Тәжірибелік сабақ прокси-серверлер


Тұтынушыларды анонимизациялау/жасыру



бет5/8
Дата25.05.2022
өлшемі443.49 Kb.
#458633
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Тәжірибелік сабақ 4

Тұтынушыларды анонимизациялау/жасыру
Прокси-серверы клиенттерді анонимизациялауда үлкен рөл аткарады. Web-сұратым шығыс серверге прокси-сервері арқылы келеді, шығыс сер- верге прокси-серверді сұратым жіберген тұтынушы ретінде кабылдайды. Шығыс сервер сұратым жіберген компьютер атын идентификациялауға тырысканда, тұтынушы орнына прокси-серверді көреді.
Прокси-сервер қатарында көптеген тұтынушы компьютерінің болаты- нын ескерсек, шығыс серверінде накты тұтынушыны анықтау мүмкіндігі болмайды. Рұқсатты анонимизациялау нақты тұтынушылар үшін өте маңызды болуы мүмкін. Кейбір пайдаланушылар құпия ақпараты бар сайттарға енуі мүмкін. (денсаулығына қатысты), сол себепті жария еткісі келмейді. Бұл туралы тек прокси-серверге белгілі болады.
Прокси-серверді қолдаушы ұйымдарды оны басқаратын құралдар болады. Internet қызметін жеткізушілер Web-те жекелеген тұтыну- шылардың істеген жұмысы, алынған мәліметі жайлы акпаратты кұпия ұстайды. Кейбір прокси-серверлер хабарламаның кімнен шығып, кімге баратынын жасырмай көрсетеді.
Жалпы алғанда прокси-серверлер анонимдікті қамтамасыз етеді, сұратымда пайдаланушы туралы ақпараттың екі фрагменті болады:
1. ақпараттың бірінші фрагменті - User-Agent атауы, сұратымда болады, ол пайдаланушы браузері мен оның компьютерінің бағдарламалық жасактамасы туралы мәлімет болады.
2. ақпараттың екінші фрагменті - тұтынушы сеансының қалпын анықтайтын мәлімет. Бұл ақпарат cookies-де немесе шығыс сервері жасаған сеанс идентификаторының өзге жолдарында сақталады.
Прокси-сервер көптеген пайдаланушы сұратымын жіберетіндіктен, анонимдікті белгілі бір дәрежеде қамтамасыз ете алады. Шығыс серверлеріне тұтынушы компьютерлерінің IP-адресі сұратым проксисервер арқылы келетіндіктен белгісіз болады. Дегенмен cookies проксисервер камтамасыз ететін анонимдіктің деңгейін әлсіреті. Мұндай ақпаратқа ие шығыс сервері пайдаланушылардың прокси-сервер жағында болғанына қарамастан, олар туралы мәліметке ие болады. Егер шығыс серверіне пайдаланушы туралы басқа да ақпараттар белгілі болса, cookies арқылы келген мәліметпен қосып, пайдаланушы туралы нақты ақпарат ала алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет