Телефон аппараттары


Механикалық әсер еткендегі тұрақтылық талаптары



бет8/11
Дата23.02.2016
өлшемі0.84 Mb.
#3617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Механикалық әсер еткендегі тұрақтылық талаптары





    1. ТА 30 мин. ішінде 19,6 м/с2 дірілдеу амплитудасымен 25 Гц жиіліктегі синусоидалық тербеліс әрекет еткеннен кейін жұмыс қабілетін сақтауы және механикалық зақымданбауы қажет.

    2. Жинақталған ТА 12-кестеге сәйкес механикалық соққылардың ықпалынан кейін жұмыс қабілетін сақтауы және механикалық зақымданбауы қажет.

    3. ТА 10.1 және 10.2 бойынша механикалық әсер етуден кейін:

    1. осы стандарт талаптарына сәйкес болуы керек (3-кесте, 6,8 п.4-кесте, 1–3 п.);

    2. нөмірді дұрыс теруді қамтамасыз ету;

    3. ТА-ның ТШ-да көрсетілген функцияларды орындау,


12 - кесте Механикалық соққылардың ықпалдары


Соққы әрекетінің бағыты

Шырқау шегіндегі соққылық үдеуі, м/с2

Соққылық үдеудің әрекет ұзақтығы, мс

Соққы саны

Минуттағы соққы жиілігі

Тік

147

5 тен 10 дейін

1100

120


Көлденең

98

5 тен 10 дейін

3900

120

  1. Климаттық әсер еткендегі тұрақтылық талаптары





  1. ТА осы стандарт талаптарына сай болуы қажет, 25º С қоршаған ауа температурасында 90% ылғалдылықтың ықпалынан кейін зақымданбауы және жемірілу іздері болмауы керек.

  2. Мынадай жұмыс температуралары әсер еткен кезде ТА осы стандарт талаптарына сай болуы қажет:

  1. 0, 1 және 2 күрделілік тобындағы ТА үшін 1º С ден 40º С дейін;

  2. 3 күрделілік тобындағы ТА үшін 10º С нан 45º С дейін.

Сонымен бірге жіберу және қабылдау дауыс қаттылығының көрсеткіші қалыпты климаттық жағдайда өлшенгеннен ±3дБ көп ерекшелегі болмауы керек, бірақ 3-кестеде көрсетілген ең жоғарғы мәннен 2 дБ көп аспауы керек.

  1. ТА осы стандарт талаптарына сай болуы және шектік минус 50º С мен плюс 50º С температура ықпалынан кейін зақымданбауы және жемірілмеуі керек.

  2. Жинақталған ТА авиатасымалдау кезінде минус 50º С қоршаған ауа темперетурасында 12 кПа (90 мм сн.бғ.) төмендеген атмосфералық қысымның ықпалына төзуі қажет.
  1. Қауіпсіздік талаптары





  1. Қысқа қосылған желі шығыстары мен ТА-ның ашық металды бөліктері арасындағы, қысқа қосылған желі шығыстары мен ТА-ның тұтқасы арасындағы, қысқа қосылған желі шығыстары мен ТА-ның тұрқысы арасындағы оқшаулаулықтың электрлік кедергісі қалыпты климаттық шартарда 100 МОм нан кем болмау керек, жоғары ылғалдылықта (ауа температурасы 25° С болғанда 90%) 2 МОм нан кем болмау керек.

  2. Қысқа қосылған желі шығыстары мен ТА-ның ашық металды бөліктері арасындағы, қысқа қосылған желі шығыстары мен ТА-ның тұтқасы арасындағы, қысқа қосылған желі шығыстары мен ТА-ның тұрқысы арасындағы электр желісінің оқшаулауы қалыпты климаттық шарттарда тесілмей және синусоидалдық пішімді ОКМ 500 В жиілігі 50 Гц сынақ кернеуі әрекетінің жақтық аражабынынсыз 1 минут ішінде шыдауы керек.

  3. Кернеуі құрамдас немесе сыртқа шығарылған қорек блогы арқылы кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц болатын айнымалы тоқтың электр желісінен қоректенетін ТА-ның өрт қауіпсіздігі ГОСТ 12.1.004 талаптарына сәйкес келуі керек. Бір ТА-нан өрт шығу ықтималдығы жылына 1.10-6 мәнінен аспауы керек.

  4. ТА-ның сыртқы қорек блоктары ГОСТ 12.2.006 талаптарына сай болу керек.

  5. ТА құрылымында оңай жанатын және жанғыш материал бар элементтер мен құрама бөліктерді қолдануға тиым салынады.

  6. Құрамдас блок арқылы кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц болатын айнымалы тоқтың электр желісінен қоректенетін ТА-ның бірде-бір бөлігі пайдаланудың қалыпты жағдайдаларында, сонымен қатар бұзылған жағдайларында ГОСТ 12.2.006 (7 және 11 бөлімдері) сәйкес температурадан асатындай қызбауы тиіс

  7. Кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц болатын айнымалы тоқтың электр желісінен қоректенетін ТА-ның сыртқа шығарылған қорек блогының және құрамдас қорек блогы бар ТА-ның құлымдарында апаттық жұмыс режімінде (қызып кету, қысқа тұйықталу) автоматты түрде құрылғыны өшіретін және ТА бөліктерінен өрт шығуынан сақтайтын электрооқшалаулы материалдан жасалған элементтер және (немесе) құралдар қарастырылуы қажет.

  8. Сыртқы немесе құрамдас қорек блогы арқылы кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц болатын айнымалы тоқтың электр желісінен қоректенетін ТА-ның сыртқа шығарылған қорек блогынның тұрқысында және құрамдам қорек блогы бар ТА-ның тұрқысында қосулы тұрғаны туралы көрсететін жарық индикаторы болуы керек. Керек жағдайда сыртқа шығарылған немесе құрамдас қорек блогы арқылы кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц болатын айнымалы тоқтың электр желісінен қоректенетін ТА-ның апаттық жұмыс режімі туғандығы туралы дыбыстық және (немесе) жарықтық сигнал берушімен жабдықталуы керек.

  9. Кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц болатын айнымалы тоқтың электр желісінен құрамдас қорек блогы арқылы қоректенетін тірек бетке орнатуға араналған ТА-ның құрылымы және сыртқа шығарылған қорек блогының құрылымы олардың астынан тірек бетте төгілген сұйықтық тиметіндей етіп құрастырылуы керек.

ЕСКЕРТПЕ Берілген талаптар құлымында тұрқы негізі мен тірек бетін 5 мм кем емес қашықтықпен қамтамасыз ететін элементі бар ТА-на және сыртқа шығарылған қорек блогына, сонымен қатар тек қана тік бетте орнатуға арналған ТА-на және сыртқа шығарылған қорек блогына қолданылмайды.

  1. Кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц айнымалы токтың электрлік желісінен құрамдас қорек блогы және шығарылған қорек блогы арқылы қоректенетін ТА-ның тұрқылары, декоративті элементтері, механикалық және электрлік қаптамалары өздігінен сөнетін немесе жалынды баяу тарататын материалдардан дайындалуы қажет.

  2. ТА-ында жалынды баяу тарататын полимерлік материалдарды пайдаланған жағдайда олар жанатын өнімдердің улану көрсеткіші ГОСТ 12.1.044 сәйкес келуі керек.

  3. Кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц айнымалы токтың электрлік желісінен қоректенетін құрамдас қорек блогы бар ТА-ның баспа тақшалары мен сөндіргіштері ГОСТ 12.2.006 (14.6 и 20.1) талаптарына сәйкес келуі қажет.

  4. Кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц айнымалы токтың электрлік желісінен қоректенетін құрамдас қорек блогы бар ТА-ның тұрқысы жалынды, балқытылған металды, жанған немесе қыздырылған бөлшектерді немесе жанған тамшыларды шығару мүмкіндігін ең аз шамаға төмендететіндей етіп құрастырылуы керек. Желдеткіш саңылаулары балқытылған металл, жанып жатқан материалдар және т.б. ТА тұрқысынан тыс жерге түспейтіндей рефлектормен, экранмен немесе басқа да ұқсас элементтермен қорғалуы тиіс.

  5. Абонент құлағын акустикалық соққылардан қорғау құрылғысы телефонмен таралатын импульстік дыбыстық қысымның шарықтау деңгейін ТА сызықтық шығулары өзара әсерлескенде және импульс амплитудасы 0,5, 1,0 және 1,5 кВ болғанда импульстік кернеу 125 дБА (20 мкПа қатысты) артық еместігін қамтамасыз ету керек [4].

  6. Абонент құлағын акустикалық соққылардан қорғау құрылғысы ТА кірісінде кернеудің ОКМ 15,5 В болғанда, телефонмен таралатын дыбыстық қысымның деңгейін қамтамасыз етуі қажет:

– 31,5 Гц, 63 Гц, 125 Гц, 250 Гц ортагеометриялық жиіліктермен октавалық жолақтарда 115 дБ жоғары емес;

– 500 Гц, 1000 Гц, 2000 Гц, 4000 Гц и 8000 Гц ортагеометриялық жиіліктермен октавалық жолақтарда 110 дБ жоғары емес.



  1. ТА қауіпсіз және залалсыз қолданылуын қамтамасыз ететін электромагниттік өрістің және статикалық электрдің рұқсат етілген деңгейлері ГОСТ 1151 талабына сай болуы керек.

  1. ТА 220 В кернеуімен айнымалы токтың электрлік желісімен қоректендірген кезде, ТА және қорек блогымен құрылған 50 Гц өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістің кернеулігінің деңгейі ГОСТ 12.1.002 бойынша 0,5 кВ/м аспауы қажет.

  2. 300 Гц және 300 кГц жиілік аралығында ТА және қорек блогымен жасалынған электромагниттік өріс кернеулігінің рұқсат етілген деңгейі (қуат ағынының тығыздығы) ГОСТ 12.1.006 бойынша 25 В/м аспауы қажет.

  1. Құрамдас қорек блогы немесе шығарылған қорек блогы арқылы айнымалы токтың 220 В кернеулі және 50 Гц жиілікті электр желісінен қоректендірілетін ТА қабықшасының ТА ішіне бөгде қатты және шаң бөлшектерін енуден қамтамасыз ететін ТА қорғау дәрежесі (IР коды) ГОСТ 14254 бойынша IР3Х төмен болмауы қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет