Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет12/12
Дата12.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
#129836
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

23 - бөлім. Персоналды жеткізу

1 - тарау. Жалпы ережелер
964. ТМГҚ платформаның бұрғыланатын ұңғымаларына қарама қарсы орналасатын, тікұшақ алаңдарымен және адамдардың кемелердің желдетілген жағына келуін және түсіріп-отырғызуын қамтамасыз етуге арналған жағалау-отырғызу құрылғыларымен жабдықталады. Жағалау-отырғызу құрылғылары құрылыстың кем дегенде екі жағына орнатылады және теңіздің ең жоғарғы жылдық деңгейінен 1,5 м кем көтеріледі. Жағалау-отырғызу құрылғыларын және тікұшақ алаңдарын орналастыру РҚ ҚН 3.05-27-2004 «Теңізде және ішкі суларда мұнай операцияларын жүргізу кезінде стационарлы құрылыстарды жобалау, салу және құрастыру» сәйкес.

965. ТМГҚ-да вахтаны ауыстыру тікұшақтармен және жолаушылар кемелерімен жүзеге асырылады.

А, Б және С типті ТМГҚ-на персоналды жеткізу негізінен тікұшақтармен жүргізіледі.

966. ТМГҚ-нан тікұшақта немесе кемеде қызмет көрсетуші персоналды шығару ТМГҚ бастығымен бекітілген тізім ойынша және бақылау тұлғасының бақылуымен жүргізіледі.

967. ТМГҚ-да бақылау тұлғасымен ТМГҚ-да болу мерзіміне қарамастан оған келген және кететін барлық тұлғалар есебі жүзеге асырылады.

2 - тарау. Персоналды тік ұшақпен жеткізу
968. Персоналды стационарлы платформаларда жеткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және жаңа технологиялар министрімен 1999 жылғы 9 шілдедегі № 185 бекітілген, «Қазақстан Республикасының теңізде және ішкі суларында мұнай операцияларын жүргізу кезіндегі техникалық ережелерімен» реттеледі.

969. Отырғызу және түсіру операциялары тікұшақ командирінің және платформа бастығының (орынбасарының) тікелей бақылауымен өтеді.

970. Тікұшақты алаңға отырғызу (ұшыру) платформа бастығының (орынбасарының) рұқсаты бойынша жүргізіледі.

971. Тікұшақпен жеткізілетін барлық жолаушылар құтқару күртешелерін киеді.

972. Тікұшақты алаңға отырғызу кезінде, тікұшақты отырғызуға (ұшыруға) кедергі келтіретін, ТМГҚ орнатылған крандардың көмегімен жұмыстар жүргізуге жол берілмейді. Крандардың жебелері тікұшақ алаңынан басқа жаққа әкетіледі.

973. Тікұшақты отырғызу (ұшыру) кезінде тікұшақтағы өрт сөндіру құралдары толық дайындық жағдайына келтіріледі.

974. Дауылдық жел кезінде ТМГҚ-да болатын тікұшақ 2 бекітумен, платформаға сенімді арқандап байланады.

975. Тікұшақты отырғызу және ұшыру кезінде тікұшақ алаңында адамдардың болуына жол берілмейді.

976. Тікұшақ алаңын бөтен заттармен және айналма мен қозғалтқыштың айналу аймағына түсуі мүмкін заттармен бөгет жасауға жол берілмейді. Алаң беті мұздан және қардан тазартылады.

977. ТМГҚ-да орнатылған прожекторлар қараңғы уақытта тікұшақты отырғызу және түсіру кезінде ұшқышқа көзін қараңғылайтын әсер етпейді.

978. Тікұшақ алаңы ТМГҚ үлкен құрылыстарымен жасалатын, желдің мүмкін болатын соғуы аймағынан тыс орналасатын және отыру және ұшу жағынан ұшқышқа жақсы көрінетін, жанатын желдің бағытын көрсеткіштермен жабдықталады.

979. ТМГҚ-да тікұшақты қабылдауды қамтамасыз ету әуежайы қарастырылады.

980. Егер де ТМГҚ-да қарастырылған болса, радиомаяк жағалау мен платформа арасында ұшудың барлық уақытында қосылып тұрады.

981. Тікұшақтың ұшуына платформадан және жағалаудан, соның ішінде апат жиілігінде радиобақылау қамтамасыз етіледі.



3 - тарау. Персоналды жолаушылар кемесінде жеткізу

1 - параграф. Жалпы талаптар
982. Адамдарды қызмет көрсету кемесінен ТМГҚ-на және платформадан кемеге отырғызу осы мақсаттарға арналған құрылғылардың көмегімен жүргізіледі.

983. Отырғызу және түсіру олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, кеменің және ТМГҚ-ның бақылау тұлғаларының қарауымен өтеді.

984. Қызмет көрсетуші персоналды отырғызу платформа бастығы және кеме капитаны арасындағы алдын ала келісуден кейін жүзеге асырылады.

985. Кемеге отырғызу кезінде ТМГҚ отырғызу алаңында адамдардың жиналуына жол берілмейді.

986. Жүзетін құралдарды ТМГҚ-на арқандап байлау кезінде арқандалған ұштарды қабылдау және бекіту ТМГҚ қызмет көрсетуші персоналынан бөлінген және оқытылған тұлғалармен жүргізіледі.

Жүзетін құралдарды арқандап байлау кезінде жағалайтын алаңда арқандалған ұшты қабылдайтын тұлға ғана болады, басқа тұлғалардың болуына жол берілмейді.



2 - параграф. Жиындар және борт сыртындағы жолдар
987. Қызмет көрсетуші персоналды жолаушылар кемелеріне отырғызу және түсіру жиындардың және борт сыртындағы жолдардың көмегімен жүргізіледі.

988. Борт сыртындағы жолдар мен жиындардың барлы түрлерінде екі жағынан ұстағыш немесе тұтқамен биіктігі 1 м кем емес бағандар бар.

989. Борт сыртындағы жол кеме бортына тығыз жабысады және жолдың жоғарғы соңы сенімді бекітіледі.

990. Жиындар кеме бортында сенімді бекітіледі. Жиындарды 45о асатын бұрышта орналастыруға жол берілмейді.

991. Еңіс бұрышы 30о кем болғанда бұрылмайтын басқыштармен борт сыртындағы жолға көлденең планкалары бар, барлық ұзындығы бойынша жиынды орналастыру керек. Жиын бекітіледі.

992. Егер де кеме жолдың төменгі алаңы жағалау бүркемесінен 0,5 м биік немесе одан 20 мм кем емес төменде болса алаңнан көлденең планкалары бар және жол алаңында бекітілген жиын төселеді.

993. Жұмыс жағдайына орнатылған, жолдар мен жиындар жанында кеме бортында ұзындығы 27,5 м кем емес сызықпен бекітілген, құтқару домалағы бар.

994. Қызмет көрсетуші персоналды отырғызу және түсіру кезінде жолда немесе жиында осы операцияның қауіпсіздігін қабылдайтын, вахталық матрос болады.

995. Қараңғы уақытта адамдарды түсіру және отырғызу орындарында жарық арқандап байланатын кеменің жүргізушісіне көрсетпейтін әсер етпейтіндей етіп орнатылады.

3 - параграф. Арнайы аспа бесіктер
996. Арнайы аспа бесіктердің көмегімен адамдарды отырғызу платформа бастығының немесе оны алмастыратын бақылау тұлғасының басшылығымен жүргізіледі.

997. Аспа бесіктер адамдардың рұқсат етілген саны және аспа бесіктің жүк көтерімділігі көрсетілетін, табличкамен жабдықталады.

Арқандарды есептеу және оларды жарамсыз деп тану Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығымен бекітілген, Жүк көтергіш крандарының құрылымы және қауіпсіз пайдалану бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

998. Аспа бесіктер жүзетін қасиетке ие, амортизаторлар және кранецтен қорғаныс бар.

999. Адамдарды аспа бесіктердің көмегімен отырғызу кезінде қараңғы уақытта кеме палубасында және ТМГҚ-да аспа бесіктердің орналасу орнын 30 лк кем емес жарықтандыру қамтамасыз етіледі.

1000. Адамдарды кемеден ТМГҚ-на түсіру кезінде аспа бесікті кеменің тік шайқалуының шекті амплитудасынан үлкен биіктікке көтереді, оны палубадан теңіз жағына әкетеді және ТМГҚда көтеруді жүзеге асырады.

1001. Адамдарды ТМГҚ-нан кемеге отырғызу кезінде аспа бесікті ТМГҚ-нан теңіз үстіне түсіреді және кеменің орналасуынан бірқатар жоғары биіктікке жеткен жағдайда толқын тарамына палуба астына аспа бесікті орнатады және оған түсіреді.

1002. Аспа бесікті түсіру орнына оған бекітілген желілер арқылы бағыттайды.

1003. Арнайы аспа бесікті қолдану алдында адамдарды ТМГҚ-нан түсіру үшін келесі қажет:

1) аспа бесіктің бекітілуін, арқанның жағдайын және басқа желілерді нақты қарау;

2) қарау нәтижелері есепке алу және қарау журналына енгізіледі;

3) аспа бесіктің құрылымымен рұқсат етілген мөлшерден аспайтын адамдарды түсіруді жүзеге асыру;

4) кеме палубасында және ТМГҚ-да аспа бесікті отырғызу орнын бөтен заттардан босату.

1004. Аспа бесікте бір уақытта адамдарды және жүктерді ауыстыруға жол берілмейді.

1005. Аспа бесікте ауысуды жүзеге асыратын жолаушы құтқару күртешесін киеді.

1006. Үш айда бір рет аспа бесік бақылау тұлғасымен қаралады. Тексеру нәтижесі журналға жазылады.



4 - параграф. Дауыл траптары
1007. Дауыл траптары ТМГҚ әрбір жағында персоналдың өтуі үшін ыңғайлы жерлерде және ұжымдық құтқару құралдарының орналасу орындарында орналастырылады. Оларды орналастыру орындарында көрсеткіштер бар.

1008. Дауыл траптары бойынша адамдарды түсіру бір адамнан жүргізіледі.

1009. Дауыл трапы бойынша түсіру кезінде түсірілетін тұлға ТМГҚ палубасында адамдармен ұстап тұратын, берік арқанмен сақтандырылады.

1010. Қараңғы уақытта дауыл трапының орналасу орны жарықтандырылады (жарықтану 30 лк кем емес).

1011. Дауыл траптарын пайдалануға жол берілмейді, егер де:

1) дауыл трапы сынаудан өтпеген немесе оның кезекті сынау мерзімі өткен, ол жоғарғы бөренесіне маркалау бойынша тексеріледі;

2) кем дегенде бір бөрене жарылған, шытынаған немесе жоқ;

3) дауыл трапы платформадан беру кезінде кеме палубасына жетпейді;

4) тарамдарының – адырналардың кем дегенде біреуі сыналған;

5) адырналардың арқаны айқасқан немесе диаметрінің 1/3 тереңдігіне жанған;

6) бензель қиылысқан немесе бағаналар өзара паралельді емес.

1012. Дауыл траптары ТМГҚ қабаттарында берік бекітіледі және бақылау тұлғасымен әрбір түсіру алдында қаралады.



24 - бөлім. Қоршаған ортаның ластануының алдын алу

1 - тарау. Жалпы ережелер
1013. ТМГҚ жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар өзіне су ортасын және әуе бассейнін ластаудың алдын алу және апаттық жағдайларды ескерту бойынша барлық жабдығымен және техникалық құралдарымен, бұрғыланатын және пайдаланатын ұңғымаларды қамтитын бірыңғай технологиялық кешен ретінде қарастырылады.

1014. Әуе бассейнін немесе су ортасын ластауы мүмкін болап табылатын, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және пайдаланудың технологиялық қалдықтары жиналады және жағалаудағы базаға (қожды жинағыштар) тасымалданады.



2 - тарау. Әуе бассейнінің ластануының алдын алу

1 - параграф. Жалпы талаптар
1015. Ұңғымаларды, лақтыру желілерін және қысыммен жұмыс істейтін сауыттарды үрлеу және разрядтау кезінде бөлінетін газ жойылады. Жою мүмкін болмаған жағдайда газ шамшыраққа жіберіледі.

2 - параграф. Газды жағуға арналған шамшырақ
1016. Шамшырақ берілетін газды көп реттік және қашықтықтан жағуды қамтамасыз ететін, тұтану құрылғысымен жабдықталады (электр жағу немесе газды тұтандырғыш).

1017. Тұтандыру құрылғысы желден қорғалады.

1018. Шамшырақ желілерінде бекіту арматурасын орнатуға жол берілмейді.

1019. Шамшырақ бағанын платформада бекіту сенімді.

1020. Шамшырақты құбыр өткізгіште шамшырақ бағанында жөндеу және қарау үшін қол жетімді, отты тежегіш орнатылады.

1021. Шамшырақ бағанының құрылымы ағатын сұйықты жинауды және әкетуді қамтамасыз етеді.

1022. Шамшырақтың құрылымы ұңғыманы пайдалануға кезекпен енгізу бойынша газдың көлемінің үлкеюін ескере отырып, газды құрғатуды және тұрақты жануды қамтамасыз етеді.

1023. Шамшырақтың жануы туралы дабыл белгісі орталық басқару постында орналасады.

1024. Конденсаты ұстау үшін шамшырақты құбыр өткізгіште сепаратор орнатылады.

1025. Шамшырақты құбыр өткізгіш сепаратор жағына еңіске ие.

1026. Шамшыраққа конденсаттың түсуінің алдын алу үшін соңғысы кезең сайын сепараторлардан 3 м3 көп емес көлемде ыдысқа әкетіледі.

1027. Газды шамшырақ бағанына әкелетін барлық құбыр өткізгіштер, жүйенің жеке желілері жүйенің бір жарым есе жұмыс қысымына тығыздалады.

1028. Газды шамшырақта жағуға бере алдында, шамшырақты құбыр өткізгіш бумен немесе инертті газбен үрленеді.

1029. Шамшырақты құбыр өткізгішке газ әуе қоспаларын түсіруге жол берілмейді.



3 - тарау. Теңіз кеңістігінің ластануының алдын алу
1030. Құрылыс-құрастыру жұмыстары, бұрғылау, мұнай және газ ұңғымаларын игеру және пайдалану, мұнай және газды жинау, дайындау және тасымалдауды теңіздің ластануына әкелуі мүмкін, авариялардың алдын алуға бағытталған, қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.

1031. Бұрғыланатын және пайдаланатын ұңғымалар ауданында, технологиялық жабдық астында және сол сиқты ТМГҚ-да құрастырылатын күбілер мен ванналар ағынды сулардың жалпы жүйесімен қосылған, траптармен жабдықталады.

1032. Күбілер мен ванналардың құрылымдық орындалуы және траптардың орналасу орны күбілер мен ванналарда ағынды сулардың жиналуын болдырмайды.

1033. Ағынды суларды жинау және жою жүйелерінің желілері жол бойынша жауын-шашынның жиналу мүмкіндігін болдырмау мақсатында, кезең сайын теңіз суымен жуылады. Ол кезде жуатын су өнеркәсіп ағындарының ыдысына жиналады және оның теңізге түсуі жоққа шығарылған.

1034. Ағындар блогының ыдыстары қызмет көрсету үшін ыңғайлы жерде орналасқан, люктермен және лаздармен жабдықталады.

1035. Ағынды суларды жинау және ағызу үшін блокты қондырғы қызмет көрсету үшін басқыштармен және алаңдармен жабдықталады.

1036. Шаруашылық-тұрмыстық ағындарды ТМГҚ жағалаудағы алаңына беру ұшында ысырма және белгіленген үлгідегі фланец орнатылатын, құбыр өткізгіштің көмегімен жүзеге асырылады.

1037. Ағынды суларды жинау және ағызу үшін ыдыстар (цистерналар) деңгей өлшегіштермен жабдықталады. Ағынды сулардың шекті рұқсат етілген деңгейіне жеткендігі туралы белгі орталық басқару постында орнатылады.

1038. ТМГҚ-да механизмдердің қозғалтқыштарының өңделген майын жинау үшін ыдыс қарастырылады. Өңделген майды ыдыстан жағалаудағы алаңға бері ағынды сулардың құбыр өткізгішімен байланысты емес, май өткізгіштің көмегімен жүзеге асырылады.

1039. Ішкі жану қозғалтқышының шығатын газдарын жинау жүйесі майды ыдысқа түсіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

1040. Қожды жинау үшін бұрғылау ерітіндісін тазалау құрылғысының астына контейнерлер орнатылады (қож жинағыштар).

1041. Контейнерлері орналастыру орындарында сұйықтарды ағынды сулардың жалпы жүйесіне ағызумен қондырғы қарастырылады.

1042. Қожды жинауға арналған контейнерлер оларды тиеу және түсіру ыңғайлылығын қамтамасыз ететін, ілмектеуге арналған құрылғыларға ие.

1043. Контейнерді діріл сүзгіштің астына орналастыру (шешу) үрдісі механикаландырылады.

1044. Тиеу-түсіру операциялары кезінде контейнерлер қымталып жабылады.

1045. Өнімдік және өзге де қатты қалдықтар контейнерлерге тиеледі және жағалауға жіберіледі.

1046. Қалдықтар, фанды және унитаздан, қол жуғыштан, жуынатын жерден, жуатындардан ағынды сулар фекалды цистерналарға жіберіледі және қызмет көрсету кемелеріне құйылады.

1047. Тұрғылықты бөлмелерден канализация жүйесі ағынды сулар жүйесінен ажыратылады.



2 - бөлім. Өндірістік бақылау
1048. Иесі келесіні қамтамасыз етеді:

1) мұнай операцияларын қауіпсіз жүргізуді;

2) мемлекеттік органдарға белгіленген есептілікті дер кезінде және толық ұсынуды;

3) бекітілген жобаларға және технологиялық регламенттерге сәйкес құрылыстарды салу, техникалық қызмет көрсету, жабу және жою;

4) өзгерген геологиялық және өзге де жағдайлармен негізделген, жобалық шешімдерді түзетуге ұсыныстарды дер кезінде енгізу;

5) бекітілген құжаттаманы жүргізу;

6) қолдану қоршаған ортаға минималды әсер ететін, алғышартты технологияларды пайдалану.

1049. Жұмыстарды бастау алдында белгіленген тәртіпте келесілер рәсімделеді:

жауапты басшыны тағайындау туралы шешім;

персоналды үйрету және жұмысқа рұқсат ету;

жұмыс жүргізуге қажетті рұқсаттар;

техникалық құрылғыларға куәліктер;

құрылыстарды пайдалануға қабылдау актілері.

1050. Жеке объектілерде жұмысты бастау, белгілі бір мерзімге уақытша тоқтату немесе тоқтату иесінің шешіміне сәйкес жүргізіледі.

1051. Жеке операцияларды жүргізуге технологиялық регламенттер ұйымның техникалық басшысымен бекітіледі.

Минималды қажет регламенттердің тізімі:

инженерлі зерттеулер;

су асты негіздерінің, жасанды аралдар мен арналардың құрылысы;

стационарлы платформалар құрылысы;

жүзетін бұрғылау қондырғыларын орналастыру;

бұрғылау ерітінділерін дайындау және олардың сапасын тексеру;

ұңғыма оқпанын дайындау, обсадты бағаналарды түсіру, цементтеу және цементтеу сапасын тексеру;

сағаны жабдықтау, обсадты бағаналарды қымталуға сынау және тастамаға қарсы жабдықты пайдалану;

кернді бөлу, тасымалдау, зерттеу және сақтау;

мұнайдың төгілуін тазалау;

ұңғымада геологиялық-геофизикалық зерттеулер және нәтижелерін өңдеу;

ұңғыманы перфорациялау, ағынды шақыру, қарқындау және сынау;

ұңғыманы жабу;

қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайларды бақылау органдарын ескертумен және тиісті бітеумен ұңғыманы жою тәртібі.

1052. Өндірістік және қызмет көрсетуші персоналға рұқсат ету объект немесе жұмыс басшысының рұқсатымен, дайындығын, физикалық жағдайын, нұсқаулықтан өтуін тексергеннен кейін, жеке қорғаныс құралдары болған жағдайда жүргізіледі.

1053. Жұмысшыларға ұйым есебінен белгіленген нормадан төмен емес, арнайы киім, арнайы аяқ киім, жуатын және залалсыздандыратын материалдар, емдеу-алдын алу тағамы беріледі.

1054. Орындаушылар тобына тапсырма берілген жағдайда қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін және объектіде жұмыс жүргізу кезінде өндірістік бақылауды жүзеге асыратын жауапты жетекші тағайындалады.

1055. ГМСК, АА алдын алу үшін ұңғымада өнімдік ұңғымаларды ашу алдында оқу мен жаттығуды қоса алғанда, технологиялық регламентке сәйкес, ПФБ бойынша персоналды дайындау жүргізіледі, және де ары қарай ұйымның кестесі бойынша кезең сайын жүргізіледі.

1056. Құрылысы салынып біткен құрылыстар бас мердігердің қабылдау комиссияларымен актіге қол қойылғаннан кейін пайдалануға беріледі.

1057. Қабылдау комиссиялары:

1) жобалардың, технологиялық регламенттердің, техникалық куәліктердің, қолданылған материалдардың сапасын, құрылысын, құралдар мен жабдықтардың сапасын куәландыратын өзге құжаттардың; өндірістік бақылау туралы ереженің, АЖЖ болуын тексереді;

2) құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғалармен жасалған, нақты орындалған жұмыстардың сәйкестігі туралы есептерді, атқару құжаттарын (сызбаларды, жабық жұмыстарға актілерді) қарайды;

3) жабық жұмыстарды куәландыру туралы, жеке құрылымдарды аралық қабылдау туралы, құрастырылған жабдықты, технологиялық құбыр жолдарын, электр желілерін, жылыту, желдету, дабыл белгілерінің, байланыс, жарылысқа қауіпсіздікті және найзағайдан қорғауды қамтамасыз ететін құрылғыларды жеке сынаулар туралы актілермен танысады.

Жабдықтар мен қондырғыларды сынау кезінде мемлекеттік бақылау органдарының сәйкес өкілдері шақырылады;

4) анықталған жетіспеушіліктерді жоюға ұсыныстар береді. Объектінің жобалық шешімдерге сәйкестігі кезінде құрылыстарды пайдалануға қабылдау туралы актіге қол қойылады.

Жоғарыда аталған құжаттар және актілер құрылысты пайдалану аяқталғанға дейін сақталады.

1058. Құрылыстар және орнатылған жабдық, құралдар мен техникалық құрылғылар олардың пайдалану және жөндеу бойынша құралға сәйкес, сәйкес құжаттарда жазыла отырып, кезеңдік тексерулерден, техникалық қызмет көрсетуден және бақылау сынамаларынан өтеді.

1059. Обсадты бағаналарды түсіру және цементтеуге, обсадты бағаналардың, тастамаға қарсы жабдықтың және оқшаулау көпірлерінің қымталуын сынау, ұңғымада объектілері сынауға – сәйкес актілер жасалады.

1060.Ұңғымалар куәліктерінде бұрғылау ерітіндісінің көрсеткіштері мен жинақтары, бұрғылау құралын жинақтау және бұрғылау режимі, геологиялық-геофизикалық жұмыстардың әдістері, көлемі және нәтижелері, аварияны, инциденттерді жоюды сипаттау және ұңғыманы жабу және жою бойынша орындалған жұмыстар жазылады.

1061. Ұңғымалар олар бойынша жобамен қарастырылған, жою бойынша жұмыстарды немесе мұнай мен газды қазымдауға беру үшін дайындау жұмыстарын қоса алғанда, барлық жұмыстар орындалған жағдайда құрылысы аяқталған деп саналады. Құрылыстың аяқталғандығы туралы акті бас мердігермен бекітіледі.

Қолданылған қысқартулар
АҚҚ – апаттық құтқару қызметі;

БК – бұрғылау кемесі;

ГМСК- газ- мұнай- су көрінулері;

КҚК – кранды құрастыру кемесі;

ТМГҚ – теңіз мұнай газ құрылысы;

АА – ашық атқылау;

ЖБҚ – жүзетін бұрғылау қондырғысы;

ТКЖ – тастамаға қарсы жабдық;

ШРК – шекті рұқсат етілген концентрация;

АЖЖ – апатты жою жоспары;

ЖҰЖ – жұмысты ұйымдастыру жоспары;

РЗ – радиобелсенді заттар;

ЖҚҚ – жеке қорғаныс құралдары;

ТКО – түсіріп-көтеру операциялары.



_________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет