Тәжірибелік сабақ прокси-серверлер



бет2/8
Дата25.05.2022
өлшемі443.49 Kb.
#458633
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Тәжірибелік сабақ 4

HTTР прокси-сервер. HTTP proxy сервер - ең көп таралған прокси-сервер, HTTP және (барлық кезде емес) HTTPS / FTP хаттамалары бойынша Internet-те жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ол қалған прокси-серверлер секілді Internet-алынатын акпаратты кэштеуді жүзеге асырады.
Бұл бағдарламалык кешен тек НТТР хаттамасымен жұмыс істейді, интернеттен Web-парақшалар қарап, файл жүктеу үшін қажет. Өзгелерінен өз функциясы арқылы ерекшеленіп, түршелерге бөлінеді:
Элиталық прокси. Web-ресурсқа косылып, өз IP-ді жасыра аласыз. Бұл прокси SMM және SEO процедуралары арқылы жасалатын немесе аймақтык белгілер бойынша блоктауды тексергенде қажет болатын кәсіпқой жұмыстарға дәл келеді.
Жасырын Web-прокси. Прокси колданылғаны жасырылмайды, алайда сіздің IP өте сенімді жасырынады. Бұл форумдарда, чаттарда немесе онлайн-ойындарда жиі қолднылады;
SQUID (айқын прокси). Алдыңғы екеуімен салыстырғанда бұл түрінде ештеңе жасырылмайды. Ол squid түрінде, яғни өзге проксиге бағыттауда қолданады;
HTTPS проксиі. Бұл түрше өз жұмысында қауіпсіз SSL-ді қолданады. Сол үшін атаулар шифрленіп, қосылу толығымен жасырын болады. HTTPS проксиін коммерциялық мақсатта не ұжымдық ұйым желісін интернетке қосуда қолданған жөн.
SOCKS проксиі. Сервердің бұл типінің осылай аталуына SOCKS хаттамасын қолданудан келіп шыққан.
SOCKS («SOCKet Secure» сөзінен қысқартылған) - тікелей қосылуды блоктайтын желілік экрандармен желілік қосымшалардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін хаттама. Мұндай жағдайда екі тұтынушыға да рұқсат етілген аралық серверді қолданған дұрыс.
Ол бірінші тұтынушыдан екіншіге және керісінше мәліметтерді жеткізеді. http-проксиден ерекшелігі, SOCKS арқылы прокси кез келген трафикті жіберуге болады (FTP). Сонымен катар SOCKS тек таза мәлімет беретіндіктен, оны тексеру киын.
Күнделікті өмірде SOCKS проксиі тыйым салынған желілік экрандарға (фаерволлом) енуге қолданылады. Сіз серверге сұратым жіберетіндіктен қосылуға тыйым салынбайды.
SOCKS тұтынушыдан серверге барлык мәліметті жеткізетіндіктен, web-сервер тұрғысынан socks проксиі клиент болып табылады. Бұл proxy-сервердің жасырын болуы толығымен жүзеге асырылады.
Екіншіден, бұл серверлер не үшін қолданылады десек, ір-адрестерді жасыру мақсатында екен. Бұл жағдайда қашықтағы интернет-серверге қосылуды сіз емес, SOCKS-прокси орнатады, сондықтан соңғы сервер сіз не сіздің компьютеріңіз жайлы ешқандай мәлімет ала алмайды.
SOCKS хататмасының екі нұсқасы бар: 4 және 5.
SOCKS 4 TCP хаттамасымен Telnet, FTP және танымал мәлімет алмасу хаттамалары HTTP, WAIS және Gopher-мен жұмыс істейтін клиент-сервер қосымшасы үшін аутентификациясыз желіаралық экран арқылы жұмысқа арналған. Шындығында, SOCKS-серверді SOCKS хаттамасын қолданатын желіаралык экран деуге болады.
SOCKS 5 SOCKS 4 моделін кеңейтіп, UDP қолдауын қосып, қатан аутентификацияның әмбебап сызбасымен қамтамасыз етіп, адресация әдісін кеңейтіп, домен атаулар мен IPv6 адрестерінің қолдауын үстейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет