Тұқымның тыныштық кезеңі. Темекі тұқымы 12-150С температурада, ауаның ылғалдылығы 60-70%, құрғақ қоймада сақтағанда өзінің тіршілік қабілетін 4-6 жыл сақтайды.
Тұқымның өнуі үшін қажетті мөлшерде ылғал (ең төмен ылғал сыйымдылығынан 80%-дан кем емес) және жылылық (25-280С) қажет, мұндай жағдайда тұқым бір тәулік ішінде бөрітеді, ал 2-3 күннен кейін көктей бастайды.
Көктеу.Бұл кезең жер бетіне тұқым жарнақтары көктеп шыққаннан алғашқы нағыз жапырақ пайда болғанша жалғасады. Өсімдік көгі тұқым бөрткеннен 4-6 күннен кейін, ал алғашқы нағыз жапырақ одан 6-8 күннен соң пайда болады. Тамырдың ұзындығы 0,8-1,2 см-ге жетіп бұтақтана бастайды.
Көшет көгінің тамырлануыбірінші нағыз жапырақ пайда болғаннан, екінші нағыз жапырақ пайда болғанға дейін жалғасады. Бұл кезең 5 күнге дейін созылады, өсімдік сабағы өспей тек тамыры қарқынды дамып 7-8 см-ге жетеді.
Көшеттің қалыптасуыүшінші нағыз жапырақ пайда болғаннан 5-6 нағыз жапырақ пайда болғанға дейін жүреді. Бұл кезде өсімдіктер бір-біріне көлеңке түсіре бастағанның салдарынан жапырақтар тікірейіп жерден көтеріле бастайды, сондықтан темекішілер оны «құлақтану» кезеңі деп атйды. 20-25 күн ішінде көшет сабағының биіктігі 7-8 см-ге жеткенде, тамыры 15 см-ге дейін бойлап өседі, 5-6 жақсы дамыған жапырақ пайда болады. Мұндай көшет танапқа отырғызуға дайын болып есептеледі.
Көшеттің танапта жерсінуі10-15 күнге созылады, тамыры 20-25 см тереңдікке бойлайды.
Өсімдіктердің қалыптасуы.40-50 күн ішінде темекі өсімдіктері қарқынды өсіп, жаңа жапырақтар пайда бола бастайды. Синтезделген қоректік заттар өсімдіктің жер беті мүшелерінің өсуіне жұмсалады.
Гүлденуорталық шанақ пайда болғаннан 8-10 күннен кейін басталады, әр 1-3 күнде жаңа гүлдер пайда болады. Бір өсімдік 25-35 күн гүлдейді.
Тұқымның түзілуі және пісуі.Көптұқымды жеке қауашақ 18-22 күн түзіледі. Жоғары сапалы тұқым түзілуі үшін 25-280 Стемпература қажет.
Жапырақтардың түзілуі және пісуі. Кезекті жапырақтар әрбір 1-2 күнде пайда болады және 20-25 күн ішінде өз көлемінің өсу шегіне жетеді. Жапырақ өзінің тіршілік қабылетін 25-30 күн сақтайды да сола бастайды. Жапырақтардың тіршілік қабылеті тоқтағаннан кейін оларда пластикалық заттардың синтезінен гөрі жиналған қоректік заттар қорының жоғарғы қабаттардағы жапырақтарға ағуы басым болады, оның салдарынан жапырақтардағы құрғақ зат мөлшері азаяды. Сондықтан, жапырақ жинауды синтез бен ағу үрдістері тепе-тең болған кезде жүргізу керек. Бұл кезеңді жапырақтың техникалық пісу кезеңі деп атайды.
Сорттары.Өндірісте темекінің 9 сортотипке жататын 40-тан астам сорттары пайдаланылады. Кең тарағандары: Дюбек, Американ, Самсун, Трапезонд, Остролист (Ұшқыржапырақ), Соболчтік, Вирджиния, Берлей және Сигарлық ж.б. Алғашқы сегізі папирос пен сигарет өндіруге пайдаланылады олар өсіру жағдайына және кептіру әдісіне қарай қ а ң қ а л ы қ және х о ш и і с т і болып екі топқа бөлінеді.
Қаңқалық шикізат темекі өнімдері өндірісінде негізгі материал ретінде пайдаланылады. Түтінінің иісі бейтарап және темекінің дәмі мен күшіне әсер етеді.
Хош иісті шикізат қаңқалық шикізатқа қосылып оның өзіне тән дәмін, иісін қалыптастырады.
Дюбек, Американ, және Самсун сортотиптерінен хош иісті шикізат, Трапезонд, Остролист, Соболчский, Вирджиня және Берлей сортотиптерінен қаңқалық шикізат өндіріледі.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген темекі сорттары: Дюбек 44-07, Дюбек 13, Талгарский 25 және Талгарский 28.
Достарыңызбен бөлісу: |