Кесте 1 – Ғалымдардың «білім беру» ұғымына берген анықтамалары
Ғалымның аты жөні
|
Анықтама
|
А.Г.Асмолов
|
Кең мағынадағы білім беру – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын кұзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған процесс
|
В.А.Сластенин
|
Білім беру – адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбиелеу және оқыту процесі
|
ЮНЕСКО, 1997 ж.
|
Білім беру – жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру процесі және нәтижесі
|
Педагогикалық энциклопедия
|
Білім беру – жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі
|
Ж.Б Қоянбаев.,
Р.М Қоянбаев
|
Білім беру – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі
|
С.Қ. Мұхамбетова
|
Білім беру – оқушылардың жалпыланған қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру және меңгеру процесі мен нәтижесі
|
Абай ҰПУ ұжымы. Педагогика
|
Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудегі шығармашылық қабілеті, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі
|
Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті.
Білім беру ұғымының күрделілігі, көпжақтылығы оны жан-жақты қарастыруды кажет етеді. Білім беру философиясының белгілі маманы Б.С.Гершунский білім беру ұғымын 4 аспектіде қарастыруға болатынын атап көрсетеді
Достарыңызбен бөлісу: |