Тексерілді



Дата28.04.2024
өлшемі103.22 Kb.
#500031




Тексерілді:

Аклепесова Ш.Д.

Бөлім:

Бөлім: Аспан әлемінің құпиялары

Педагогтің аты-жөні:

Утаралиева А.Б.

Күні:

19.04.2024

Сыныбы: 5 В

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Нәтиже сабақ БЖБ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру;
5.4.4.5 төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.

Сабақтың мақсаты:

  • Жағдаятқа сай пікірі мен көзқарасын дәлелмен жеткізеді;

  • Төл сөздерді төлеу сөзге айналдырады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезең

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді.




Оқулық, жұмыс дәптерлері
Кітап, дәптер



Жаңа сабаққа кіріспе
7 мин

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Қандай ғаламшарда Жердегідей өмір сүруге болады деп ойлайсыңдар?
2.Басқа ғаламшарда өмір болса, қай ғаламшарда тұрар едіңдер? Неге?
3. Адамдар неге басқа ғаламшарларда тұруға қызығады?
4. Жерден басқа ғаламшарда тіршілік иелерінің өмір сүруі мүмкін бе?

Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.



Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.




Сабақтың ортасы
18 мин.

Үркер
Үркер қазақша «үркек» деген сөзден шыққан. Баяғы замандарда жер бетінде тек қыс болып тұрған екен. Осы кезде Үркер шоқжұлдызын құрайтын шағын он екі жұлдызшалар жерде ұйықтап жатады екен. Бірде бір данышпан суықтан қажыған жануарларға: «Егер осы шоқжұлдыздарды түгелімен қырып салсаңдар, жайма-шуақ жазға кенелесіңдер», – деген өсиет айтады. Сонымен түйе, жылқы, сиыр үшеуі жиналып, үркердің көзін жоймақ болып келіседі.
Әуелі жылқы төрт жұлдызшаны, түйе тағы екеуін табанына салып таптапты. Алты жұлдызша сиырдың еншісіне тиіпті. Бірақ жұлдызшалар оның аша тұяғының арасынан сытылып шығып, көкке ұшып кетіпті. Содан бері жерде алты ай суық, алты ай жылы болады екен.
Жануарлар сиырға өкпелепті. Оларға суықтан қорықпайтын сиыр: «Қыста сықырлатып қар басып жүрген жаман ба? Ыстықтан дымымыз құрып, қаталағанымыз жетер!» – деп жауап беріпті. (117 сөз)

1. «Неге? Неге?» әдісі арқылы жұбыңызбен диалог құрыңыз.


Диалог құруға нұсқау:


а) 1-оқушы мәтіндегі ойға байланысты пікір білдіреді де сөйлемді «Неге?» деген сұрақпен аяқтайды.

ә) 2-оқушы оқушы сол сұраққа жауап береді де, 1-оқушыға «Неге?» деп аяқталатын өз сұрағын қояды.


(Әр оқушы 3 сұрақ қояды)



Білім алушылар мәтінді оқиды.


Мәтін бойынша сұрақтар жасап, диалог құрады.

Дескриптор:


Оқулық, жұмыс дәптері

8 мин

2. Мәтіннен төл сөзді тауып, төлеу сөзге айналдырыңыз.

Оқушылар төл сөздерді төлеу сөзге айналдырады

Дескриптор:


Оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.







Үйге тапсырма:

Ережелерді қайталау


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет