Тәжірибелік сабақ прокси-серверлер


Жауаптар мен сұратымдардың түрленуі



бет6/8
Дата25.05.2022
өлшемі443.49 Kb.
#458633
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Тәжірибелік сабақ 4

Жауаптар мен сұратымдардың түрленуі
Прокси-сервер сұратымды не жауапты, ал кей жағдайларда екеуін де модификациялай алады. Тұтынушы прокси-серверге өз компьютерлері мен қосылулары жайлы қажетті мәліметтер бере алады.
Прокси-сервер жауапты нақты тұтынушы мүмкіндіктеріне қарай бейімдей алады. Мысалы, өткізгіштігі төмен байланыс арқылы қосылған пайдаланушы жіберілуді тездету үшін ақпаратты сығымдалған күйде алғысы келуі ықтимал. Прокси-сервер сұратым мен жауапқа қарай модификациялауды іріктеп жүргізеді. Прокси-сервер сұратымды тұтынушы мүмкіндігін ескермей түрлендіре алады. Прокси-сервер сұратымға оның мүмкіндігі туралы мәліметті қоса алады.
Мысалы, прокси-сервер мен шығыс сервері белгілі бір сығымдау алгоритмін қолдануы мүмкін, ол жауап пен сұратым бітімін едәуір кішірейтеді. Тұтынушы хабар алмасудың бұл бөлігінде қатыспайды, тұтынушының болмауы желінің өткізгіштік қабілетін тиімді қолдануға кедергі келтірмейді.
Осыған ұқсас прокси-сервер мен шығыс сервері косымша мүмкіндіктерге ие HTTР-ның жаңа нұсқасымен жұмыс істей алады. Прокси-сервер сұратымды кодтау қабілетіне ие немесе жауапты заманауи түрге келтіре алады. Түрлену сұратым мен жауаптың семантикасына әсер етпейді.


Сұратым мен жауаптың сүзгіден өтуі
Кей жағдайда прокси-сервер «күзетші» рөлін атқарады, қажетсіз сұратым мен жауапты сүзгіден өткізеді. Прокси-сервер сұратым мен жауапты сайт адрестері негізінде, жауаптың көлеміне қарай, сүзгіден өткізеалады.
Ұйымдар әдетте өз желісін пайдаланушыларға ережесін ұсынады, белгілі бір сайттарға кіруге тыйым салады (ойын, анекдоттар сайты, порнографиялык), электронды аукциондар мен жұмыска орналасу сайттары.
Мұндай жағдайда прокси-сервер ұйым тыйым салған сайттар тізімін салыстырып, оған түскен сұратымдарды өңдемей, жауап ретінде кате деген ақпарат жібереді. Салыстыру толық URL-мен жасалуы мүмкін ( http://www.uiiitedmeclia.com/dilbert ), алайда көбінесе URL-дың сервер атын білеіретін жартысымен ғана салыстыру жасалады (www.umtedmedia.com).
Сүзгілеу кезінде мұндай шектеулерді анық көруге болады. Кейде кейбір қызметкерлерге тыйым салынған сайттарға кіру қажет болады. Ондай кезде тұтынушы прокси-серверді айналып өтуі керек не прокси- сервер олардың IP-адрестері негізінде жекелеген рұксат беруі тиіс.
Сұратымдарды сүзгілеудің тағы бір әдісі - Web-сұратымдағы клиенттің электронды адрес сияқты мәліметтерді алып тастау.
Жауаптарды сүзгіден өткізуде прокси-сервер күдікті форматтағы жау- аптарды өшіреді. Кейбір вирустар белгілі формат түріндегі ресурс болып берілетіндіктен прокси-сервер жауапты клиентке жібермей тұрып, оларға косымша уақыт бөліп тексереді.
Мәтін мен кескіннен басқа Web-те жауап ретінде бағдарламалар да келуі мүмкін. Мысал ретінде Java апплеті мен JavaScript сценарийін айтуға болады. Интеллектуалды прокси-сервер мұндай бағдарламалардың зиян тигізбейтіндігін қатаң тексереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет