Тексерген: Сайдахметова Л. Т курс: 2 Мамандығы



бет4/4
Дата05.12.2022
өлшемі172.17 Kb.
#466551
1   2   3   4
Минанова.Пед

Парадигмағылымның негізгі өлшем бірлігі, нақты ғылыми зерттеулерді анықтайтын және ғылыми практиканың сол кезеңінде жүзеге асатын теориялық және әдіснамалық алғышарттардың жиынтығы.
Педагогикалық парадигма – бұл білім беру мақсаттарын шешудегі белгілі стандарт, қалыптасқан көзқарас. Дәстүрлі педагогикада парадигма ретінде қарастырылатындар: оқушы – педагогикалық қарым-қатынас объектісі; мұғалім – басқару органдарының директивті нұсқауларын орындаушы; педагогикалық қарым-қатынас барысындағы тұлғаның ішкі жан дүниесі, әлеуеті және т.с.с.
Білім беру парадигмасын анықтайтын факторлар:
- адамзаттың белгілі тарихи кезеңге қажетті анықталатын білім мен біліктіліктің жиынтығына деген көзқарас; - өркендеу бағытындағы мәдениет пен адамзаттың даму әдістерін ұғыну; - ақпаратты кодтау және тарату принциптері; - адамзаттың әлеуметтік дамуындағы білімнің орнын бағалау; - білім беру процесінде білім мен мәдениеттің тасымалданушысы ретінде педагогтың орны мен рөлін түсіну; - тәрбиелеу-оқыту-білім беру құрылымындағы баланың орны мен рөлін анықтау және т.б.
Ш.А.Амонашвили білім берудің ізгілікті парадигмасын ұсынады. Ал ғалым Е.А.Ямбург парадигманы когнетивтік (интеллектуалды даму) және тұлғалық (эмоционалды және әлеуметтік даму) парадигмалары ретінде ажыратады.
Барлық инновациялар, инновациялық педагогикалық парадигмалар білім беру мазмұнын жетілдіруге бағытталады.
Білім беру жүйесіне ықпал ететін негізгі факторлар:
- ғылыми білім тұрақты жаңаруда; - техника мен технологиялардың жылдам даму қарқыны байқалуда; - еңбекті ұйымдастыру үлгісі өзгеруде; - қазіргі кезеңде белгілі бір сала мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуда стандартты біліктердің жеткіліксіздігі; - қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар ересек адамдарда тапшы болуда.
Қорытынды
Қазіргі таңда заман талабына қарай мұғалімдік қызметтегі адамдарға талаптар да күшейе түсті. ҚР «Білім туралы» Заңында педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған.
Педагог қызметкердің мәртебесі:
1) Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады.
2) Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.
Қазіргі заманғы білім беру жағдайында кәсіби біліктіліктің, құзыреттіліктің бұл құрылымдық компоненті тағы 3 компонентпен толықтырылады:
1) жаңашылдылыққа деген құлшыныс, инновациялық технологияны меңгеруі – шығармашылық білігі;
2) инновациялық тәжірибені үйрену, зерттеу, жинақтау білігі – ізденушілік;
3) кәсіби іс-әрекетке талдау жасай алуы, сындарлы ойлауы – педагогикалық рефлексияға қабілеттілігі.
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері кезеңінде мұғалімге төмендегідей жаңа талаптар қойылады: бәсекеге қабілеттілік; білім сапасының жоғары болуы; кәсіби шеберлілік; табыстылық; креативтілік.
Еліміздегі білім беру жүйесінің басты міндеттері – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, білім мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады.
Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі негізгі міндеті – педагогикадағы жаңалықтың өмірге келуін жүйелі зерттеу, оның даму жолдарын анықтау, инновациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне тиімді енгізуі.
Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі негізгі міндеттерін инновациялық педагогика айқындайды. Инновациялық педагогиканың теориялық негізін жалпы педагогиканың теориясы мен педагогикалық инноватика құрайды: педагогикалық шығармашылық теориясы; озат педагогикалық тәжірибені тарату; педагогикалық жаңалық теориясы; ғылыми жетістіктерді практикаға енгізу теориясы; педагогикалық неология; педагогикалық аксиология; педагогикалық праксиология.
Оқу-тәрбие процесінде педагогикалық жаңалықтардың теориясы және практикалық маңыздылығын анықтау үшін жаңалықтың шығу тегін, құндылығын білуіміз қажет. Ал бұл мәселемен педагогиканың жаңа саласы педагогикалық аксиология айналысады.
Пайдалынлғын әдебиеттер
Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу құралы)-Алматы, 2016.
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Берикханова А.Е. Педагогика. Оқулық. – Алматы: 2017.
Котова И.Б., Шиянов Е.Н. Социализация и воспитание. – Ростов-на Дону. 1997.
Мудрик А.В. Социализация и смутное время. – М., 1991. К.Ж.Бұзаубақова Педагогика-Тараз 2019

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет