8.1 суретінде тұтынушы пен шығыс сервер арасында прокси-сервер болған кезде жүзеге асатын өзара әрекеттесу кезеңдері берілген. Пайдаланушы белгілі URL-адресті таңдаған соң, браузер домен атаулы серверге барады (DNS), мақсаты өзі бапталған жұмысы үшін прокси сервердің IP-адресін анықтап, содан кейін прокси-сервермен (1 және 2 кезең) ТСР-қосылуды орнату. Браузерден (3 кезең) түскен HTTP-сұратым прокси-серверді DNS-ке шығыс сервердің (4 кезең) IP-адресін алу үшін баруға мәжбүрлейді.
Браузер мен прокси-сервер әртүрлі DNS-серверді қолдана алады. Прокси-сервер шығыс сервермен ТСР-косылуды орнатып, шығыс серверге HTTР-сұратымды жібереді (5 және 6 кезең).
Шығыс сервер жауабы кері прокси-серверге жіберіледі, ол жақтан браузерге бағытталады (7 және 8 кезең). Бұл кезеңде браузер прокси-сервермен міндетті емес қосылуларды орната алады, сонымен қатар прокси-сервер шығыс серверімен жеке өзінің міндетті емес косылуларды орната алады (9 және 10 кезең).
Прокси-сервер тізбегі мен иерархиялары
Бұл технологияның дамуының бастапқы сатысында тұтынушының сұратылған ресурспен қосылысы бір прокси-сервер есебінен орындалды. Желі және ұйым көлемі ұлғайғандықтан бірнеше прокси-серверлер немесе прокси-сервер тізбегі қолданыла бастады.
Бұған себеп болған Web қолданушы ұйымдардың кұрылымы. Мысалы университетте барлык Web-транзакциялар өтетін прокси-сервер бар делік, бірақ университеттің өзге факультеттерінде өз жеке прокси-серверлері болуы мүмкін. Университеттің Internet-ке шығуы өз жеке прокси-сервері бар провайдер арқылы жүзеге асады.
Шығыс сервердің Internet-ке шығуы прокси-сервер арқылы орындалады. Осының нәтижесінде пайдаланушы сұратымы тізбекті түзетін бірнеше прокси-серверлерден өтеді: Қазіргі уақытта Web-те сұратым өзара байланысқан прокси-серверлер арқылы өтеді. Пайдаланушы агенті Web-пен болатын барлық операциялары үшін прокси-сервермен әрекеттесуге бапталуы мүмкін, 8.2 суретте осындай жүйенің конфигурациясы көрсетілген.
Суреттен көретініміздей, пайдаланушы агентінен шығыс серверге жеткенге дейін бірнеше прокси-сервер өтуі ыктимал. Көп жағдайда накты сурет берілген суреттен ерекшеленуі мүмкін. Осылайша аралык серверлер екі жағынан косылған өзге серверлерге ие болады. Серверлер тобы ұйым ішінде иерархия түзуі жиі кездесетін жайт.
Мысалы, аймақтык прокси-сервер өзге аймақтык прокси-серверімен, ал олар өз кезегінде ұлттық прокси-серверлермен байланысты болуы мүмкін. 8.2 суреттен ерекшеленетін сызыкты тізбекті құрылым, аймактық не ұлттық прокси-серверлер сыртында өзге прокси-серверлер болуы ыктимал. Прокси-серверлердің мұндай иерархиялық құрылымы
Internet-ке ену қымбат тұратын елдерде кеңінен таралған. Қосылуға шектеуді аймактық не ұлттық деңгейде кою аркылы пайдаланушының күту уақытын үнемдеп, қосылу құнын төмендетуі мүмкін. Прокси-серверлер тобы жауаптарды сактау үшін үлкен көлемді кэштеуге кызмет көрсете алады. Алайда бірнеше прокси-сервердің болуы себепті өзге қажетті кэш табу қажеттілігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |