онда апаттық дизель-генератор осы моноблокта орнатылады.
7 - тарау. Отын, май және метанол
қоймасын орналастыру
504. ТМГҚ-да, оның жобамен анықталатын, автономдылығын қамтамасыз ететін, бірақ 30 күндік қордан көп емес отынды, майды және метанолды сақтауға жол беріледі.
505. Отынды, майды және метанолды сақтау қоймаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.
506. Метанол қоймасы ТМГҚ-ның төменгі қабатында орналасады.
Пайдалану жабдығын блок-модульді орындау кезінде қойма блок-модульдердің сыртқы жағынан және оның үстіне орналасады, келесі қабаттардың бөлмелерінде өлшемі бойынша жабық және ашық технологиялық жабдықты орналастыруға жол берілмейді.
507. Тікұшақтарды қосымша құю станциялары үшін ғана арналған, тұтану температурасы 43 ºС төмен емес отынды сақтау қоймасы көлденеңінен тұрғылықты блоктан 10 м кеме емес қашықтықта, тікұшақ алағының астында платформа шетінен төменгі қабатта орналасады.
508. Тұтану температурасы 60 ºС және одан жоғары отынды сақтау қоймасы энергетикалық блок-модуль астында немесе жеке ыдыстарда орналасады. Соңғы жағдайда ыдыстар көлденеңінен тұрғылықты блоктан, атқыма арматурасын қоса алғанда, ашық және жабық технологиялық жабдықтан 10 м кем емес қашықтықта орналасады.
509. Экранмен қорғалмаған, тез тұтанатын және жанатын сұйықтар бар отынды, матенолды және өзге ыдыстар қалыңдығы 40-50 мм термо оқшаулау қабатымен жабылады.
510. ТМГҚ отын және метанолды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.
511. Қызмет көрсету кемелерінен отын мен метанолды қабылдау құбырлары платформаның ең жақын екі қарама қарсы жағынан отын және метанол сақтау қоймаларына, айлақтағы алаңдарға шығарылған; құбырлардың қабылдауы тұрғылықты блоктан 10 м кем емес қашықтықта орналасады.
Құбырлар отын сақтау қоймасының жоғарғы бөлігіне қосылады және иілгіш жеңді қосу үшін құрылғымен және бекіту қақпағымен жабдықталады.
512. Отынды құбырлар жарылуға қауіпті бөлмелерден тыс орналасады. Отын құбырларын жұмыс алаңдарында немесе олардың зақымдануы мүмкін өзге жерлерде төселуіне жол берілмейді. Осы жерлерде отынды құбырларды механикалық зақымданулардан сенімді қорғалған және құбырлардың алмалы-салмалы құрамалары болмаған жағдайда төсеуге жол беріледі.
8 - тарау. Жалынды жану пеш оттығы бар
қондырғыларды орналастыру
513. Жалынды жану пештері бар қондырғылар газдар, жанатын сұйықтар бар аппараттардан, пайдалану және бұрғылау ұңғымаларынан шекті мүмкін болатын алыс қашықтықта (бірақ 15 м кем емес) орналасады.
9 - тарау. Авариялар мен инциденттердің алдын алу және жою
514. Ұңғымаларды салу, қайта құру және жөндеу кезінде жобаға, АЖЖ және ГМСК кезінде сағаның қымталуы бойынша технологиялық регламентке сәйкес авариялар мен қиындықтардың алдын алу және жою бойынша шаралар мен әрекеттер орындалады.
515. Жобалық құжаттамаға сәйкес апаттық және төтенше жағдайларды, қиындықтардың ГМСК және ұңғымалардың АА алдын алу және жою бойынша шаралар мен жедел әрекеттерді көрсете отырып, АЖЖ жасалады, ұйымның техникалық басшысымен бекіту жүргізіледі.
516. Флюидтің көрінулері мүмкін болатын өнімді деңгейжиекті немесе қабаттарды аршу алдында авариялар мен қиындықтардың алдын алу бойынша шаралар орындалады:
1) АЖЖ сәйкес ГМСК және АА жою кезінде персоналдың тәжірибелік әрекеті бойынша нұсқаулық;
2) бұрғылау қондырғысының аумағында жұмыс істейтін геофизикалық және еншілес ұйымдардың персоналын нұсқаулықтан өткізу;
3) бұрғылау қондырғысының, сағалық және тастамаға қарсы жабдықтың, ұңғыманы қымтау және ГМСК жою үшін құралдар мен аспаптардың жағдайын тексеру;
4) газдалу, ГМСК тікелей және жанама белгілерін ерте анықтау жүйелерін, дем алу органдарының жеке қорғаныс құралдарын және персоналды ұжымдық қорғау құралдарын бақылау құралдарын тексеру;
5) аварияға қарсы, атқымаға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйелерін, персоналды шығару жолдарын тексеру;
6) ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша, оқу жаттығулары өткізіледі;
7) объектінің өнімдік деңгейжиекті аршуға дайындығын, бұрғылау ерітіндісінің, тазалау құралдарының, газсыздандыру және өндеу құралдарының көлемі мен көрсеткіштерінің сәйкестігін бағалау;
8) геологиялық-техникалық бақылау және бұрғылау, газды көрсету және газды талдау режимінің көрсеткіштерін бақылау және тіркеу жүйесін тексеру;
9) орындалған шаралардың нәтижелері журналға жазылады, Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстармен актілер жасалады.
517. ГМСК, АА қауіптілігі кезінде сағаны, құбыр кеңістігін қымтау жүргізіледі және объекті жетекшісінің және бұрғылаушының нұсқауы бойынша қауіпті жағдайды жою үшін АЖЖ бойынша әрекеттер орындалады.
518. Превентор құбыр бағанасында білік жүйесі ілінген, лақтыру желісі ашық болған кезде, бұрандалы құрама плашкадан төмен болғанда және плашканы бекітумен, бағананың сағадан 0,8 – 1 м биік болғанда, технологиялық регламентке сәйкес басқару тетігінен жабылады.
519. Журналда ГМСК анықталу уақыты, ұңғыманы шаю және бағана арасындағы кеңістіктегі манифольдтағы манометрлер көрсеткіштері, құбырлы бағана салмағы, бұрғылау ерітіндісінің көрсеткіштері, газ көрсеткіштері, ГМСК ерте анықтау жүйесі бойынша тік және жанама белгілер тіркеледі.
520. Қымталғаннан кейін технологиялық регламентке сәйкес, қысым үнемі бақыланады және тіркеледі; сағаның, ТҚЖ, манифольдтың, аумақтың жағдайы тексеріледі; кіру режимі енгізіледі.
521. Қымталған ұңғыманың сағасына обсадты бағананы тығыздау қысымынан 80 % көп қысымға жоғарылатуға жол берілмейді. Рұқсат етілген қысымды анықтау кезінде геофизикалық зерттеулердің, қалыңдықты өлшегіштің және қауіпті факторлардың әсерінің мәліметтері бойынша обсадты бағананың тозу және коррозияға ұшырау деңгейін ескереді.
Қысымды төмендету ақырындар минутына 0,3 – 0,4 МПа жүргізеді.
522. Ашық атқыманы жою бойынша жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес орындалады.
523. ГМСК және ашық атқылауды жою үшін АҚҚ бөлімшелері мен құрылымдарын тартады.
Қосымша жұмыстар жұмыс жетекшісінің тікелей қатысуымен, нұсқаулықтан кейін өндірістік персоналмен жүргізіледі.
524. Апаттық және қосымша жұмыстарды орындауға қатыспайтын, жұмысшыларға қауіпті аймақта болуға жол берілмейді.
525. ГМСК және АА жою үшін жабдық, техникалық құрылғы, құралдар, материалдар, арнайы киім, сақтандыру және жеке қорғаныс құралдары АҚҚ және мұнай операцияларын жүргізетін ұйымның апаттық қор қоймаларында үнемі дайындықта болады.
Қоймаларды белгілі бір аймаққа орналастыру және жабдықталу тізімі АЖЖ-мен анықталады.
526. Технологиялық авариялар мен инциденттерді жою АЖЖ сәйкес жүзеге асырылады.
Өнімдік деңгейжиекті аршу АҚҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі және ГМСК алдын алу және жұмыстар барысына бақылау жасау үшін жұмысшылар тағайындалады.
527. Апаттық құралды көтеру кезінде құбырларды роторды және динамикалық жүктемені қолданусыз бұрап ашады.
528. Алынған құралды босатумен байланысты жұмыстар алдында жүк асып қоятын арқандар шешіледі, роторды жапсырмалар болттармен бекітіледі, дөңгелек пневматикалық муфталарда сырғудың алдын алу үшін апаттық болттар орнатылады.
529. Мұнай және қышқылды ванналарды қолдану кезінде іліп алуды жою үшін бұрғылау құралында құю қалпақшасының астында кері қақпақ орнатылады.
530. Құю қалпақшасын орнату үшін бұрғылау құралының ұзындығы орау кезінде биіктіктегі жұмыстарды болдырмайтын жағдайды ескере отырып таңдалады. Осы жағдайды орындау мүмкін болмаған жағдайда басқышы бар алаң орнатылады.
531. Қағып алу жұмыстары кезінде флюид көрінулерінің әлеуетті қауіптілігі бар ұңғымаларда бұрғылау бағанасының ұзындығы құбырдың жазық бөлігінің превентор плашкасына қарсы, жетекші құбырдың - роторда орналасуы есебінен алынады.
532. Шаю сұйығын сіңіру кезінде, ұңғымадан бұрғылау бағанасын көтеру ұңғыма сағасына дейін толтырылған және асып кету болмаған жағдайда жол беріледі.
Осы жағдайды орындау мүмкін болмаған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар жасалады.
533. Флюид көрінулері мүмкін, бұрғылау ерітіндісін жартылай немесе толық сіңірумен ұңғыманы бұрғылау жобалау құжаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Жұмыстар нәтижелері бойынша жобаға өзгеріс енгізіледі.
534. Ваннаны (мұнайлы, сулы, қышқылды) орналастыру кезінде шаю сұйығының құрама діңгегінің гидростаттық қысымы жобалық көлемге, қабатты қысымнан асады.
535. Гидростаттық қысым қабаттан төмен төмендегенде, бұрғылау бағанасын ары-бері апару бойынша жұмыстар қымталған құбырдан тыс кеңістікпен, бұрғылау құбырларында орнатылған жұмыр крандармен, қосымша қауіпсіздік шараларын жасау және жүзеге асырумен, АҚҚ қатысуы кезінде жүргізіледі.
536. Сифон және поршалау пайда болған кезде ұңғыманы шаю және бұрғылау бағанасын ары-бері апару жүргізіледі, көтеру жылдамдығы шектеледі және ГМСК және қабатқа әсер етудің алдын алу үшін ұңғыманы толық толтыру қамтамасыз етіледі және көтеру жылдамдығы шектеледі.
537. Ілініп алынған бұрғылау құралын (өзі жүретін су асты минасы, дүмпіткіш баулар) босату бойынша жұмыстарды геофизикалық ұйыммен сәйкес, жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізеді.
10 - тарау. Бұрғылау кезінде оқу жаттығуын өткізу
538. Жеке штаттан тыс оқиға үшін жаттығулар алдында нұсқаулық жүргізіледі. Жаттығуларға қатысатын персонал, апаттық және қауіпті жағдайлар кезінде дереу әсер етуге дайындалады.
539. Персонал үшін оқу жаттығулары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген, Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес, техникалық басшымен бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
540. Оқу жаттығуларын жүргізу кезінде жұмыс істейтін технологиялық үрдісті жүргізуге кедергі келтірмейтін кесте мен тәртіппен, шынайы оқиғаларға жақын, тастамалардың алдын алу бойынша әрекеттер істеледі.
12 - бөлім. Ұңғымаларды жабу және жою
1 - тарау. Жалпы талаптар
541. Ұңғымаларды, қауіпті мұнай газ кәсіпшілік объектілерді жабу және жою бойынша жұмыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 53 қаулысымен бекітілген, Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және консервациялау ережесіне сәйкес жүргізіледі.
542. Жабу және жою бойынша жобалық құжаттама ұйымның басшысының шешімі бойынша жасалады.
543. Ұңғыманы салуға, мұнай, газ және газконденсаты кен орындарын орналастыру және игеруге жобаларда қауіпті объектілерді қауіпсіз жабу және жою шарттары көрсетіледі.
2 - тарау. Ұңғымаларды жабу
544. Ұңғымаларды жабу оны қайта пайдалануға енгізу және онда жөндеу және жеке жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етумен жүргізіледі.
545. Бағана арасында газды өткізумен ұңғымаларды жабуға жол берілмейді.
546. Жабылуда болатын ұңғымалар бойынша айына бір реттен кем емес журналға сәйкес жазба енгізе отырып, су астындағы жабдықтың жағдайына және сағада артық қысымның болуына тексеру жүргізіледі. Сағада қысым, тесіктер анықталған немесе барақ иттер қалыптасқан жағдайда оларды жою бойынша шара қабылдау үшін ұйым басшысына және АҚҚ хабарлау керек.
547. Стационарлы ТМГҚ бұрғыланған, жеке жабылатын ұңғымада 0,4×0,2×0,005 м көлемде дәнекерленген болат қабатымен диаметрі 0,025 м және ұзындығы 0,3 м репер – болат өзекше орнатылады. Репердің болат қабатында дәнекермен жазулар жазылады: ұңғыма нөмірі, кен орнының (алаңның) және ұйымның атауы, жабу уақыты мен мерзімі.
548. Жеке жабылатын ұңғыма атқыма арматурасымен жабылады. Сағаның су астында орналасуы кезінде ысырмалар штурвалы (бақылау функцияларын атқаратын ысырманы қоспағанда) шешіледі, арматура желілері ажыратылады, ал арматура ысырмасының сыртқы фланецтері фланецті бұқтырмалармен жабдықталады. Манометрлер (бақылауды қоспағанда) орнынан шешіледі және бұқтырмалар орнатылады.
549. Құрылысы аяқталған ұңғымаларды жабу кезінде оқпандарды жабдықтау тәртібі қабатты қысымдардың көлеміне және ұңғыманы жабу мерзіміне байланысты анықталады.
550. Салынып жатқан мұнай және газ ұңғымаларының оқпандары мен сағаларын жабдықтау тәртібі ұңғыма оқпанында ашылған мұнай газ сумен қаныққан объектілердің болуына (болмауына) және ұңғыманы жабу мерзіміне байланысты анықталады.
551. Салынып жатқан ұңғыманы жабу кезінде ұңғыманың су асты сағасына ұңғыманың су асты сағасын қымтауды және жабуды ашу кезінде айналымның қалпына келуін қамтамасыз ететін, арнайы жиғы қалпақша орнатылады.
552. Жабылатын ұңғыманың тіреу тақтасы жабылған ұңғыманың орналасқан орнын анықтауға мүмкіндік беретін, гидроакустикалық маякпен жабдықталады.
553. Мұзды жағдайлар жоқ теңіз айлағында болатын ұңғымалар гидрографикалық қызмет талаптарына сәйкес арнайы арналған жүзетін белгілермен жабдықталады.
554. Мұнай және газ ұңғымаларын жабу кезінде ұңғыма сағасы су асты атқыма арматурасымен жабдықталады. Диспетчерлік пунктіде жабылған ұңғыманың бақылау және басқару қабырғалығының үстінде жабу мерзімі көрсетілген белгі ілінеді. Қашықтықтан басқару жүйелерін қоректендіру ажыратылады.
555. Ұңғыманы жабу бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін орындаушы ұйымның геологиялық қызметі ұңғыманы жабу туралы хаттама жасайды.
556. Жабу мерзімдерін анықтау Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары сақталған жағдайда жүргізіледі.
557. Қауіпті объектіні қайта ашу АЖЖ ескере отырып, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайында дайындау жұмыстарын орындағаннан кейін, бекітілген және келісілген жоспар, тексеру актісі бойынша жүргізіледі. Қауіпті объектілерде жұмыстар апаттық құтқару қызметінің қатысуымен жүргізіледі.
558. Жабу және жою объектілері сыртқы әсерден және бүліну қауіптілігінен қорғау жұмыс жоспарына және технологиялық регламентке сәйкес қорғауда және қарауда болады.
559. Жабу және жою объектілерін, бақылау функцияларын есепке алу және қауіпсіздікті қамтамасыз етуді пайдалануды жүргізетін ұйым жүзеге асырады.
Жабу және жою объектілері туралы мәліметтер белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарға ұсынылады.
560. Ұңғымаларды жабу, қайта ашу және жою объектілері қауіпсіздік декларациясында көрсетіледі, АЖЖ жасау кезінде ескеріледі.
561. Келісім шарт аумақтарын қайтадан Қазақстан Республикасына бергенге дейін, жабылған ұңғымалардың және жойылған ұңғымалардың жағдайын бақылауды объект иесі қамтамасыз етеді.
3 - тарау. Ұңғымаларды жою
562. Ұңғымаларды жою кезінде, цемент көпірлерді орнату алдында ұңғымалар забойда қабаттан 15 % асатын (жұту болмаған жағдайда) қысым құруға мүмкіндік беретін тығыздықпен сұйықпен (бұрғылау ерітіндісі, ерітінді) толтырылады.
563. Ұңғымаларды түсірілмеген пайдалану бағаналарынсыз жою кезінде мұнай газ сіңірілген объектілердің жатыс аралықтарында цементті көпірлер орнатылады. Жеке цементті көпірдің биіктігі шатырдан плюс 20 м жоғары және қабат табанынан төмен қабат қуатына тең. Жоғарғы өнімді қабат шатырының үстінде цементі көпір 50 м кем емес биіктікте орнатылады.
564. Ұңғымаларды пайдалану бағанасының бүлінуі себебінен жою кезінде цементті көпір бүліну аймағында және одан 50 м кем емес биікте немесе кері жағдайда бүліну аймағының үстінен 100 м кем емес биікте орнатылады.
565. Түсірілген пайдалану бағанасымен ұңғымаларды жою кезінде:
барлау - өнеркәсіптік мұнайлы газды қабаттың болмауына байланысты;
өндіретін - өнімді объектілердің толық таусылуына немесе олардың су басуына байланысты;
айдамалау немесе бақылау ұңғымаларын - өзінің белгіленуін орындауға байланысты, пайдалану бағанасында қысымдағы цементті ерітіндіні сүзгіш аймағына ағызумен, тікелей соңғы объектінің сүзгі аймағынан 50 м кем емес биіктікте цементті көпір орнатылады.
566. Артында цементті ерітінді толығымен көтерілмеген немесе алдыңғы бағаналардың «кебістері» жабылмаған, құрылымында түсірілген «сағалары» бар ұңғымаларды жою кезінде «саға басынан» жоғары және төменде 20-30 м бойынша биіктікте цемент көпірлер орнатылады.
567. Барлық жойылатын ұңғымаларда ұңғыма сағасымен байланысты соңғы (ең аз) обсадты бағанада цементті көпірдің «басының» теңіз түбі деңгейінің үстінде орналасумен, биіктігі 50 м кем емес цементті көпір орнатылады.
568. ЖБҚ-мен бұрғыланған, сағаның су астында орналасуымен ұңғымаларды жою кезінде, теңіз түбінен шығып тұратын обсадты бағана (ұңғыманы бұрғылау кезінде арнайы түбіндегі бағаналы ұштама қолданылмаған жағдайда) түбінің деңгейінде алынады.
569. Сағасы су астында орналасқан ұңғыманы жою кезінде теңіз түбінен шығатын арнайы түбіндегі бағаналы ұштамаға бұқтырма (бітеу фланец) орнатылады.
570. ЖБҚ шешу бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін бұрғылау нүктесінен түбін навигациялық су асты қауіптіліктің жоқтығына тексеру жүргізіледі. Тексеру актісінің бір данасы сәйкес гидрографикалық қызметке ұсынылады. Түбін тексеру бойынша жұмыстар ұйымның арнайы қызметімен орындалады.
571. Ұңғыманы жою бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін орындаушы ұйымның геологиялық қызметі ұңғыма бойынша жою жұмыстарын жүргізу туралы хаттама жасайды.
Хаттамаға түбін навигациялық қауіптіліктің жоғына тексеру актісінің бір данасы және ТМГҚ немесе ЖБҚ периметрі бойынша плюс 10 м сағаны және теңіз түбін видеотүсіру қоса беріледі.
13 - бөлім. Материалдарға қойылатын негізгі талаптар
1 - тарау. Құбырлы өнім
572. Теңіз құрылыстарында мұнай операцияларын жүргізу кезінде қолданылатын материалдар табиғи климаттық жағдайларды ескере отырып бекітілген жобаға сәйкес қолданылады.
573. Бұрғылау қондырғысының палубасына құбырлы материалдар мен жабдықтарды жеткізу кезінде, Жұмысты ұйымдастыру жоспарына қоса отырып, технологиялық регламент жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |