Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлеу және бекiту;
35) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкілді органдарының темiр жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
1) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту;
2) әлеуметтiк мәнi бар тасымалдауларды субсидиялау бағдарламасын бекiту;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының темiр жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
1) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасын ұйымдастыру туралы шешімдерді тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешім қабылдау;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалды уақытша тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
3) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;
4) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарды айқындау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асыру жатады.
15-бап. Ұлттық темiр жол компаниясы
1. Ұлттық темiр жол компаниясы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Ұлттық темiр жол компаниясы магистралдық темiр жол желiсi операторының функциясын орындайды.
3. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушы
1. Ұлттық тасымалдаушы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi; соның iшiнде арнайы және әскери жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсетедi.
16-бап. Тасымалдау процесiн басқару
210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы тасымалдау процесiн орталықтандырылған басқаруды және ұйымдастыруды жүзеге асырады, Магистральдық темiр жол желiсiн пайдалану қағидасына сәйкес тасымалдаушылармен шарттар жасасады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред .қара); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Магистральдық темiр жол желiсiнiң операторы Магистральдық темір жол желісіндегі техникалық пайдалану, қозғалыс қауіпсіздігі қағидасына, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтiн жылжымалы құрамды магистральдық темiр жол желiсiне жiбермеуге мiндеттi.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Магистралдық темір жол желісінің операторы концессионермен концессия шартын іске асыру үшін тараптардың өзара қарым-қатынастарын регламенттейтін шарт жасасуға міндетті.
17-бап. Темiр жол станциясы
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тасымалдаушы поездарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызметтер көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашық темiр жол станцияларының арасында тасымалдауды жүзеге асырады. Тиісті жол дамытылымы бар темір жол станциясында поездарды құрастыру және тарқату жөніндегі маневрлік жұмыстар және поездармен техникалық операциялар жүргізілуі мүмкін.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшiн темiр жол станциялары жұмыс режимiнiң талаптарын, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртiбiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елдi мекендердiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Шекара, кеден, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа органдар темiр жол станциясы аумағындағы өз қызметтерiн темiр жол станциясының жұмыс режимiнде жүзеге асырады.
4. Темiр жол станцияларының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру жөнiндегі қызмет көрсетулеріне тасымалдаушылардың тең дәрежеде қол жеткiзуi қамтамасыз етiлуге тиiс.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Темiр жол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болып бөлiнедi.
210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Темір жол вокзалы
1. Темір жол вокзалында билет кассалары, күту үй-жайлары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар және ақпараттық қызмет көрсететін объектілер, медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті қорғау пункті болуға тиіс.
2. Темір жол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыттары, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны туралы, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
3. Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтарына қолжетімді болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға) тиіс.
4. Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде темір жол вокзалдарын иеленуші тұлғалар темір жол вокзалдарына кіреберістерді және таксилердің, сондай-ақ халыққа қызмет көрсетуге арналған жеке және қоғамдық автокөліктің тұрақ орындарын күтіп ұстауды және жөндеуді қамтамасыз етеді.
5. Халыққа қызмет көрсетуге арналған вокзал құрылыстары жарамды техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс.
6. Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде темір жол вокзалдарын иеленуші тұлғалар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және техникалық регламенттің талаптарын сақтауға тиіс.
7. Темір жол вокзалдары тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылуға тиіс.
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар
18-бап. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер
1. Тасымалдаушыға немесе тасымал процесiне қатысушысына өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн жер темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер болып табылады.
2. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге мынадай темiр жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен ғимараттарға:
1) магистралдық жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен құрылыстарға (темiр жол төсемi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық ғимараттар);
2) кiрме жолдарға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтарының, сумен қамтамасыз ету және канализация ғимараттарымен, құрылыстарымен, қорғаныш және бекiткiш екпе ағаштарымен, арнаулы темiр жол көлiгiне қызмет көрсетуге арналған қызметтiк және басқа да объектiлерiмен бiрге темiр жол станцияларына;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) темір жолдардың бөлінген белдеулері мен қорғалатын аймақтарына;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) концессия шарттары бойынша темір жолдар мен темір жол көлігінің объектілеріне бөлінген жерлер жатады.».
3. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген қала құрылысын салу мен экология талаптарына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келуге тиiс.
4. Тасымал процесiне қатысушылар өздерiнiң кiнәсiнен қоршаған ортаға келтiрген зияны үшiн, сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi тиiсiнше күтiп-ұстамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
19-бап. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi бөлу мен пайдалану тәртiбi
1. Жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жер учаскелерi темiр жолдар мен темiр жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасы мен бас схемаларына сәйкес, уәкiлеттi органмен келiсе отырып белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн нормативтер бойынша берiледi.
3. Бөлiнген белдеудегi темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.
20-бап. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары
1. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге бөлiнген белдеуге жанасатын жер учаскелерiндегi объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында, жер пайдаланудың ерекше жағдайларымен қорғалатын аймақтар белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарымен сыйыспайтын қызмет түрлерiне шек қойылады немесе тыйым салынады.
2. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарына көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, берiктiгiн әрi орнықтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғаныш орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ темiр жол көлiгiне бөлiнген белдеуге жанасатын, сел қаупi, көшкiн қаупi және басқа да қауiптi жағдайлар болатын аймақтардағы және өңiрлердегi жер учаскелерi жатады.
3. Темiр жол көлiгi қорғалатын аймақтарының жерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың иелiгiнен алынбайды және олар бұл жердi белгiленген шектеулердi сақтай отырып пайдаланады.
21-бап. Қорғалатын аймақтардағы жерлердi пайдалануды шектеу
1. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарында:
1) темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге iргелес жатқан учаскенiң меншiк иесiнiң немесе оны пайдаланушының жазбаша келiсiмiнсiз тұрақты және уақытша сипаттағы құрылыс, монтаждау және тау-кен жұмыстарын жүргiзуге;
2) көшкiннiң, шөгiндiнiң, сел тасқынының, сай-жыраның пайда болуына, сусымалы құмдардың, қар үйiндiлерiнiң, көшкiнiнiң туындауына, өзге де осындай зардаптарға әкелiп соғатын тәсiлдермен ағаштарды кесуге және өсiмдiк қабатын бұзуға тыйым салынады.
2. Қорғалатын аймақтар жерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылары темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарындағы жерлердi пайдаланудың режимiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылықта болады.
4-тарау. Темір жол көлігі қызметкерлерінің еңбек қатынастарын реттеу ерекшеліктері
22-бап. Темiр жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарын реттеу ерекшелiктерi
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Темiр жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, осы Заңмен, бас келiсiммен, салалық (тарифтiк) келiсiмдермен, еңбек және ұжымдық шарттармен реттеледi.
2. Темiр жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерi кәсiби даярлығы мен денсаулығы жөнiнен уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сай болуға тиiс.
210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Темiр жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкердің жұмыс уақытының және демалыс уақытының есепке алынуының ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
23-бап. Темiр жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетудiң қосымша негiздерi
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негiздемелерден басқа уәкiлеттi органның, магистралдық темiр жол желiсi операторының талап етуi бойынша жұмыс берушi мынадай жағдайларда:
1) магистралдық темiр жол желiсi диспетчерлiк қызметiнiң, операторының тасымалдау процесi мен поездар жүрiсiн басқаруға байланысты нұсқауларын орындамағаны үшiн;
2) жұмыс уақытының режимiн бұзғаны үшiн темiр жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетуге мiндеттi.
2. Жұмыстан шеттетiлген кезеңге жалақы сақталмайды.
Қызметкердi жұмыстан шеттету осыған негiз болған себеп анықталғанға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн.
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-бап. Нысанды киiм (погонсыз) және айырым белгiлерi
Темiр жол көлiгiнiң жолаушыларға, жүк жөнелтушiлерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерлерiне жұмыс берушiнiң есебiнен тиiстi айырым белгiлерi бар нысанды киiм (погонсыз) берiлуге тиiс.
Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар темiр жол көлiгi қызметкерлерi лауазымдарының (кәсіптерінің) тiзбесiн, нысанды киім (погонсыз) мен айырым белгілерінің үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз етудің нормаларын уәкілетті орган бекітеді.
5-тарау. ҚР 08.05.03 ж. № 414-1 Заңымен алып тасталды
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-тарау. Темір жол көлігі саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
30-бап. Жалпы ережелер
1. Темір жол көлігі, темір жолдар, темір жол станциялары, вокзалдар және темір жол тасымалдарымен байланысты тасымалдау процесіне қатысушы өзге де объектілер, сондай-ақ олардың өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
2. Тасымал процесіне қатысушылар техникалық регламенттер де белгіленген қауіпсіздік талаптарын орындауға және адамның өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жолда жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Темір жол көлігі саласындағы қауіпсіздік адамның өмірі мен денсаулығын сақтау ға, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесіне қатысушылардың авариясыз жұмыс істеуіне жағдайлар жасауға, магистральдық темір жол желісін, темір жолдың жылжымалы құрамын, құрылыстарды, жабдықтады, механизмдер мен тетіктерді ақаусыз ұстауға, сондай-ақ болуы ықтимал авариялар салдарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз eтіледі.
210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Темір жолдармен қиылысатын немесе оларға тікелей жақын орналасқан газ, мұнай құбырларын, автомобиль жолдарын, электр берілісі желілерін және басқа да құрылыстар салу мен пайдалану кезінде белгіленген нормативтердің сақталмағаны үшін, сондай-ақ аталған құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігі үшін олардың меншік иелері мен иелері ортақ жауаптылықта болады.
Аталған құрылыстардың иелері тасымал процесіне қатысушыларды және мемлекеттік көлік бақылау органдарын қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін аварияның немесе авариялық жағдайлардың туындағаны туралы дер кезінде хабардар етуге міндетті.
5. Қауіпті жүктерді жөнелтетін жөнелтуші (жүк жөнелтуші) және қабылдайтын алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етуге міндетті, оларда авариялық жағдайларды және олардың салдарын жоюға қажетті құралдар мен жұмылдыру бөлімшелері (оның ішінде шарт бойынша) болуға тиіс.
Қауіпті жүктерді тасымалдау процесінде авариялық жағдайлар туындаған кезде тасымалдау процесіне қатысушылар аталған бөлімшелердің оқиға орнына жедел түрде жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 31-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап жаңа редакцияда
31-бап. Магистральдық инфрақұрылым объектілерін, құрылыстарды, темір жол көлігі жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Магистральдық инфрақұрылым объектілерін, құрылыстарын, темір жол көлігі жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс.
2. Магистральдық инфрақұрылым объектілерін, темір жол көлігі құрылыстарын, жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату процестері Техникалық пайдалану қағидасына, техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
3. Магистральдық инфрақұрылым объектілерінің, құрылыстарының, темір жол көлігі жылжымалы құрамының, арнайы жылжымалы құрамының, конструкцияларының, жабдықтары мен мүкәммалының жобалау, өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау және жөндеу процестерінде сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар пайдалану құжаттамасында белгіленеді.
2006.29.12. № 209-III ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |