Тексерген: Т. Т. Бөкейханова


жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады



бет4/4
Дата03.01.2022
өлшемі27.1 Kb.
#451218
1   2   3   4
Айсауле сро педогогика

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады:

  • 1-саты — жалпы бастауыш білім беру ( 1–4-сыныптар — бастауыш мектеп). Оқуды бастау жасы — 6 жас.

Оқу мерзімі — 4 жыл.

Негізгі міндеті — баланың жеке басының қарқынды қалыптасуын қамтамасыз етіп, оның өз бетінше білім алуы жəне оларды танымдық есептерді шығаруда пайдалану қабілеттері, коммуникативтік іскерліктері дамытылады, оқуға құштарлық, оқу іскерліктері мен мақамдары қалыптастырылады



  • 2-саты — негізгі орта білім беру (5–10-сыныптар — негізгі мектеп). Оқу мерзімі — 6 жыл.

Негізгі міндеті — адамдар арасындағы жəне этносаралық қатынастар мəдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, теориялық ойлау тəсілдері мен ғылыми таным əдістерін игеруіне ықпал ететін оқу əрекетін ұйымдастыру. Бейіналды оқыту енгізіледі.


  • 3-саты — жалпы орта білім беру (11–12-сыныптар — жоғарғы мектеп). Оқыту ұзақтығы — 2 жыл. Негізгі міндет — бейінді оқыту

Бейінді оқыту — жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке жəне өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сəйкес əлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау [1].


ҚР-дағы білім беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін:


      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша бекітсін;
      2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айкындалған мерзімде және тәртіпте Бағдарламаны іске асыру мониторингі нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.

 3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.


      4. «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626 Жарлығының 
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.


      6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың


2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет