1-жаттығу. Бірінші бағанға кім? деген сұраққа, екінші бағанға не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жаз.
Үлгі: дәрігер қалам
........... .........
............. ............
2-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.
1. Алдияр далаға шықты. 2. Күн бұлттанды.
3. Ағаштың жапырақтары сарғайды. 4. Айсұлу сабаққа дайындалды. 5. Темірлан мектепке ерте барды.
3-жаттығу. Бірінші бағанға у дауысты болатындай, екінші бағанға дауыссыз болатындай сөздер жаз.
Үлгі: қурай тауық
.......... ..........
.......... ..........
.......... .........
Буындар тақырыбын өткен кезде мынадай тапсырмалар беруге болады.
4-жаттығу. Берілген буындардан сөз құрастырып жаз.
Ар -…, өк -…, қа -…, жа -…, ү -…, … - кі, … -рек, … - лат.
5-жаттығу. У – ұ әріптерінің тиістісін қойып, 3 сөйлем құра.
Б…ын, қ…лақ, жа…ын, ш…ақ, сә…ір, …ршық.
6-жаттығу. Жұмбақтарды шеш. Көп нүктенің орнына й,и әріптерінің тиістісін қойып жаз.
1) Ти десем, тимейді,
Тиме десем тиеді.
2) Аттан биік,
Қойдан аласа.
7-жаттығу. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастырып жаз.
атама, тақия, мен, сыйладым.
қияр, тұздады, Мадина.
түнде, болады, бүгін, аяз.
бұзуға, құстардың, болмайды, ұясын.
8-жаттығу.
Аталған тақырып және тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырып жаз.
Тақырыбы: «Су - тіршілік көзі».
Тірек сөздер: Сусыз – тіршілік жоқ, судың пайдасы, суды үнемдеу.
9-жаттығу. Бас әріппен жазылған сөздердің астын сыз. Неліктен бас әріппен жазылғанын түсіндір.
Әсем – үздік оқушы. Ол қаладан ауылға қонаққа келді.
Алыс жолдан жол жүріп келдің,
Үлкендерге сәлем беріп, амандас,-деді апасы Әсемге. Қонақ қыз Бәтен, Патша апаларға, Бақтыгерей, Сәбит аталарға барып сәлемдесті.
Осы көрсетілген грамматикалық - тілдік, сөйлеу, рефлексиялық жаттығуларды орындату барысында мұғалім мынадай дидактикалық- әдістемелік міндеттерді шешеді.
-сөз құрамының сөйлем және мәтін құру қызметін біледі;
-сөз мағыналары меңгереді;
-шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында түрлі шығармашылық жаттығулар орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |