Студенттің педагогикалық практикасының мектептегі жетекшісінің міндеттері
Студенттің мектептегі педагогикалық практикасын өту кезінде мектеп тарапынан практика жетекшісі тағайындалады. Ол жетекші студенттің практика жоспары бойынша барлық практикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалайды. Педагогикалық практика тиімді және жоғары дәрежеде өтуі үшін, студент практика кезінде педагогикалық әдістер мен тәсілдерге үздік машықтануы үшін мектеп тарапынан тағайындалған жетекші келесідей жетекшілік жұмыстарды атқаруы тиіс:
- практикантқа барлық қажетті жағдайларды жасау;
- мектептегі бастауышта оқытылатын пәндерінің мемлекеттік бағдарламасымен таныстыру;
- бастауыш пәні бойынша жылдық, тоқсандық және жеке сабақтық жоспарлармен танысуына мүмкіншілік беру;
- практикантқа сынып жетекшісі рөлін меңгеруге жағдай жасау;
- педагогикалық шеберлікті арттыру және жаңа технология бойынша сабақ жүргізу әдістемелерімен таныстыру;
-тәрбие сағаттарын жүргізуге мүмкіншілік беру;
-студентті педагогикалық емес жұмыстарға пайдаланбау;
- студенттің практикалық қызметін жоспар бойынша атқаруына жағдай жасау;
- студенттің практика жөніндегі есеп түзуіне қажетті құжаттармен қамтамасыз ету; - студентке практика жөнінде мінездеме беру;
- практика кезіндегі жетістіктер мен кемшіліктер туралы колледж тарапынан тағайындалған жетекшіге хабар беру.
Студенттің педагогикалық практикасының колледж тарпынан жетекшісінің міндеттері
Практика жетікшісі оқу практикасы кезінде студенттерге практиканың мақсаттары мен міндеттерін, студенттің практика кезінде атқаратын жұмыстарына сипаттама, мектеп туралы, сыныптар туралы мәліметтер және студенттердің практика кезінде орындайтын жеке тапсырмаларының тақырыптарын береді.
Жетекші келесі жұмыстарды атқаруы тиіс:
- оқу практикасында педагогикалық практиканың уақытын, мерзімін және сипатын түсіндіреді;
- практика соңында түзілетін есептің мазмұны мен түзу ережелерін және оған керекті, практика кезінде жинайтын материалдардың сапасы мен санын көрсетеді;
- практикадан кейінгі есеп беру мерзімін анықтайды;
- практика күнделігін толтыру ережелерін түсіндіреді;
- мектеппен практиканттардың орындайтын педагогикалық жұмыстарының реті мен түрлерін анықтайды;
- студенттерге мектептегі тәжірибелі ұстаздардың арнайы дәрістер беруін және педагогикалық шеберлікті арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстармен таныстыруын қамтамасыз етеді;
- практика кезінде үнемі қадағалауды қамтамасыз етеді;
- практика біткеннен кейін практика туралы есепті қорғауды қамтамасыз етеді;
- практика соңында қорытынды конференция өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |