Темекі өсіру технологиясы Темекінің топырағын өңдеу



бет6/6
Дата03.09.2023
өлшемі80.87 Kb.
#476436
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Дәріс 15

Көшет отырғызу. Қазақстанда темекі өсірілетін аймақтарда ауа райының өзгеруіне байланысты темекі көшеттері сәуір айының үшінші онкүндігінде, қатараралығы 70 см, қатардағы өсімдік арасы 18 см етіп отырғызылады (А.К.Апушев, 2009). Осы жүйемен отырғызылған темекі танабында гектарына тығыздығы 75-80 мың, қолайлы жағдайда өсетін өсімдік қалыптасады.
Баптау шаралары. Вегетация кезеңінде 3-4 қопсыту жүргізіледі. Бірінші қатараралықты қопсыту 6-8 см терңдікке көшет отырғызылғаннан 8-10 күннен кейін жүргізіледі, кейінгілері әрбір 10-12 күнде 8-12 см, ең соңғысы 5-6 см тереңдікке. Қопсыту кезінде, тыңайтқыштар қолдану жүйесіне сәйкес үстеме қорек беріледі.
Қазақстанда темекі суармалы жағдайда өсіріледі, вегетация кезінде 500-800 м3/га мөлшерінде, 2-6 рет суарылады, ресурсүнемдеуші технология бойынша өндіріске дискреттік суару жүйесі ұсынылған (Т.А.Атақұлов, А.Қ.Апушев, 2008).
Баптау шараларының маңызды элементтері тазалау, өгейбұтақсыздандару мен шырпу. Тазалау кезінде өсімдіктің төмен жағында орналасқан көшеттік жапырақтар сындырып алынып тасталады. Бұл шара темекі өсімдігінің төменгі қабатындағы жапырақтардың тез жетілуіне және ауруларға шалдықпауына әсер етеді.
Өгейбұтақсыздандару – жапырақ қолтығында пайда болған, сапалы жапырақ түзбейтін бұтақтарды сындырып алып тастау. Өгей бұтақтарда сапалы жапырақ пайда болмағанымен, гүл шоғырлары қалыптасып негізгі өсімдік жапырақтарының қоретенуіне бәсекелестік тудырып өнімнің мөлшері мен сапасын төмендетеді.
Шырпу – темекінің генеративтік мүшелерінің өсіп дамуын тежеу мақсатында қолмен, механизмдермен, химиялых әдіспен жүргізілетін шара. Бұл шараның негізі темекі өсімдігінің басында орналасқан гул шоғырын шырпып алып тастауда немесе химиялық заттарды қолданып дамуын тоқтатуда.
Алып тасталған жапырақтар мен өгей бұтақтар, гүл шоғырлары танаптан шығарылып жерге 20 см тереңдікке көміледі.
Темекі ауруларына қарсы цинеб немесе поликарбоциннің 0,4%-дық суспензиялары, ал зиянкестеріне қарсы фосфамид (Би-58), метафос, карбафос қолданылады.
Өнім жинау. Темекі жапырақтары біркелкі піспейтіндіктен оларды бірнеше рет үзіп жинайды. Алдымен техникалық піскен жағдайында төменгі қабат жапырақтары үзіледі содан кейін орта және жоғары қабаттарындағы жапырақтар жиналады.
Техникалық пісіп жетілген жапырақтардың түсі ашық, сарғыш болады, орталық жүйкесі (арқауы) ақшылданады, шеті қайырылып, беті жабысқақ смолалық қабатпен бүркеледі.
Үзіліп жиналған темекі жапырақтары қолмен немесе темекітізгіш машиналармен бауларға тізіліп көлеңкеде немесе күн сәулесінде кептіріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет