Темербаева Жанна Амангелдиевна


Студенттерді кредиттік технология арқылы оқытудың үлгісі



бет3/8
Дата13.06.2016
өлшемі11.51 Mb.
#131596
1   2   3   4   5   6   7   8

1.3 Студенттерді кредиттік технология арқылы оқытудың үлгісі
Жоғары оқу орындарында бүгінгі күнге дейін диалектика нысаны басынан үш түрлі парадигманы өткізді. Оның біріншісі – эмпирикалық парадигма. Бұл парадигмада көбінесе шетел және Одақ көлеміндегі жоғары оқу орындарының озық деген тәжірибелері біздің ғалымдарымызға сүрлеу болды. Нақтылап айтсақ, басқа бір ғалымдардың өздеріне ғана тән тағылымы мен тәжірибесін жүзеге асырып келді. Әрине, барлық оқытушы-профессорлар құрамы осындай іспен шектелді деуден аулақпыз. Бірақ жалпы оқытушы-профессорлар құрамының 25-30 пайызы өзінің төл тағылымы мен тәжірибесіне сүйенгені байқалды. Зерттеу барысында оқытушы-профессорлар құрамының тағылымдық, гносеологиялық деңгейден гөрі тәжірибелік іскерлікті басымдықта ұстап, өзінің қызметін автоматты іс-әрекетке айналдырып жібергені де жоқ емес. Эмпирикалық парадигма – жоғары оқу орындарында тек әр оқытушы-профессорлардың өзінің тәжірибесіне сынмен қарауына қатысқан немесе баспасөз арқылы меңгерген басқа ғалымдардың іс-тәжірибесіндегі ғылыми негіз. Мұнда тәжірибе жүйесі қалай құрылғанына айрықша мән беруі көзделеді. Сөйтіп, өзінің іс-тәжірибесіне нені үлгі ретінде ұстанады, нені теориялық негіз ретінде алады деген мәселені алға қоюы ұтымды. Мұндай қорытынды жасауға түрткі болған сол адамның ішкі интеллектуалды әлеуетінің қаншалықты деңгейде екендігі, ал оның қолы жеткен ол деңгей екінші бір адамға жұмбақ. Құр сыртқы құрылым-жүйесін қайталағаннан басқа өзіне тән ұшқыр ой-тұжырым туа қоймайды. Эмпирикалық парадигма бүгінгі модернизация кеңістігінде әрбір оқытушы-профессорлардың өзіне қатысты жинақтаған теориясы мен тәжірибесіне сүйену үдерісінде жүзеге асыруы қарастырылады. «Модернизация» ұғымы француз тілінен енген сөз (modernization - moderne) қазіргі, жетілген деген мағынаны білдіреді. Ал «эмпирикалық парадигма» құбылыс пен үдеріске жаңа философиялық көзқарас деген мағынаны білдіреді. Бұл парадигманың пайдасы әрбір оқытушы-профессорлардың басқа ұлт арасында, әлемде болып жатқан жаңалыққа ықыластанып, одан өзіне үлгі алуына мүмкіндіктер туатыны демекпіз. Жоғары оқу орындарында алгоритмдік парадигма - әрбір оқытушы-профессорлардың алдымен өзінің ғылыми зертханасының белгілі бір тәртіпке құрылыуымен туатын үдерісі. Іс-әрекеттің рет тәртібі бір жүйеге түсіп, оған философиялық мән берілсе, оны алгоритмдік парадигма дейміз. Бұның көлеңкелі тұсы – студенттердің іс-әрекетін оқытушы-профессорлардың құрамының қалыптасқан алгоритміне ұдайы бағындыруды нысанаға алуы. Мұндай іс-әрекет нәтижесі студенттерді оқыту үдерісінде әкімшіл-әміршіл басқаруды басымдықта ұстайды. Тұлғаның, студенттің ішкі интеллектуалды әлеуетін ескермей, оқытушы-профессор өзінің мүмкіндігін басқаға міндеттеуі соңғы нәтижеге жетуіне бағдарламайды. Сондықтан алгоритмдік парадигма жоғары оқу орнында білім мазмұнына инструмент болғанымен, диалектика нысанында, оқыту үдерісінде сүбелі нәтижеге қол жеткізбей, керісінше, оқытушы-профессорлардың құрамы мен студенттердің арасында түсінбеушілікті тудырады. Үшінші парадигмаға стохастикалық жатады. Стохастика «мүмкіндік теориясын» жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызады. Егер оқытушы-профессорлардың құрамы лексикасында «мүмкіндік туғызу» деген сөз тіркесі көбірек қолданымда болса, онда оқытушы-профессорлардың құрамы өзінің қызметін стохастикалық парадигмаға салып жүргізгенінің көрсеткіші. Стохастикалық парадигма көбінесе әрбір ғылыми нысанның теориялық-ғылыми тірек көздерін студенттердің өздігінен жұмыс жүргізе алу мүмкіндігіне сай жобалап беруімен оқшауланады. Осы стохастикалық парадигма басымдықта болып, әрбір оқытушы-профессорлардың құрамы өзінің іс-тәжірибесін әлемдік модельмен салыстырып, аналитикалық, сараптамалық бағаммен қарап, нәтижеге бағдарлайтын ғылыми проект құра алған жағдайда ғана Болон үлгісі бірыңғай Еуроодақтық білім кеңістігіне кіруге мүмкіндік туады. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жоғары құзыреттілікті жүзеге асырудың екі сатылы жүйесіне (бакалавр-магистр) көшкені белгілі. Болон үлгісі оқу үдерісін модульді жүйеге бейімдеуге бағыт жасайды. Мұның өзі әжептәуір күрделі жұмыстарды атқаруға міндеттейді. Модульдік мақсатшылықпен кең ауқымды бағдарламасын енгізуді аңғартады. Барлық жоғары оқу орындарында пәндердің стандарт ауқымында оқылуы дәстүрге айналып келді. Сол секілді тағы да бір көкейкесті мәселе жоғары оқу орындарының штатты кестелері жоғары оқу орындарында білім берудің жаңаша мазмұнына сәйкеспейді, сол себепті үштен бір материалды қысқарту үдерісі қарастырылуы тағы да мәселенің тез шешілуіне кедергі.

Аталған мәселелермен бірге салыстыруды, сараптауды қалыпқа келтіру (унифицированного) де өткір тұрған үдеріс. Мұндай жүйені жүзеге асыруда бакалавр-магистрлердің мамандығын бір-біріне жақындату көзделеді. Жұмыстың бұндай түрі Еуропалық Одақтың қосымша зерттелуі тұрғысында іске аспақ. Стандарттағы берілген сағат ескерілмей, ақиқатында меңгерген білімімен есептеледі. Бірақ унифицирлік жүйе дипломдардың бір-біріне жуықтауының абсолютті индикаторы болып табылмайды. Шетелдік және Қазақстан Республикасының дипломдарының да басымдығын мойындатуға қадамдар жасаған тиімді. Екі жақты келісім болған уақытта Еуропалық Одақ білімденудің шыңына жететініне ешбір күмән келтірмейді. Болон үлгісінің құптарлық тұсы – Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге бармай-ақ, әлемдік мәртебеге сәйкес келерлік білім алып, құзыреті жоғары маман болуға мүмкіндіктер жасалмақ. Міне, жоғарыда айтылған Еуропалық Одаққа Қазақстан Республикасының кіруіне де стохастикалық парадигма жобасын жасау іс-әрекетіне рөл атқаратыны байқалды.

Қазақстан Республикасында модульдік оқыту 80-жылдардың аяғынан қолға алынды. Оның бастау көзі АҚШ-та ХХ ғасырдың 60-жылдарында тәжірибеде айқындалып, оқыту саласында Америка мен Еуропа біртұтастық іс-әрекет тұрғысында оқыту ісіне енгізілді. Модульдік оқыту ең ұтымды технологияны дидактикалық үдерісте іске асырады. Дидактикалық үдерістің маңыздылығы – модульдік технологияға жүгініп, оқыту мазмұнының жеке блоктарға автономды жіктеліп келуі. Жұмыстың бұл түрінде бұрынғы тараулар жеке-жеке бір сағат көлемінде қарастырылмай, тұтас, туыстас, ұсақ тақырыптардың блокқа бөлініп, оның тұтас жүйесі бір модуль құрастыратыны ескеріледі. Болон үлгісіне көшу үшін жоғары оқу орындарында барлық мамандыққа орай мемлекеттік стандарт сыйымдылығында барлық пәндерден осындай модульдік жүйедегі оқулықтарды даярлау керектігі байқалып отыр. Модульдік көлемі мамандықтың оқытылатын дидактикалық мақсаттарына тікелей байланысты болып келеді. Мұндай жағдайда бұрынғы стандарт пен бүгінгі стандарт арасындағы айырмашылықтарды жіктеп, әрбір оқытушы-профессорлар құрамы өзінің жұмыс жобасын ұлттық мүддені негізге алып, Еуроодақ елдеріндегі тағылым мен тәжірибені зерделеп, бейімдеп жүйелеуіне ұшқырлық көзделеді.

Біріншіден, қиындығы бұндай сүбелі жұмысқа әр оқытушы-профессор өз ықыласымен бағдарлай алуы.

Екіншіден, әлеуметтік ортаға қажетті мамандықтарды кеңейтіп, жұмысқа орналасу мүмкіндігін ескеріп барып оқыту модернизация талабына сай іс-әрекетті қамтамасыз етуі.

Үшіншіден, модульдік бейімделу бағдарламалары жұмысқа тұру талаптарының құзыреттілігімен ұштастықта келуін жүзеге асыруы.

Төртіншіден, жаңа инновациялық технологиялардың соңғы нәтижеге болжауына және оның нәтижелігіне кепілдеме беруіне бағдарлауы. Ең соңында Еуроодақ кеңістігіне бұл іс-әрекет жарайтыны мен жарамайтыны жайлы әділетті сараптама жасайтын эксперт шақырылуы.

Жоғарыда берілген төрт шарттың дұрыс ұйымдастырылуы жергілікті және Еуроодақ білімдену кеңістікпен қатысатын өкілеттіліктің, тренингтік семинар, конференция және т.б. белсенділігін арттыруға қозғаушы күш болар іс-шаралары бірнеше рет өткізілуіне байланысты. Модульдік парадигма екі жақты (Қазақстан және Еуроодақ) келісімде құрылуы - талаптың ең басымдығы.

Әрбір тұлғаның ой-өрісінің ұдайы алға қарай жылжуы үшін ежелден бері қаланған тәсілдер жинақталып, болашақ ұрпаққа рухани құндылық сапасында қорланып отырады. Өкінішке орай, формация өзгерістеріне қарай ол рухани құндылықтар кей тұста қажеттілікке қозғаушы күштік рөл атқарса, кей тұста оны елемейтін, керек қылмайтын жағдайлар кездеседі. Осындай бір жағдай білімденудің инновациялық технологиясының белді бір түрі – оқытудың модульдік амалы. Модульдік оқытудың генезисін зерттеген Д.В. Чернилевский ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та Еуропада аталған оқытудың түрі кең тараған деп қорытынды жасайды. Оқытудың бұл технологиясы дидактикалық үдерісті жүзеге асырудың нелер бір ұтымды амал-тәсілдерін іске асыратынына дәлелді пікір білдіреді. Бүгінгі таңда кредиттік жүйеде модульдік оқыту үдерісін Қазақстан Республикасында қайтадан түсіндіріп жату бір жағынан қолайсыз, десек те, бұндай батылдыққа баруымыздың бірден-бір себеп-салдары – жоғары оқу орындарындағы оқулықтардың модульдік талаппен құрылуының кемсіндігі. Егер кредиттік технологияны толыққанды жүзеге асыру өз мәнінде болмай отырса, оның барлық себебі аталған талаппен оқулықтардың құрылмауы дер едік. Сонда модульдік технологияның бүгінгі «мүмкіндік теориясын» іске асырар қандай басымдығы бар? – деген сұрақ туса, оған жауап былай болып келеді:

– ұйымдастырушылық-нұсқаулық блоктары модуль жіктемесіне жеке-жеке бағынып тұрады;

– әрбір автономды блоктың білім және оқыту мазмұны ұштастықта келіп, дидактикалық маңыздылықты айқындайды;

– оқытудың модульдік оқыту технологиясының мазмұны мен оның көлемі кәсіби және оқытудың саралану деңгейі мен мақсатына орай бірнеше нұсқаға бағдарланады.

Аталған үш ерекшелік басқа технологияларға қарағанда ұтымдылықпен ұшқырлық сапаны өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Бұндай сапалық көрсеткішті мен педагогика ілімінде «траектория» деймін. Траекторияның қазақша баламасы жоқ болғандықтан (стандартта), мен бұл ұғымды орыс тіліндегі қолданым тұрғысында алуды жөн көрдім. Сөйтіп, әр студент кредитті технологияға сәйкес жоғары оқу орындарының оқу курсына қарай жеке (өзінің бейіміне қатысты) траекторияны таңдауына мүмкіндік туады. Бұл стохастикалық парадигманың ең басымдықтағы көрсеткіші болып табылады. Модульдік технологияның (1974) зерттеушісі – американдық Дж.Рассел. «Modular instruction» терминге Дж. Рассел оқу пакетін анықтайтын, оқу материалын тұжырымдамалық бірлік (әрбір ірі тақырыптың кішісіндегі тұжырымдардың қосындысы) оқыту іс-әрекетінің қарқыны, оқу материалын толық қамтитын оқыту технологиясы деп қарастырған.

Кеңестік дәуірде 60-жылдардан АҚШ және Еуропа елдеріндегі ең ұтымды модульдік, бағдарламалық технологиялары тәжірибеге орныққан уақытында, Кеңес одағы және оның құрамындағы Республикалар қайталаным, іздендіргіш сападағы оқытылым түрлерімен шектелгені тарихта белгілі [140]. Осындай сыңаржақтықтан 80-жылдардың аяғы, 90-жылдардың басында сабақтың құрылымын былай қойғанда, оның түрлерін сырт көзге ұтымды етіп көрсетудің өзі хал болғаны енді ғана түсінікті болды. Сөйтіп, Одақ мәртебесі өзгеруінің алдында ғана оқыту үдерісінің бұрынғы таптаурын болған қалпымен жүре берудің жөні жоқ екені байқалады. Модульдік оқытуды әртүрлі саланың білім кеңістігіне ұстаған ғалымдар: Р.С. Бекирова [51], К.Я. Вазина [52], Г.В. Лаврентьев [53]. Бұл авторлардың модульдік оқыту технологиясын тәжірибеге енгізудегі басты мақсаты – жеке бейімділікке сәйкес деңгейлікті тапсырмалар арқылы олардың тұлғалық болмысын дамытуға қолайлы жағдай туғызу. Бұнда оқу бағдарламасын әрбір қабілеттілікті өз деңгейінен жоғарыға ынталандырудың жеке іс-әрекетін біліми-танымдық икемді даярлауға бағдарлайтын тұрғыда құрастыру көзделген.

Біз неге Ресейлік ғалымдардың еңбегіне бағам жасап отырмыз? Кеңестік дәуірде тоталитарлық жүйе заңдылығымен Ресейдегі «жаңашыл» бетбұрыстарды біздің оқу-ағарту (сол кездегі) саласында қайталау, көшіру дәрежесінде болды. Өткен 90-жылдардың жаңашыл ғалымдарының сол кездегі білімнің жаңа қоғамға ілесуіне түбірімен өзгеріс әкелген ұтыстары төмендегідей болып келеді:

1. Дидактикалық жүйенің әрбір құрамдық бөлімін міндетті түрде студент бейіміне сай құруды қамтамасыз ету, модульдік бағдарлама тұрғысында оның жүйесінің құрылымы адам санасында қалуын іске асырады.

2.Оқыту мазмұнын нұсқалы құруды көздеп, теориялық нысанды алгоритмге салып, ақпараттық-пәндік жүйенің оқытылым үдерісін бағалауды және оған түзетулер мен бақыланым іс-әрекетін орнықтыруды жаттықтырады.

3. Жеке қабілеттің деңгейлігіне сай оқу үдерісін бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында бірнеше нұсқадағы модульдік нысандарды даярлауды қарастырады.

Түзілген үш айқындама модульдік технологияның әрбір студенттің білімдену іс-әрекетін жандандыра түсудің амалдану қағидасын жүзеге асырып, төмендегілерді анықтайды:

1. Оқыту мазмұнын тәртіптейді, оның көлемін әр студенттің білім қабылдау интериоризациясын үлгілейді.

2. Модульдік бағдарлама түріндегі дидактикалық жүйенің (мақсаты, мазмұны, оқу үдерісін басқарудың тәсілдері) барлық құралдарын бірізділік қағидамен ұсынады.

Өткен оқыту үдерісіндегі қолданылған педагогикалық технологияға қатысты алынған модульдік оқытуда бұл тек сырт көзді алдау мақсатында жүзеге асқаны өкінішті-ақ. Себебі бірде-бір автор модульдік оқытуға ыңғайланып оқу үдерісінің үлгісін бірнеше нұсқада келетін кредиттік жүйесінде модульдік оқыту қағидасына сай оқулық құрастыра алмады. Осыдан мен модернизация кеңістігін әлі күнге дейін мамандықтың сала-саласына қатысты қамтамасыз ете алмай отырмын.

Жалпы алғанда Кеңестік дәуірдің ең соңғы 1990 жылы аталған ғалымдар модульдік оқыту технологиясының болу керек мүмкіндігін теориялық тұрғыда құрып берген, бірақ оны тәжірибеде прагматикалық ізгілікпен қолдануға өреміз жетпеді деуге әлі күнге дейін аузымыз бармайды, өйткені мойындау қиынның қиыны. Егер бұл модульдік технологияның тек теориялық мәнділігіне талдау, сараптау жасасақ, онда оның оқытудың инновациялық түріне жататынына ешкімнің дауы жоқ. Бұл модульде іс-әрекет және парасаттылық тұрғыдағы негіздемелер жүзеге асып, оқып отырған пәнінің не екенін, оның құрамының неден тұратынын студент саналы тұрғыда түйсіне алатын дәрежеге жетеді. Кредиттік технологияға қолданылатын модуль деген ұғым нені танытады? Барлық модульге қатысты берілген анықтамаларды жинақтай келгенде, бұл ұғымның «оқу модулі» деген тізбеге жауап беретіні байқалды. Оқу модулі дидактикалық мақсатты іске асырады дедік. Олай болса, бұл аспектіні шешудің нышаны былай болып келеді:

1.Мемлекеттік құжаттамаларды, стандарттар мен мамандыққа қатысты жіктемелерді өтілетін пән шегінде жүзеге асыру талаптарын орындаудың бірлігі.

2.Ұйымдастырушылық-нұсқаулық ғылымаралық құрылымды тараулар бойынша біріктіріп, оның мамандыққа қызмет етер тұстарының байланымы.

3.Белгілі бір мамандықтың құзыреттілігін жоғары көтеруге ықпалын тигізер деген интеграциялық тәсілдің таңдалымы.

4.Ғылым ішіндегі байланысты іске асыратын тәсілдердің жиынтығы.

5.Соңғы өнімді іске асырар кәсіби бағдарлық пен қауымдық іс-әрекетті қосып қатар жүргізудің амалдарының қосындысы.

Бүгінгі күнге дейін іс-әрекетте бар модульдік технология жайлы айтылған тұжырым-түйіндерді жинақтап қарастырсақ, онда оның басқа технологиядан басымдығы – оқу материалының бірлігін логикалық тұрғыда тұйықтап, қорытып отыру үдерісі демекпіз. Мұнымен бірге әр студент іс-әрекет алгоритмін оқытушы-профессордың ойлап тапқанымен емес, білім мазмұнының сыңайында түзеді және қабылдауға тиісті бір тұйық білім квантына өздігінен өзін-өзі бақылай алады. Сөйтіп, ежелден Әбу Насыр әл-Фараби айтып кеткен ішкі интеллектуалды әлеуетін табиғи бағдарда қорландыруға мүмкіндік алады.

Стохастикалық парадигманың тағы бір басымдық мәні – оқыту үдерісін модульдік негізде жобалау. Жоғары оқу орындарында мұндай жұмыс жүргізу әрбір студенттің өздігінен интеллектуалды әлеуетін арттыруға негіз болмақ. Оның негіздемесі төмендегі жіктемемен ұсынылады:

1. Стандартқа сай құрылған жұмыс бағдарламасының оқыту мазмұнын дидактикалық бірлікте саралау және интериоризациялау дәрежесінде жүзеге асырады. Оның өзі мамандық негізіндегі өзектілікке қатысты шешім табу деңгейі мен кәсіби бейімділікті дамыту тұрғысында құрылады.

2. Кредиттік оқыту жүйемен модульдік бағдарламалардың қандайын таңдау студенттер еншісіне беріледі, сөйтіп, студенттердің өздігінен білімді ғылыми-кәсіби құзыреттілікке қызмет етерлік сыңайда алуға мүмкіндік туады.

3. Кейбір модульдер сценарий сипатында меңгерілуге қолайлы жағдай жасайды.

4. Әрбір студенттің когнитивтік-аксиологиялық пайымын арттыруда кеңестік-үйлестіруші қызмет атқарады.

5. Оқыту мазмұнының нұсқасы тұрғыдағы жүзеге асуы білім мазмұнындағы артық қосымша жүретін түсініктердің қысқаруымен іске асады.

Кредиттік оқу жүйесін модульдік технологиямен оқытуды бағалау рейтинг жүйесінде жүргізеді. Бақылау әкімшіл-әміршіл дәрежеде емес, әр студенттің білімі рейтинг жүйесіндегі бірліктерге бағалау пайыз ретінде жүргізіледі. Кредиттік оқу жүйесінде модульдік технологиямен оқыту бір пәннің үлгісін студент назарына іліктіреді. Әйтпесе, курстарды оқу үдерісінде оқытушыдан, студенттен өткен пәндерінің тарауларын, оның кіші тақырыпшаларын қаншалықты меңгергенін сауалнама, анкета, тесті арқылы сараптамамен қорытсақ, жауап бере алмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Оның басты себебі дәстүрдегі оқыту үдерісі әр тақырыпты жеке-жеке өткізуге жол беріп, тұлғалардың парасат-пайымы жетілмей, кемелденбей, не оқып, не қойғанын білмейтіні осыдан болмақ. Себебі оқыту үлгісінде модульдік жіктеме қарастырылмаған жеке тақырыптардың технологиямен оқытылуынан ешбір пайда жоқ. Осындай кемшілікті болдырмас үшін білімденудің инновациялық технологияларын сонылықты (феноменді) дәрежеде ұтымды пайдалану қажеттігі туды демекпіз.

Қорыта келгенде, кредиттік оқыту жүйесінде үлесі мен мәні артып отырған студенттің білімі тиімді болуы маманның кәсіби бағыттылығының талаптарына сай жасалған студенттің жұмысын ұйымдастыру үлгісінің дұрыс құрылуына байланысты болады.

Үлгі – объект-түпнұсқаны зерттеу барысында оны алмастыра алатын және оның зерттеу үшін маңызды жақтарын сақтайтын материалды немесе ойша елестетуге болатын нысан. Үлгіні құру үдерісі үлгілеу деп аталады, басқаша айтсақ, үлгілеу – түпнұсқаның құрылымы мен қасиеттерін үлгі арқылы зерттеу үдерісі. Үлгілеу – ғылыми зерттеулерде ең көп таралған амалдардың бірі. Ол материалдық және идеалдық болып бөлінеді. Материалдық үлгілеу физикалық (заттық, түпнұсқаның үлкейтілген немесе кішірейтілген көшірмесі, мысалы макеттер) және аналогтық (табиғаты әртүрлі ұқсас құбылыстар мен үдерістерді формалді түрде бірдей сипаттау, мысалы математикалық теңдеумен) болып бөлінеді.



Идеалдық үлгілеу нысан мен үлгінің бейзаттық, идеалды, ойша түріндегі ұқсастығына негізделеді. Идеалдық үлгілеудің негізгі типі – сұлба, график, сызба, формула, символдар жиынтығын қолданатын таңбалық үлгілеу. Үлгілеу үдерісінің сұлбасы: «Нысан => Үлгі => Үлгіні зерттеу => Нысан туралы білім» бойынша жүреді. Үлгі зерттелетін нысанның аналогы, оны алмастырушысы болып табылады. А.И. Уемов үлгіні жүйе ретінде, ал «оны зерттеу басқа жүйелер туралы ақпаратты алу құралы болатынын» анықтайды [54]. «Инженерлік сызба» пәнінің кредиттік оқу жүйесінде модульдік технология арқылы оқытудың үлгісі келесі 1- суретте көрсетілген.

Келтірілген үлгінің ең негізгі басымдығы - әр студенттің ішкі ойлау белсенділігін (интерактив) арттыру амалы.

Жоғары оқу орнында оқу үдерісін ұйымдастырудың қазіргі заманғы басты әдістерін сұрыптау, оның нәтижелі болуына кепілдік берер проектісін құру үлгінің әдіснамалық негізі болып табылады.

Кредиттік оқу жүйесімен модульдік оқыту технология мен бағдарламасын жобалау заман талабына сай өзгеріп отыратыны зерттеу үдерісінде байқалды. Кредиттік жүйедегі модульдік бағдарлама эмпирикалық, эвристикалық, стохастикалық парадигмалардың ішінара қатысының бірлігінен тұрады. Эмпирикалық парадигма әр студенттің тәжірибелік келбетін ескеру іс-әрекетінен десек, алгоритмдік білім мазмұнының стандарт ауқымындағы рет тәртібі, ал студент мүмкіндігін ескеруге қатысты тәсілдер мен амалдар жиыны, оның проектісі стохастикалық парадигманы іске асырады. Аталған парадигмалардың қосындысын есептеп шығарсақ, стохастикалық парадигма ең кемінде 60 % төмен болмауы керек. Кеңестік дәуірде «стохастикалық парадигма» деген ұғым болған жоқ, оның басты себебі тәжірибе мен алгоритмдік ұстаным басымдықта болып, оқытылым үдерісінде субъектінің жеке мүмкіндігінен гөрі ұжымның мүмкіндігі басты рөл атқарып келгені белгілі.

Бүгінгі таңда нарықтық қоғамда бәсекеге қабілетті маман даярлау болғандықтан, стохастикалық парадигманың басымдықта болуы өте орынды. Кредиттік жүйедегі модульдік бағдарлама дидактикалық парадигманы жүзеге асырады. Үлкен бір үлгідегі тақырыптардың жиыны трансформацияланып, жеке-жеке модуль құрайды. Әрбір модуль жеке-жеке блоктарды түзеді.

Сөйтіп, белгілі бір дидактикалық мақсат, білім мазмұнын нақтылы да нұсқалы тұрғыда іске асыруды және оның диагностикадан өтуі мен бақылануын іске қосады. Жұмыстың мұндай түрін оқыту мазмұнын жобалау тұрғысында шешіп, оның дидактикалық қағидалары мен өлшемдіктерін сәйкестендіре сұрыптауға бағдарлайды. Модульдік іс-әрекетті жобалаудың өзіне тән қағидалары бар:

1. Әрбір пәннің ғылыми ұғымына негіздеме жасау, базалық бірліктерді білім мазмұнын меңгеру барысында айқындау.

2. Білім мазмұнын логикалық ретпен жүйелі түрде құрастыру (оқулықтан басқа).

3.Білім мазмұнының тұтастығы мен тәжірибелік маңыздылығын қарастыру.

4. Оқу материалын көрнекті тұрғыда құру.

Қорыта айтқанда, модульдік бағдарлама модульдік оқытудан жоғары. Бұл үлгі модульдің ортасындағы іс-әрекет. Кредиттік оқыту жүйемен модульдік бағдарламаны жобалаудың тек өзіне тән қағидаларын ескерген жөн. Оған мыналар жатады: модульдік, құрылымдық, өзгертілімдік, іс-әрекеттік, паритетті, кері байланысты ішкі мүмкіндіктерімен, интеллектуалды әлеует қорымен жүзеге асырушылық.

Модульдік қағида – модульдік оқытудың мұрат-мүддесінен тууы және оның маңыздылығы, студенттердің болашақта меңгеретін мамандығына қатысты оқу ақпаратының ауқымын айқындайтын құралдардың негізі. Құрылымдық қағида – оқыту мазмұнының модульдік жүйеге негізделуі, әрбір модульді айқындайтын дидактикалық мақсаттың құрылуы, оқытудың іс-әрекеті оның жетістігіне бағдарланып келуі. Модульдік бағдарламада кешенді дидактикалық мақсат ғылымаралық интеграциясының алғы шарты іспетті рөл атқарады. Әрбір мақсат (интегралды) нақтылы модульді қамтамасыз етеді. Жеке пәннің дидактикалық мақсатының дербестігі тек тоталитарлық жүйеге тән болып келеді. Білім саясатын қоғамның даму саясатынан бөліп алып қарауға болмайтыны белгілі.


























































Сурет 1 – Кредиттік оқу жүйесінде студенттерді модульдік технология

арқылы оқытудың үлгісі

Өзгертілімдік қағида - әлеуметтік-экономикалық кеңістікке, ғылыми-техникалық жағдайға қатысты өзгерістерге білім меңгеру, оқыту саясатын, парадигмасын өзгертіп отыру, кредиттік жүйемен модульдік технология сипатының іс-әрекетке ілесіп отыру шама-шарқының дамуы. Өзгертілім оқыту үдерісінің технологиялық, мазмұндық, құрылымдық аспектілеріне ықпал етеді.

Кредиттік оқыту жүйемен модульдік оқытудың өзгертілім қағидасында –оқытушы-профессорлардың болмысында кеңестік дәстүрлі педагогикадан қалған әкімшіл-әміршіл басқарудан жұрнақ та қалмайды. Өзгертілім қағидасы кредиттік жүйемен модульдік оқыту бағдарламасын жүзеге асыру үдерісінде оқытушы-профессор және студент одағының қауымдық іс-әрекетінің сандық, сапалық көрсеткішін ілгерілетіп, құрылымын тәртіптеп, рет тәртібінің модульге блоктар арқылы жүйеленіп келуін қамтамасыз етеді. Мазмұнды өзгертілім оқыту мазмұнымен саралап, бағалау, бақылау іс-әрекетінің амалдарын көпнұсқалы (деңгейліктерге жіктеп) тұрғыда жүзеге асырады. Сөйтіп, үдерісті аспект студенттердің танымдық ойлау, парасаттау, бағамдау, тұжырымдау, түйіндеу сияқты нұсқалы қызметін жекеше дамытуға мүмкіндік жасайды.

Іс-әрекеттік қағида білім мазмұнын меңгеру сипатын тексеру, бағалау, түзету мақсатында жүргізілетін жұмысты қамтамасыз етуді іске асырады. Өнімді жетістікке жетуге қолайлы жағдай туғызады. Паритетті қағида бұнда студент пен оқытушы-профессор субъектілі-субъекті қарым-қатынасында болып, «педагог – білім беруші», «студент – білім алушы», екі тұлғаның одақтық іс-әрекетінің «кеңестік-үйлестірушілік» қызмет орнығып, білім мазмұныны мамандық жіктемесіне орай стандарт шегінде құзыреттілікке бағдарлай отырып, өздік жұмыстың басымдығында игеріледі.

Интеллектуалды әлеует қорын жүзеге асырудың қағидасы кері байланысты ұйымдастыру болып табылады. Оқу материалын классикалық тұрғыда іске асырудан ерекшелігі әрбір студенттің ішкі интеллектуалды әлеуетінің қарқынды даму шегін әр тұлғаның іштей бақылау, кері байланысты өзіне-өзі ұйымдастыра алу шеберлігін ширатылуына мүмкіндік жасайды. Кері байланысты жүзеге асыру қағидасы бақылау мен өзін-өзі бақылауды нақтылы бағдарламаның модульдік жіктемесінде меңгерілуіне жол ашады. Нәтижесінде ақпараттық-бақылаушы қызмет орнығып, студенттің жеке мүддесін іске асырудың үйлестірушілік қызметі дамытылады.

Студенттің ата-ана үшін, біреу үшін оқымайтынына көзі жетіп, оның білімге ашқарақтылық, тойымсыздық қабілеті ұшталады. Мұның негізін қалаған данышпан – шығыс елінде Әбу Насыр әл-Фараби, біздің кеңістікте оны дамытқан – П.А. Юцевичене (педагогикада). Жеке жұмысты жүзеге асыру қағидасы – модульдік бағдарлама құруда оқытудың құрылымдық модулін түзуге бірден-бір қозғаушы күш. Іс-әрекеттік тұлғалы болмысты аталған технология қағидаларымен жүзеге асыруға мүмкіндік бар екені байқалды.

Әр ғалымның өзінше тұжырымы бар. Олай болса, модульдік іс-әрекет қағидаларын тұлғалы болмысты дамтыуда Р.С. Бекированың зерттелімінің алар орны ерекше. Іс-әрекеттік тұлғалық болмысты дамытудың қағидалары:

1. Оқытылымға қатысушының белсенділік іс-әрекетін дамыту қағидасы.

2. Жекеше оқыту қағидасы.

3. Жұптық жұмысты ұйымдастыру қағидасы.

4. Толғанысты, тексергіштік қағидасы.

5. Білім нысаның таңдау және және оған жауаптылық қағидасы.

Қорыта келгенде, әр студенттің мамандыққа қатысты интеллектуалды әлеуетін өзіне-өзінің дамыту қағидалары жоғарыда аталып өтті. Стохастикалық парадигманың кеңестік дәуірде қолданымда болмауының басты себебі айқындалды. Тәжірибенің теориясыз қалыптасуының салдары оқытушы-профессорлардың іс-әрекетін тағылымсыз, парасатты іс-әрекетсіз қолданылуы екені ашылды. Нәтижесінде әр студенттің ішкі интеллектуалды әлеуеті оның мамандығына қарай ұдайы үзіліссіз дамытылуы кемсін қалып, керісінше, алгоритмдік және эмпирикалық парадигмалардың механистік қолданылуы басымдықта болып келгеніне дәлелді пайымдамалар жасалды.

Жоғарыдағыларды жинай отырып зердеден өткізсек, білімденудің инновациялық технологияларының мәселелерінен мынадай қорытынды жасауға болады:

1. Білімденудің инновациялық технологиясының түрі болып есептелетін модульдік оқыту кез-келген кәсіби және мамандыққа мінездеме жасауға қозғаушы күш боларлық стандартты жүзеге асырады.

2. Кредиттік оқыту жүйедегі модульдік оқыту теориясының барлық қағидаларының өзара сабақтастық заңдылығы (іс-әрекет белсенділігі, жекелеу, жұптық қарым-қатынас, толғаныс жасау, таңдауға құқылы және оған асқан жауаптылықпен қарау) іс-әрекеттің тұлғалық болмысын дидактикалық қағидалармен айқындап отыруын көздейді.

3. Кредиттік оқыту жүйедегі модульдік оқытудың кіші жүйелері тұтастық қағида талабы тұрғысында тұлғалық іс-әрекет қағидасымен сабақтасып, оның макроүлгісін, моделін құрайды (мысалы: бір оқулықтағы он ірі тараудың он модульге жіктеліп, бір оқулықтың үлгісін құрауы).

4. Оқытудың тұлғалық-бағдарлық, үйлестірушілік үлгісі, моделі негізінде дидактикалық қағиданың негізінде саралау, даралау іс-әрекетінің модульдік оқыту үдерісін жүзеге асыруы қарастырылады.

Білімденудің инновациялық технологиясының модульдік бағдарламасы төмендегілерді анықтайды:

1. Кредиттік оқыту жүйедегі модуль және модульдік, бағдарламалық оқытудың дидактикалық мақсаты жобаланады. Бүгінгі таңда мемлекеттік оқу жоспарының мамандық игеруге тиісті стандарты аталған жобаның ең маңызды шарты болып есептеледі.

2. Студенттер үшін техникалық бағыттағы мамандықты меңгерудің фундаментальді даярлығы бірқатар күрделі қиындықтар туғызады: болашақ мамандығы туралы жеңіл-желпі хабар, мәлімет, ақпарат жоғының әртүрлі болып келуі, оның жүйесіздігі. Ғылымиаралық білімділікпен сабақтастықтың, байланыстың стандарт шегінде қарастырылмауы. Осының салдарынан жоғары оқу орнында алған ілгері білімін кәсіби-қолданбалы сыңайда қолдана алмауы.

3. Білімдену технологиясының бір түрі болып есептелетін кредиттік жүйедегі модульдік және үлгілеу технологияларының қолдану аясында жалпы стандарт шегіндегі сабақтың уақыты аудиториялық дәрістерден гөрі студенттердің танымдық-когнитивтік, гносеологиялық-аксиологиялық, праксеологиялық іс-әрекеттерін өздігінен жұмыс жүргізе алу мүмкіндігіне ыңғайлап ұйымдастырады.

4. Білімденудің инновациялық технологияларының бір түрі болып есептелетін кредиттік жүйедегі модульдік және үлгілеу мемлекеттік стандарт талабын қатаң тұрғыда бұлжытпай орындауға әмір бермейді, керісінше, сол пәнді сан-салалы нұсқа түрінде таңдау іс-әрекеті арқылы білім мазмұнын тұрақты және түбегейлі меңгеруге мүмкіндіктер жасайды.

5. Кредиттік оқыту жүйедегі модульдік және үлгілеу технологиялары білімденудің инновациялық бағдарын іске асыру үдерісінде әрбір оқытушы-профессорлардың құзыретті маман болуын талап етеді. Сондықтан да бүгінгі таңда әртүрлі курстар отандық және шетелдік кеңістікте ұйымдастырылып, таңдауына қарай оқытушы-профессорлар құрамы ол даярлықтан өтіп, сертификатын ұдайы жаңартып отыруына бағдар жасалады.

Кредиттік оқыту жүйедегі модульдік-рейтинг іс-әрекетіне ыңғайлау – білімдену технологиясының негізгі талабы. Білім мазмұнын сапалы да санатты меңгеру үшін білімдену технологиясын дидактикалық келесі мәселелерін шешуге бағдарлауға негіз боларлық озықтық түрлерін қолданған тиімді. Олардың түзілімі төмендегідей:

1.Оқу үдерісін қарқындылықпен, ұтқырлықпен ұйымдастыру.

2.Студенттердің танымдық-когнитивтік іс-әрекетін саралау және даралау.

3.Әртүрлі ақпараттарды жүйелеп, ғылыми аралық табиғи байланысты зерделеу.

4.Бақылау нәтижелерін қорытудың ақиқатты, шынайы нысанын саралау.

5.Болашақ мамандардың кәсіптік-маңыздылық сапа көрсеткішін диагностикалау, қабілет, шығармашыл-креативтік бейімділігін бағалаудың көрсеткішін алдын-ала жобалау, түзету енгізуді күні бұрын зерделеу.

Кредиттік оқыту жүйедегі оқыту технологиясының аталған жаңа мәселелері әр студенттің өзіне-өзінің көңілінің толмауы мен өзін-өзі жоққа шығаруымен тұйықталып, оның шешілуіне көптеген қарсы әрекеттердің кездесетіні байқалып жүр.

Сөйтіп, әр студенттің интеллектуалдық-рухани құндылықтары кәсіби құзыреттілік төңірегінде болмай отыр. Бүгінгі оқыту кеңістігінде бұл тегеурінді мәселені компьютер мен жүйе ғана шешетіні белгілі. Егер компьютер жүйесін оқыту іс-әрекетінде жүзеге асырсақ, кредиттік жүйедегі модульдік оқыту технологиясын бағдарламалық технологиямен кіріктіріп өткізуге мүмкіндік алар едік. Кредиттік оқыту жүйедегі модульдік-рейтингі іс-әрекетіне бейімдеу – интерактивтік технологияны іске асырады.

Кредиттік оқыту жүйедегі үлгілеудегі іске асыратын тәсіл – интерактив. Ақпарат тоғынынан ой сандығына жинақтау тек озықтық технологиялар шегінде жүзеге асады. Оған бағдарларлық мынандай шарттарды шешу үшін төменгілерді ескеру көзделеді:

1. Оқу үдерісін оптималдандыру.

2. Әр студенттің ішкі интеллектуалды әлеуетін дамыту.

3. Мамандыққа қатысты ішкі пайымды ұдайы дамытуға өзін-өзі бағыттау.

2-ші суретте ұсынылып отырған рейтингі жүйесінің нұсқасы барлық ғылым негіздеріне қатысты деуге дәлел бар. Біріншіден, компьютерлік дидактикалық құралдың маңыздылығын айқындай түсу әрекеті әр ғылымның макротақырыптарының оқулық құрастыруын талапқа сай ұғына білуіне бағынады. Егер оқытушы-профессорлар құрамы өзінің пәнін жете меңгерсе, біліми-ғылыми бағыттың ірі мен ұсақ құрамдық мәнділігін ашып, оған іздендіретін немесе зерттейтін сұрақтарды бақылау және диагностикалау сапасында құра алады.



Сурет 2 – Кредиттік оқыту жүйедегі модульдік бағдарлама іс-әрекетінің интерактивтік - рейтингі құрылымының көрінісі


Бұл интерактивтік-рейтингі жүйесін қалауға бірден-бір тірек болып есептеледі. Компьютерлі дидактикалық құралдың бес сабағынан бес түрлі студенттердің меңгеруге тиісті ғылымдарын ұғуға іс-әрекеттік алгоритм түзілімі тарайды. Оның біріншісі – оқу іс-әрекетінің көрсеткішіне себеп боларлық дидактикалық құрал. Екіншісі – студенттердің білім меңгеруге тиісті дидактикалық ойындарын тексеруге бағдарланған құрал. Үшіншісі – ғылымның үлкен және кіші жиындарына қатысты мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған құрал. Төртіншісі – студенттің ғылым нысанындағы зерттеушілік қабілетін бағалау іс-әрекетін жинақтайтын құрал. Бесіншісі – компьютердің ұсынған зерттеу сұрақтарына жауап беру іскерлігін, диалогын тексеру құралы. Рейтингіге салу іс-әрекеті компьютерсіз шешілмейді. Мұның өзі Л.Выготскийдің тұжырымындағы «білімге жақын алаң» туралы іс-әрекетті толықтай жүзеге асырумен құнды демекпіз. Баспасөз, интернет тоғынымен шексіз құйылып ұсынылатын ақпараттардан әр студент өзіне ең қажетін сұрыптап алуы үшін компьютерлі дидактикалық құралдың іс-әрекетін ғылым меңгеруге сәтті пайдалануына тікелей қатысы бар.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауы талаптарын орындауға мүмкіндік туғызары сөзсіз. Білімденудің интерактивті технологиясына сараптамалық қорытынды жасалды. Алдымен интерактивтік оқыту технологиясы жоғары оқу орнында сабақтың болашақ мамандықты құзыреттілікке бағдарлауына бірден-бір нысан екені байқалды. Жоғары оқу орындарында сабақтың үдерістік маңызы әр студенттің ішкі интеллектуалды әлеуетінің сабақ сайын өсуіне жағдай туғызылып, білімденудің инновациялық технологияларымен іске асырылатыны аңғарылды. Факультеттерде жалпы көріністі жинақтап айтсақ, кредитті технологияның талаптары орындалып келеді. Оның дәлелі – стандарт шегінде, типтік бағдарлама мен жұмыс бағдарламасының бір-біріне сабақтастық қағидасын жүзеге асыруды көздейді; теориялық ұғымдарды жалпы сағаттың 10 пайызында нұсқаулық ретінде береді; студент пен оқытушы-профессорлар

құрамы ынтымақтастығына 25 пайыз, ал әр студенттің жеке жұмысына 65 пайыз жіберілетінін ұдайы ескереді; барлық білімдену технологиясының инновациялық маңызын интерактивтік тәсіл тұрғысында шешеді. Кредиттік технологияны жүзеге асыру үдерісінде бір ғылым саласына қызмет ететін оқулықты оқытушы-профессорлар құрамы бірінші модель ретінде қарастырып, оны модульдерге, әрбір модуль блоктарға жіктеліп, проблемалық, программалық технологиялардың интерактивті сыңайда интеграциямен өтілуі қарастырылады. Мұндай сабақ бір пәннің ғылымаралық байланысын болашақ құзыретті мамандардың меңгеруіне қолайлы жағдай туғызады.

Мұнымен бірге сабақтың үдерісінде стохастикалық (мүмкіндік теориясының жобасын құру) парадигмасын басымдықта алып, эмпирикалық және алгоритмдік парадигмалардың теориялық нысанды белгілі бір пән арнасында тәжірибе барысында қолдану негізі үдеріске айналады.

Жалпы интерактивті технологияның жетістіктері төмендегідей:

1. Студенттердің когнитивті – гносеологиялық ойлау әрекетін дамытады.

2.Студенттердің болашақ меңгеруге тиісті мамандығының маңыздылығын айқындайтын құндылығын, аксиологиясын аңғаруға бағдарлайды.

3. Әр пәннің аксиомаға жақын аумағын табуға бағыттайды.

Қорыта келгенде, интерактивтік тәсіл әр студенттің мамандығына қатысты парасатты іс-әрекетін өзіне-өзінің арттыра білу қабілетін ұштай түсуіне кепілдік береді. «Интерактив» ұғымы латын тілімен әлемге тұлғаның онтогендік пайыммен, рухтана қарау дүниетанымын білдіреді дегенді аңғартады. Ал, жоғары оқу орнында ғылым мен білімді мамандық сапасына бейімдеп, оны әлем тұрғысында қарастырудағы студенттердің парасатты бағамдарының білім мазмұнын меңгеру деңгейліктерін дамытуды іске асырады. Мұнымен бірге болашақ мамандықтың стратегиялық, тактикалық өзара бір-біріне ықпал-әсерінің сонылығын байқатып, оны іс-әрекетке пайдаланады. Интерактивті оқыту студенттердің Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті (Отандық деңгейде) және ол сапалық көрсеткішінің әлемдік иерархияда да қажеттілігіне күмән келтірмейтіндей сабақ алуын қамтамасыз етеді.

Бұндай жетістіктермен бірге кемшіліктер де жоқ емес.

1. Интерактивтік технологияны бұрынғы дәстүрлі оқыту әдістемесінен ажырата алмайды.

2. Кредиттік технологияның құрылым-жүйесіне қойылатын талаптарды тереңнен түсіне бермейді.

3. Әрбір ғылым саласындағы міндетті оқулықтардың бар-жоғына мән бере бермейді және әр оқулықтың бір–бір модель құрайтын маңыздылығына ден қойылмайды.

4. Әрбір пән үлгінің модульдерге жіктелуіне саралау тұрғысында зерделеу жетімсіз.

5. Әрбір модульдің блоктар жіктемесін құрайтынына көңіл бөлінбейді.

6. Негізгі оқулықтар жоқ жағдайда авторлық (ғалымдар) оқулықтар құрастыруы кемсін.

7. Білімденудің инновациялық технологияларынан педагогикалық технологиялардың айырмашылығын ажырата алмаушылық аз да болса кездесіп қалады.

8. Бір сабақта үлгілеу, модульге салу, интерактивтік, проблемалық, бағдарламалық технологиялардың интеграциялық қосындысын іске асыру әлі де болсын төмен.

9. Кредиттік оқыту жүйедегі модульдік бағдарлама технологиясындағы оқытуды автоматты дәрежеге бейімдеуді іске асыратын бинарлық жүйенің мазмұны арқылы іске асырылуы нашарлау.

Бір ғылым бір оқулық сапасында жинақталса, оны мен бір үлгі ретінде қабылдаймыз. Бұл үлгінің өзі бірнеше ірі және олардың кіші тақырыптарына жіктеледі. Осындай жіктемені бір-бір үлгіге салу, әр модульді блокқа түзу бүгінгі білімденудің инновациялық технологиясына сай іс-әрекет демекпіз. Ал әрбір модульден кейін кредитті технология талабы бойынша зерттелім сұрақтары мен тапсырмалары ұсынылады. Егер бұны ғылым сапасына бернелесек, рейтинг сұрақтарын тізбелейтіні сөзсіз. Жоғары оқу орындарында рейтингі сұрақтарын дұрыс құра білу студенттердің ішкі интеллектуалды әлеуетін дамытуларына мүмкіндік беру дегенді іске асырады.

Рейтингі жүйесіне бейімделу іскерлігін тексеру комбинациясы білім тұтастығының бірлігінде үш түрлі типпен жүзеге асырылады. Біріншісі – пән аймағының ауқымы. Екіншісі – компьютермен тексерудің амалдары мен ауқымы. Үшіншісі – студенттердің ақыл-ой, бағамдарының деңгейі мен тәртібі.

Мұндай комбинация оқыту жүйесінде интеллектуалды әлеуетті өркендету сыңайында өзін-өзі ақтарлық дәрежеде орындалмақ. Олай болмаған жағдайда құрғақ даурықпа сөз, сөз тіркесінің жиынын құрап, студентті мамандығына бағдарлау жұмысы атқарылмай қалады.

Студенттердің ішкі итериоризациясын, интеллектуалды оқу жүйесін белсенділікпен ұйымдастырып нәтижеге бағдарлау компьютерді жаңа дидактиканың белесіне көтеру мақсатында қолданылады. Интеллектуалды оқу жүйесін студенттердің біліми және ғылыми пайымын тек нәтижеге жеткізуге ғана қызмет етпей, оның барлық кезеңдеріндегі міндеттерін шешуге, ол шешілімге жетудің әдіснамасын саралауға, оған шынайы баға беруге мүмкіндіктер туғызады. Оқытудың бұл түрі екі жақты сұхбатты қамтамасыз етіп, студенттердің бір-бірімен байланысын іске асырып, іс-әрекеттің жоспарлы, мақсатты жүруіне қозғаушы күш болады.

Оқытудың жаңа технологиясы деп саналатын модульдік-рейтингі жүйесіне бейімдеу және оны бағалау педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр студенттің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін оқу іс-әрекетінің жетістігіне жету мақсатында ескеріп өткізу әдеттегі сараптамадан әлдеқайда күрделі тәсіл. Оқытудың жаңа технологиясы модульдік-рейтингі жүйесінде оқыту үлгісінің динамикалы құрылымын құрайды. Мұнда әр студент белгілі бір зерттеу нысанына қатысы бар ғылыми мәліметтер жинап, оған өзінше тұжырымдар береді. Оқытудың жаңа технологиясы модульдік-рейтингі жүйесі төмендегі құралдардан тұрады:

1. Сараптау жүйесі пән аймағының міндетін шешуге бағдарлау.

2. Студенттердің модульдердегі блоктарды құрастырудағы үлгілерін сараптан өткізу.

3. Оқыту стратегиясының генераторы мен оны іске асырудың және оқытудың жаңа технологиясы модульдік-рейтингі жүйесі әрбір педагогтың қызметін үлгілейді және оны жаңа тәсілдерді оқу қызметінде қолдануына басшылық жасайды.

Компьютерлік жүйемен оқытудың негізгі жаңа технологиясы модульдік-рейтингі жүйесінде екені даусыз. Бағдарламалық және ақпараттық құралдар жүйесінде оқытудың жаңа модульдік-рейтингі технологиясы арқылы оқыту міндеттерін шешуде ұтымды қолданылса, онда студенттердің интеллектуалды көрсеткіштері жоғары деңгейге көтеріледі. Оқытудың жаңа модульдік-рейтингі технологиясының жүйесі әр субъектінің ішкі біліктілігін оның интеллектуалды мүмкінділігін сыртқы ортаға белгілі етуге құрал ретінде жұмсалады.

Бүгінгі таңда өркениетті озық елдердің қатарына қосылудың бірден-бір қозғаушы күші ақпараттық технология екеніне әлем ғалымдары дәйекті фактілерді келтіріп жүр. Оқытудың жаңа модульдік-рейтингі технологиясының жүйесі білім беру кеңістігінде оқыту мазмұнын сапалық көрсеткішке сай өзгертуге бірден-бір ұтымды нысан. Оның басымдығы:

1. Оқытудың қарқындылығы мен ұшқырлығы.

2. Оқыту үдерісінің жекешеленуі.

3. Даралық болмысты кәсіби-мазмұндық сапада дамытуы.

Оқытудың жаңа технологиясы модульдік-рейтингі жүйесі амалының қызметін бағалау мақсатында оның өлшенуі құрылып, «дидактикалық функция» деген ұғымды іске асырады. Мұның өзі - әрбір нақтылы пәннің ғылыми сипатын айқындауға бірден-бір қажетті нысан. Ақпараттық технологияның басты өлшемдігі ретінде мыналарды атауға болады: ақпараттық; трансформациялау; бекіту және өзін-өзі басқару; өзінің біліктілігін өзіне арттыру; интеграциялау; үйлестіру, тәрбие-тәлімді білім мазмұны арқылы өркендету.

Аталған өлшемдік параметрлері вербальді сипатта болғанымен, оқытудың жаңа модульдік-рейтингі технологиясының жүйесінің сипатын оқыту барысында сипаттауға ең ұтымды тәсіл деп есептейді. Жоғары оқу орындарында әрбір ғылым саласының басты бір пәнінің модульдерін тексеру сапасында ақпараттық технология ретінде тесті жүйесі тәжірибеде тиімді қолданылып келеді. Бірақ тестінің құрылу сапасы білім мазмұнының стандарт шегімен сәйкес келе бермейтіні сараптау қорытындысында байқалды. Егер осы кемшілікті болдырмасақ, онда ақпараттық технология меңгеруге тиісті бағдарламаны толық білуге студенттерді құлшындыра түсетіні тәжірибе барысында аңғарылды. Оқытудың жаңа модульдік-рейтингі технологиясының жүйесін оқыту-бақылаушы жүйе сипатында бірқатар талаптарды жіктеп өлшеуге болады:

1. (Ішкі белсенділігін арттыру) дара тұлғаның кәсіптік-мәнділік сапасын дамыту, құзыреттілікке ынталану қабілетін ұштау (жүйенің мақсаты).

2. Дағды, икемділік пен мамандыққа қажетті біліктілікті меңгеру (оқыту мазмұны).

3. Студентке пәнге қатысты тапсырма беру.

4. Студенттің іс-әрекетін бақылауды қамтамасыз ету.

5. Студенттің мақсатқа жету деңгейінен ақпарат алу.

6. Студент қызметінің өнімділігі туралы мінездеме берерлік тапсырма құру.

7. Студент қызметінің қажеттілігін айқындайтын талаптарды іске асыратын тапсырма беру.

8. Студенттің сыртқы іс-әрекетін ұйымдастыру.

9. Іс-әрекеттің ішкі мүмкіндігін айқындауға қатысты мотивін табу.

10. Әр студенттің жеке мүмкіндігін ескеру.

11. Студенттің өз іс-әрекетін жоспарлай алу мүмкіндігін есептеу.

12. Өзін-өзі бақылау және өзінің нәтижесіне талдау жасау негізінде студенттің оқу іс-әрекетіне түзетулер енгізуі.

Оқытудың жаңа модульдік-рейтингі технологиясының жүйесі кешенді дидактикалық және бағдарламалық құралдар ұсынып, оқу үдерісін автоматты дәрежеге жеткізеді. Оқыту міндеттерін біртұтас дидактикалық жүйеде шешіп, оның өте ұтымды, зерделі нәтижеге бағдарлауына түрткі болады. Ақпараттық технологияның басымдық тұсы адам факторына бағдарлануы деп қабылданады.

Оқытудың жаңа технологиясы модульдік-рейтингі жүйесі төмендегілерді іске қосады:

1. Болашақ мамандардың қызметін кәсіптік деңгейде меңгеруі оқыту мақсаты пәннің ғылыми құрылымымен, оқулық арқылы дамытылуы.

2. Кәсіптік деңгейдің міндетін шешуде студенттердің интериоризациясын жүзеге асырудың жүйесі ретінде автоматты бейімділікке баули оқытуды бақылау модульдік-рейтинг сапасында өткізіледі.

3. Бақылау нәтижесін автоматты жүйеге түсіру мақсатында өлшемдік-бағдарлық тестісін қойма түрінде біліктілікті бақылау жүргізіледі.

Компьютерлік сұхбатқа түсу үшін студенттерде мынандай жағымды қылықтар дамытылуы көзделеді: 1) шыдамдылық (толерантность); 2) достық, ынтымақтастық; 3) біріне-бірі төзімділік көрсету; 4) шаршамау. Компьютерлік сұхбат әр студенттің өзіндік ішкі интеллектуалды әлеуетін жасқанбай бағалануына, өзі туралы бағаны әділ-ақиқат нұсқасында беруге төселеді. Мұның өзі адамның жалған ұстанымға ұрынуынан сақтандырады. Сөйтіп, әр студент өзінің тұрақты кәсіби деңгейінің құнын білетін дәрежеге жетіледі.

Оқытудың жаңа технологиясы модульдік-рейтингі жүйесі мына түзілімдегі дидактикалық қызметтерді іске асырады: ғылыми тілдегі нысандарды студенттер интерпретациядан өткізеді; жобалайды, өзін-өзі бақылау арқылы сол білімді кәсібіне бейімдейді, кері байланысқа түседі, «кешенді оқу іс-әрекетті» төмендегі сапалық көрсеткіштерге қол жеткізеді:

1. Бұрынғы толып жатқан «іс-қағаздарын» толтырудан гөрі білімнің қоймалы «траектория» арқылы бөле отырып, ол «рейтингімен» тексеріліп, әрбір студент өзінің болашақ мамандығына даярлық динамикасын есептей алады.

2. Әр студент өзінің ғылым меңгеру деңгейін тестімен тексеріп, болашақта жобада қалуы жайлы сенімі пайда болады немесе керісінше.

3. Тестіден нашар өткендегі нені меңгермегені жайлы нақтылы ұсыныс-кеңес алады.

Автоматты бейімділікке оқытуды ұйымдастырудағы оқу іс-әрекетінің тапсырмаларын таңдау оқытудың автоматты курсын өткізу іс-әрекеті көбінесе есептеу техникасыз өтіледі. Мұның басты себебі барлық бақылау-рейтинг жүйесін есептеу техникасына салу оңайлыққа түспейді. Оқытудың автоматты курсын дидактикалық құндылықты компьютер арқылы көрсетіп, оқытудың автоматты бейімделу сипатын іске асырады.

Алгоритмдік тәсіл сонау Л.Выготскийдің заманынан бері тұлғалық болмысты дамытудың екі аймағын іске асырып келген. Бірінші аймақ дамудың өлшемдігі – тапсырмаға сай келеді, бұл тапсырманы студент өздігінен орындайды. Мұндай тапсырманы орындауда білімдену амалын қолданудың қажеті жоқ. Екінші аймақ тапсырманың жақын алаңын меңгеру – бұнда студент бейімделу амалын қолданады. Білім мазмұнының жақын алаңын табу – бұл тапсырманың басымдығы. Бақылау іс-әрекетін модульдік-рейтинг бағалау тұрғысында жүргізудің талаптары:

1. Оқытуды біліммен қорландыру іс-әрекетін кәсіби бағдарлыққа бағыттап даярлау.

2. Кәсіптік даярлықты қамтамасыз етер тапсырмалардың мақсаты мен міндетін оқытудың білім мазмұнына сәйкестендіріп бейімделу.

3. Белгілі бір мамандық алу үшін меңгеруге тиісті оқу іс-әрекетінің ақиқаттығымен бақылауды педагогикалық өлшем негізінде өткізу.

Қорыта келгенде, бұл ғылыми тұжырымдардың негізін қалаған Э.И. Лузин [153.75]. Киевтің халықаралық университетінде азаматтық авиация жүйесін зерттеу нәтижесінде дәлелдеген. Ал мен Қазақстан Республикасының білімдену инновациялық технологияларын зерттеу іс-әрекетін негізге ала отырып, Э.И. Лузиннің кейбір тиімді деген ілімдеріне талдау жасап, оны Отандық ғылыммен байланыстырдым. Бақылаудың бейімделу амалынсыз, оның автоматты жүйеге негізделмей, бақылау рейтингімен тексеру 90-жылдардың аяқ кезінде тәжірибеге енгізілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет