-
Істен шығудың орташа атқарылымы 11-кестеде келтірілген қатардан таңдалынатын мәндерден аз болмауы керек.
-
Істен шығудың көрсетілген орташа атқарылым уақытында иінтіректі қайтақосқыш және нөміртергіштің батырмалары мыналарға төтеп беруі қажет:
-
0, 1 және 2 күрделілік тобындағы ТА үшін 300 000 кем емес іске қосылу;
-
3 күрделілік тобындағы ТА үшін 450 000 кем емес іске қосылу.
-
Функционалдық батырмалар ТА-ның нақты типінің ТШ-да орнатылған іске қосылу санын ұстап тұруы қажет.
-
Қызметтің орташа мерзімі мынадай болуы керек:
-
0 және 1 күрделілік тобындағы ТА үшін 10 жылдан кем емес;
-
2 және 3 күрделілік тобындағы ТА үшін 20 жылдан кем емес.
-
ТА үшін қайта қалпына келтірудің орташа уақыты 0,5 с көп емес.
11 - кесте Істен шығудың орташа атқарылымы
ТА күрделілігінің тобы
|
Істен шығудың орташа атқарылымы, с
|
0
|
6500, 8000
|
1
|
6500, 8000, 10000
|
2
|
10000, 13000, 15000
|
3
|
13000, 14000, 15000
| Қазақ тілін қолдау (сүйемелдеу) талаптары -
-
Қазақ тілінде қабылданатын және жіберілетін хабарлар транслитерация ережесін талап ететін латын әріптерімен емес қолданыстағы кириллицаға негізделген әліпбидің 42 әріптерімен бейнеленуі тиіс.
-
Хабарды теру мен өңдеу қазақ әліпбиінің әріптерінің орналасу орындары ТА-ның пернетақтасында 1-суретке сәйкес жүзеге асырылуы қажет.
-
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
|
2
|
аәбвгғ
|
3
|
деёжз
|
|
|
.,?!
|
abc
|
def
|
|
|
4
|
ийкқл
|
5
|
мнңоөп
|
6
|
рстуұ
|
|
|
ghi
|
jkl
|
mno
|
|
|
7
|
үфхһц
|
8
|
чшщъы
|
9
|
іьэюя
|
|
|
pqrs
|
tuv
|
wxyz
|
|
|
*
|
|
0
|
|
#
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1-сурет Қазақ әріптерін ТА-ның пернетақтасында орналастыру
-
ТА мәзірдің барлық пунктілерін қазақ тілінде бейнелейтіндей мүмкіндігі болуы және ондағы терминдер ҚР СТ 34.014 терминдеріне сәйкес болуы қажет.
-
Қазақ тілінде хабарды қабылдау мен жіберу және мәзір пунктілерін бейнелеу қазақ әріптерінің графикалық кескіндерімен емес, интерпретациясы ТА-на ендірілген қазақ тілінің драйверлеріне тәуелді болатын олардың екілік кодтарымен жүзеге асырылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |