Тексерілді: Тәрбие сағаты


Өзін-өзі бақылауға арналған психологиялық жаттығу



бет3/4
Дата07.12.2023
өлшемі0.83 Mb.
#485832
1   2   3   4
1 адам бойындағы асыл қасиеттер тс

Өзін-өзі бақылауға арналған психологиялық жаттығу
Балаларға жағымсыз эмоцияларды болдырмауға үйрететін өте маңызды психологиялық жаттығу. Мектеп оқушылары ашуланған кезде, тіпті біреуді ұрғысы келгенде, кідіріп, бірнеше рет терең дем алып, дем шығарып, содан кейін тік тұрып, көздерін жұмып, онға дейін санап, күлімсіреп, көздерін ашу керек екенін жиі еске салуы керек. Ашулану мен тітіркену тыныштық пен күлімсіреуден қорқады.
Балалар өздерінің эмоцияларын басқаруды үйренгенде, оларды шынымен ересек, лайықты оқушылар деп санауға болатындығын атап өту маңызды.


Сезіне алдыңыздар ма? Қандай күйде отырсыз?Күлімсіреу, жақсылық жасау жамандықтың бетін қайтарады. Сол үшін үнемі кез келген жағдайға күліп қарап, қарсы алуымыз қажет екен. Мәселен, ертегі сиқыршылары үнемі өзгелердің тілегін орындап, жақсылық жасайды емес пе? Олардың мұңайып, жақсылық жасағысы келмегенін көріп пе едіңіз? Әрине, жоқ. Олар әрдайым күліп жүреді екен. Ендеше сіздер де сол сиқыршының орнында болып көргіңіз келер ме еді?


«Сиқыршы пері» рольдік ойыны. Кроссенс әдісі арқылы ертегі сюжетін көрсету.


  • Халық: "Жақсылық ғажайып жасайды" дейді. Бәріміз білетін «Күлше қыз» ертегісін есімізге түсірейікші. Кім оқиғаны баяндап бергісі келеді?

  • Күлше қыз кімнің арқасында ханшайымға айналды?

  • Сіз де дәл солай сиқыршы болсаңыз өзгелерге көмектесер ме едіңіз?

  • Таяқшаны жағып, оны сиқырлы деп елестетейік. Енді оны кім қолына алса, сиқыршыға айналады. Қиялды қосыңыз, ертегі сиқыршысына айналған соң не істер едіңіз?

  • Осылай бастаңыз: Егер мен сиқыршы болсам, мен мұны жасар едім…



Егер, бәрі біздің қолымызда болса, бәрін тек жақсы етіп өзгертер едік. Алайда біз өзгерісті өзімізден бастасақ, айналамыздағы жандар да өзгереді.


Топтық жұмыс. ActivInspire онлайн платформасында «Арт-терапия». Бүгін сіздермен біз бойымыздағы жаман қасиеттерден арылу үшін бірнеше жаттығулар орындадық. Енді сіздер бүгінгі алған әсерлеріңіз бен білімдеріңізге сүйене отырып, бүгінгі тренингтен кейін қандай күйде болдыңыз соны ауа-райын негізге ала отырып суреттесеңіз.

Мінекей, біздің жаман қасиеттерден арылуымыз ішкі әлеміміздің гүлденуіне себеп болды(жалқаулық, қырсықтық, тәкәппарлық, т.б.).

Зейіндерін тақтаға аударып, мұқият мұғалімді тыңдайды.
-Адам бойындағы жақсы қасиеттер.
«Жақсы қасиеттер»
Тақтаға шығып, әр оқушы бір-бір адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазып, интелектті картаны құрастырып шығады.
Өз бойларында бар қасиеттерді айтады

Көздерін жұмып




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет