Тәжірибенің мақсаттары мен міндеттерімен танысу


Педагогикалық практиканы өткізуге қойылатын талаптар



бет3/8
Дата19.12.2023
өлшемі26.87 Kb.
#487122
1   2   3   4   5   6   7   8
f61533e642af250

Педагогикалық практиканы өткізуге қойылатын талаптар
Педагогикалық практика міндетті түрде мектепте өткізіледі. Практика өтетін мектеппен заңды бекітілген келісім шарт болуы тиіс. Педагогикалық практикаға студенттер колледждің директорының бұйрығымен бекітілген және оқу жоспарында көрсетілген мерзімде барады. Алдын ала, студенттердің қай мектепке және қандай сыныптарға қай сабақтардан мұғалім қызметін атқаратыны туралы мағлұматтар жиналады. Студенттерге арнайы практика жөніндегі әдіскер бекітіледі. Практикаға керекті әдістемелік және келісім шарттық құжаттар тапсырылады. Практика кезінде студенттің орындайтын жұмыстары мен жинайтын материалдары және практика туралы есеп беруге қажетті материалдар мен құжаттар тізімі нақтыланады; практикаға жолдама, күнделік және практикаға арнайы тапсырмалар. Мектепке келгеннен кейін студенттер мектеп басшысының нұсқауы бойынша белгілі пән мұғалімінің қарамағына бекітіледі. Практикант оқу бағдарламалары және сабақ жоспарларымен еркін танысуы шарт. Практикант мектептегі техника қауіпсіздігімен танысып арнайы журналға қол қояды. Сабақ кестесімен танысады. Практика кезінде студент күнделікті атқарған жұмысы туралы жазбаша есеп жинайды. Практика соңында студент күнделігін және практика өткені туралы құжаттарды мектеп басшысының қолымен және мөрімен нақтылап жабады. Студентке мектептен мінездеме береді. Студент күнделіктен басқа, барлық байқаған және үйренген әдістемелік материалдар туралы арнайы дәптерге материал жинайды. Практика соңында барлық жиналған материалдарды қорытындылап практика туралы есеп жазады.Колледжге келгеннен кейін келесі студент практика туралы есебін өткізуі тиіс. Практикаға қатыспаған студентке және практика кезінде барлық педагогикалық ережелерді сақтамаған және оны бұзған студенттерге мектеп директоры шара қолдануға құқылы және ол туралы колледж директорына хабарлайды. Колледж директоры ол хабарды талқылап ары қарай қандай шара қолдануды шешеді.
Оқу практикасы туралы қысқаша сипаттама.
Бастауыш мұғалімдерін даярлау жүйесінің ең негізгі бір бөлігі – оқу практикасы. Оқу практикасы кезінде студенттердің бастауышта мамандығын игеруге жыл бойы лекцияларда, семинарларда алған білімдері тиянақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет