Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер



бет3/3
Дата13.06.2016
өлшемі496.5 Kb.
#131220
1   2   3
 

157. Кілттік тәуелділік құрылғылары бақылау құлыптарының көмегімен бағыттамалар мен сигналдардың өзара тұйықталуын қамтамасыз етуі тиіс.

158. Бағыттамалардың бақылау құлыптары:

1) кілттің тек бағыттаманың жабық күйінде ғана алынуына жол береді;

2) бағыттамаларды тек құлыптан суырып алынған кілтте көрсетілген қалпында, үшкірдің рамалық рельске тығыз жанасқан жағдайында ғана жабады;

3) қыстырылған үшкір мен рамалық рельс арасындағы саңылау 4 мм және одан астам болғанда бағыттаманың жабылуына жол бермейді.

159. Сериясы бірдей бағыттамалық бақылау құлыптарды бір станцияның шегінде, ал ірі станцияларда – бір бағыттамалық ауданның және басқа аудандардың онымен іргелес орналасқан бағыттамалық қосындардың шегінде қолдануға тыйым салынады.

160. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғылары:

1) бір орыннан бағыттамалар мен бағдаршамдар арқылы бірқатар станциялар мен аралықтарды басқаруды;

2) басқару аппараттарынан бағыттамалардың жағдайы мен бос еместігін, аралықтың, станцилардағы жолдардың бос еместігін бақылау, сондай-ақ кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдары көрсетулерін қайталау және өтпелік сигнализация жұмысын бақылау;

3) поездарды қабылдау, жөнелту және маневрлерді орындау бойынша резервтік басқаруға берудің немесе маневрлерді орындау үшін бағыттамаларды жергілікті басқаруға беру;

4) поездардың орындалған қозғалысы кестесінің автоматтық жазбасын;

5) сигнализация мен байланыстың жеке құралы ретінде қолданылатын электрлік орталықтандыруға, автоматтық бұғаттауға және автоматты локомотивтік сигнализациясына және поездың толық құрамымен келіп жеткенін жартылай автоматтық бұғататуына қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

161. Диспетчерлік орталықтандырудың жаңа жүйелері блок-учаскелердің жалған бос еместігі кезінде поезд диспетчерінің қозғалыс бағытын өзгерту мүмкіндігін, сондай-ақ автоматика және телемеханика құрылғыларының техникалық күйін бақылауды, диагностикалауды және мониторингілеуді қамтамасыз етеді.

162. Станциялық бұғаттау:

1) қосындардың поездарды және станция ішіндегі маршруттардың қабылдау және жөнелту маршруттарын әзірлеуінің дұрыстығына станция бойынша кезекші жағынан бақылау;

2) әр түрлі қосындардан басқарылатын бағыттамалар мен сигналдардың өзара тұйықталуын;

3) жаңадан енгізілетін жүйелерде автоматика және телемеханика құрылғылары жай-күйінің диагностикасын және мониторингін қамтамасыз етеді.

163. Автоматты өтпелік сигнализациясы тоқтау сигналын беруін автомобиль жолының жағына қарай бастауы тиіс, ал автоматты тоспалар және қоршау құрылғылары поездың темір жол өтпесіне келіп жетуіне дейін көлік құралдарының өтпесін алдын ала босатуы үшін қажетті уақыт ішінде өздерінің жабық қалыпқа келуі тиіс.

Поезд темір жол өтпесінен толық өтіп болғанға дейін автоматты өтпе сигнализациясы жұмыс істеуді жалғастыруы, ал автоматты шлагбаумдар жабық қалпына келіп үлгеруі тиіс.

164. Автобұғаттауы бар аралықтар және бағыттамалардың электрлік орталықтандыруы бар станциялар жол бойында жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді поездың жақындауы туралы хабарландырудың автоматты жүйесімен жоспарларға сәйкес жабдықталады.

165. Автоматты локомотив сигнализациясы кезінде локомотивтік бағдаршамдар поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамдарының көрсетулеріне сәйкес көрсетулерді береді.

Тек қана локомотивтік бағдаршамдардың көрсетулері бойынша қозғалыс кезінде бұл бағдаршамдар алдағы жатқан блок-учаскелердің бос еместігіне немесе бос болуына қарай көрсетулерді береді.

Локомотивтік бағдаршамдар локомотивті, моторвагондық поезды, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды басқару кабинасында орнатылады және сигналдық көрсетулерді тікелей машинистің өзіне және оның көмекшісіне немесе дрезина жүргізушісіне және оның көмекшісіне береді.

166. Локомотивтердегі, моторвагондық поездардағы, АЖҚ-та автоматты локомотив сигнализациясы белгіленген қозғалыс жылдамдықтарын, поездың өзінен-өзі жылжып кетуін және машинист қырағылығын мерзімді түрде тексерілуін бақылауды қамтамасыз ететін қауіпсіздік құрылғыларымен толықтырылуы тиіс. Машинист локомотивті, моторвагонды поезды, АЖҚ-ты, ал дрезина жүргізушісі дрезинаны басқару қабілетінен айырылған жағдайларда, аталған құрылғылар тыйым салушы көрсетуі бар жол бағдаршамының алдында поездың автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз етуі тиіс.

167. Автобұғаттаумен немесе сигнализация мен байланыстың жеке құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотив сигнализациямен жабдықталған учаскелерде орналасқан станцияларда басты жолдар, жолаушылар поездарын қабылдау және жөнелту жолдары, сондай-ақ поездарды тоқтатусыз өткізуге арналған қабылдау-жөнелту жолдары автоматты локомотив сигнализациясының жол құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

Жартылай автоматты бұғаттау кезінде жақындау учаскелері және станциялардың басты жолдары автоматты локомотив сигнализациясының жол құрылғыларымен жабдықталады.

168. Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары құрамдардың есептік (жобалық) тарқатылу жылдамдығымен үздіксіз, үзіліссіз және қауіпсіз тарқатылуын қамтамасыз етуі тиіс, бұл ретте әр тежеулік ұстанымдағы тежеу құралдарының қуаты осы жылдамдықта іске асыруға мүмкіндік беруі және вагондарды сұрыптаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

169. Механикаландырылған сұрыптау дөңестеріндегі сұрыптау жолдары бойынша ағытпаларды таратудағы құрамдарды тарқатуға қатысатын бағыттамалық бұрмалар дөңестік электрлік немесе дөңестік автоматтандырылған орталықтандыруға қосылуы тиіс.

170. Дөңестік орталықтандыру:

1) бағыттамаларды жеке басқаруға;

2) құрамның тарқатылуы жүргізілетін барлық бағыттас бағыттамалардың, сондай-ақ жылжымалы құрамның тарқату аймағына шығып кетуіне жол бермейтін күзеттік бағыттамалардың электрлік тұйықталуын;

3) басқару пультінде бағыттамалардың қалпының және бағыттамалық секциялардың бос еместігінің бақылауын қамтамасыз етеді.

171. Дөңестік орталықтандыру жылжымалы құрамның астындағы бағыттаманың бұрылмауына жол бермеуі тиіс.

172. Сонымен қоса, бағыттамаларды дөңестік автоматты орталықтандыру:

1) бағдарламалық немесе маршруттық жұмыс режимдері кезінде ағытпалардың тарқауы дөңесінің тарату аймағының бағыттамаларын автоматты басқаруын;

2) бұру сәтінде үшкір және рамалық рельс арасында кедергі туындаған жағдайда ағытпаның бағыттамалық секцияға енуіне дейін бағыттаманың бақыланатын қалыпқа автоматты қайтарылуын;

3) тарату процесінде бағыттамаларды жеке басқаруға ауысу көшіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

173. Автоматтандырылған дөңестік орталықтандыруы бар механикаландырылған дөңестерге қойылатын талаптарды орындауымен қатар автоматтандырылған сұрыптау дөңесінің құрылғылары:

1) құрамды жақындатудың және тарқатудың басқаруын және бақылауын;

2) ағытпалардың тарқау жылдамдығын автоматтық реттеуді;

3) құрамдарды тарқату нәтижелерін бақылап отыруды;

4) сұрыптау станциясының ақпараттық-жоспарлау жүйесімен ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді.

Жаңа жүйелер, осы тармақта аталған талаптармен қоса, автоматика және телемеханика құрылғыларының техникалық жай-күйін бақылауды, диагностикалауды және мониторингілеуді қамтамасыз етеді.

174. Поездың жүрісі кезінде жылжымалы құрамның техникалық жай-күйін автоматты бақылау құралдары:

1) алдағы орналасқан станцияның кезекшісіне, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде - поезд диспетчеріне поезда ақаулы жылжымалы құрамның бар-жоғы және орналасуы және ақаулылықтың түрі жөнінде ақпарат жіберілуін;

2) локомотив машинисіне поездарда ақаулы вагондардың бар-жоғы жөніндегі немесе дауыстық хабарлағыштың поезда ақаулы жылжымалы құрамның бар-жоғы жөніндегі ақпараттың жіберілуін;

3) алдағы орналасқан станцияның кезекшісіне, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде - поезд диспетчеріне ақаулы жылжымалы құрамның болуы және орналасуы және ақаулықтың түрі жөніндегі ақпараттың тіркелуін қамтамасыз етуі тиіс.

175. Поездар мен вагондарда коммерциялық ақауларды автоматтық анықтау құрылғылары (поездар мен вагондарды коммерциялық тексерудің автоматтандырылған жүйесі немесе оның жекелеген элементтері - электрондық габариттік қақпалары, электронды вагон таразылары, телевизиялық бейнебақылау жүйесі):

1) ақпараттың еденүсті құрылғылардан коммерциялық тексеру пункті опеаторының терминалына поезда ақаулығы бар вагондардың (тиеу габариті, ашық жылжымалы құрамда жүктерді орналастыру мен бекітудің техникалық шарттары бұзылған, асыра жүктелген және т.б.) болуы және орналасуы жөнінде ақпарат жіберуді;

2) жіберілген ақпаратты қағаздағы және басқа тасығыштарға (дискеталарда, бейнетаспаларда) пайдалану және сақтау үшін бере отырып, оператордың терминалдық жабдығында тіркелуін;

3) тиісті құжаттаманың ресімделуін қамтамасыз етуі тиіс.

176. Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналған құрылғылар: сақтандырушы тұйықтар, қорғағыш бағыттамалары, лақтыру табандықтары, лақтыру үшкірлері немесе лақтыру бағыттамалары оларды орталықтандыруға қосу жөніндегі осы Қағидалардың талаптарына (сақтандырғыш тұйықтар үшін – тұйыққа апаратын бағыттама) сәйкес болуы тиіс, қоршау жағдайын бақылауының болуы және жылжымалы құрам мен поездардың басқа жолдар мен қабылдау, жүру және жөнелту маршруттарына өздігімен шығып кетуін болдырмауы тиіс.

177. Магистральдық темір жол желісінің барлық учаскелерінде поездық диспетчерлік, поездық станцияаралық, станциялық, желілік-жол, бағыттамалы байланыс бар.

Автобұғаттаумен, диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде және барлық электрлендірілген учаскелерде энергодиспетчерлік және аралықтық байланыс бар.

178. Кәбілдік байланыс желілері бар учаскелерде автоматика, телемеханика және байланыс электр механиктерінің қызметтік байланысы болады.

Магистральдық темір жол желісінде байланыс үшін поездар қозғалысын, билет сатуды және желілік бөлімшелердің жұмысын басқару үшін магистральдық, жол, жолдық басқару, билеттік-диспетчерлік, вагондық-диспетчерлік, маневрлік диспетчерлік, ақпараттық-есептеу, жергілікті байланыс орнатылады.

179. Магистральдық темір жол желісінің барлық учаскелері поездық радиобайланыспен жабдықталады. Поездық радиобайланыс поезд локомотивтері, моторвагонды поездар, АЖҚ машинистерінің:

1) бүкіл диспетчерлік учаске шектерінде поезд диспетчерімен;

2) аралықты шектейтін станциялар бойынша кезекшілерімен;

3) бір аралықта жүрген қарсы бағытта және ізімен келе жатқан локомотивтердің, моторвагонды поездардың, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистерімен;

4) өтпелер және деполар бойынша кезекшілермен;

5) жөндеу жұмыстарының басшылары және сигналшылармен;

6) поездар мен объектілердегі әскерилендірілген күзет атқыштарымен;

7) кабинадан шыққан кезде машинистің көмекшісімен;

8) жолаушы поезының бастығымен (механик-бригадирімен);

9) вагондарды қарап тексеруші-жөндеушілермен екі жақты сенімді байланысын қамтамасыз етуі тиіс.

180. Станциялардың жабылуы салдарынан немесе станциялар бойынша кезекшілерінің кезекшілікті тоқтатуы себебінен аралықтар ұзындығының 15 км-ден астам ұзаруы кезінде радиобайланыстың жаңа жүйелері енгізілгенге дейін поездық локомотивтердің, мотровагонды поездардың және өздігінен жүретін АЖҚ машинистерінің аралықпен жүруі кезінде поезд диспетчерімен тұрақты радиобайланысын қамтамасыз етуге рұқсат етіледі.

Магистральдық темір жол желісінің поездар қозғалысы қарқынды және диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерінде енгізілетін поездық радиобайланыстың жаңа жүйелері аралықтың ұзақтығына қарамастан, осы тармақта аталған қызметкерлердің сенімді екі жақтылық байланысын қамтамасыз етеді.

181. Станцияларда технологиялық қажеттілігіне байланысты станциялық радиобайланыс, екіжақты парктік байланыс құрылғылары және жолаушыларға ақпарат беруге арналған байланыс қолданылады.

Станциялық радиобайланыс маневрлік және дөңестік радиобайланыс, станциялық технологиялық орталықтардың, вагондар мен локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттері радиобайланысының, жүк аудандарының вагондарын коммерциялық қарап тексеру пункттері, контейнерлік алаңшалар, техникалық құралдарға (автоматика мен телемеханика, ақпараттандыру, байланыс, жол, түйіспе желісі) қызмет көрсету және жөндеу бойынша бригадалардың, әскерилендірілген ведомстволық күзет бөлімшелерінің радиобайланысы желілерінде екі жақты байланысты қамтамасыз етеді.

Бір станция шегінде әр түрлі маневрлік аудандар үшін бірдей радиожиіліктерді қолдануға рұқсат етілмейді.

182. Станцияның әр маневрлік ауданы және оған қызмет көрсететін локомотивтер үшін жеке радиожиілік бөлінеді.

Екі жақты парктік байланыс құрылғылары парк шегінде жақсы естілуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл құрылғылар магистральдық темір жол желісі аумағының сыртындағы шуылды азайту үшін бағытты түрде істеуі тиіс.

Поездық және маневрлік жұмыс жөнінде нұсқауларды беруге, сондай-ақ жолаушыларға ақпарат беру үшін арналған екіжақты парктік байланыс құрылғылары үнемі іске қосулы күйінде болуы, байланыс арналарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі, іске қосылған күйінің бақылауы болуы тиіс.

183. Жүктасымалдылығы қарқынды желілердің учаскелері мен станцияларындағы жөндеу жұмыстарын басқару үшін жөндеуші бөлімшелерінің ішінде жұмыстарды басқарушымен, жұмыстарды басқарушының локомотивтер машинистерімен, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинистерімен және тиісті қызметтің кезекші аппаратымен сенімді екіжақты байланысты қамтамасыз етуге арналған жөндеу-жедел радиобайланысы қолданылуы тиіс.

184. Поездық диспетчерлік және бағыттамалы байланысты поездар қозғалысымен байланысты емес мәселелер бойынша сөйлесуге рұқсат етілмейді.

Бағыттамалы байланыс желісіне, орындаушы орталықтандыру қосындарын, бағыттамалы қосындарды және станция бойынша кезекшіні қоспағанда, басқа телефондарды қосуға рұқсат етілмейді.

185. Поездық диспетчерлік байланысқа тек станциялар бойынша кезекшілердің, маневрлік диспетчерлердің, операторлардың, локомотив деполары, ауыстыру пункттері бойынша кезекшілердің, энергодиспетчерлердің және локомотив диспетчерлерінің, сигнализация және байланыс дистанциялары кезекші инженерлерінің ғана телефондарын қосуға рұқсат етіледі. Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде поездық диспетчерлік байланысқа өтпелер бойынша кезекшілердің телефондарын қосуға рұқсат етіледі.

Штатында тасымалдар қызметінің кезекші қызметкерлері жоқ немесе штатында болғанымен олардың тәулік бойына кезекшілігі көзделмеген станцияларда поездық диспетчерлік байланысқа станциялар бастықтарының, автоматика мен телемеханика электр механиктері мен электр монтерлерінің пәтерлерінде орнатылған телефондарды қосуға рұқсат беріледі.

Пәтерлерде орнатылған телефондарды қосуды поезд диспетчері арнайы аспаппен және сөйлесу кезіне ғана жүргізеді.

186. Аралықтарда поездық диспетчерлік байланыс сымдарына дрезиналар жүргізушілерінің (амалсыз тоқтаған кезде), қалпына келтіру және өрт сөндіргіш поездары бастықтарының, автоматика мен телемеханика электр механиктерінің және қалпына келтіру, жол жұмыстарының және электрмен жабдықтау құрылғылары жөніндегі жұмыстар басшыларының алып жүретін телефондарын уақытша қосуға рұқсат етіледі.

Поездық станцияаралық байланысқа станциялар бойынша кезекшілердің телефондарын, ал автобұғаттауы бар учаскелерде, сонымен қоса аралықтық байланыстың және өтпелер бойынша кезекшілердің телефондарын қосуға рұқсат етіледі.

187. Станциялардағы және диспетчерлік учаскелердегі поездық және станциялық радиобайланыс құрылғылары сөйлесулердің құжатталған тіркеу жүйесімен жабдықталады (магистральдық темір жол желісі (инфрақұрылым) операторы белгілейтін тізбеге сәйкес).

Сөйлесулердің құжатталған тіркеу жүйесімен пайдалану тәртібін магистральдық темір жол желісі (инфрақұрылым) операторы белгілейді.

188. Аралықтардағы байланыс, автоматика мен телемеханиканың кәбілдік желілері жер төсемі шектерінен тыс магистральдық темір жол желісінің бөлінген алқабында салынуы тиіс. Жекелеген жағдайларда кәбілдік желілерді қолданыстағы ережелерді сақтай отырып, жер төсемінде салуға рұқсат етіледі. Талшықты-оптикалық кәбілдер негізіндегі байланыс желілері аспалық әдіспен түйіспелі тораптың немесе автобұғаттау желілерінің тіректерінде орналастырылады немесе қолданыстағы Қағидаларды сақтаумен бұру белдеуінде төселеді.

189. Аспалық әдіспен тартылған кәбілдік байланыс желілері иіліс жебесі барынша төмен түсіңкіреген жағдайда кем дегенде мынадай биіктікте болуы тиіс:

1) халық қоныстанбайтын жерлерде жер бетінен - 5,0 м;

2) халық қоныстанатын жерлерде жер бетінен - 6,0 м ;

3) жолаушылар платформаларының бетінен - 4,5 м;

4) темір жол өтпелеріндегі автомобиль жолдарының бетінен - 7,0 м

Автоматика мен телемеханика және байланыс әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен жерге дейінгі қашықтық иіліс жебесінің барынша түсіңкіреуі кем дегенде:

5) аралықтарда - 2,5 м,

6) станцияларда - 3,0 м;

7) автомобиль жолдарымен қиылыстарда- 5,5 м (қолданыстағы желілерде, олардың қайта құрылуына дейін 4,5 м қашықтықты сақтауға рұқсат етіледі).

190. Темір жол жолдарымен қиылыстарында автоматика мен телемеханика және байланыс әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен рельс бастиегінің үстіне дейінгі қашықтық кем дегенде 7,5 м болуы тиіс. Электрлендірілген темір жол жолдарының автоматика мен телемеханика және байланыс әуе желілерімен қиылысуына рұқсат етілмейді. Мұндай қиылыстар жерасты кәбілдік ендірмелермен орындалады.

191. Автоматика мен телемеханика және байланыс желілері бұзылған кезде оларды қалпына келтіру мынадай кезектілікпен жүргізіледі:

1) поездық диспетчерлік байланыс сымдары;

2) жолдық бұғаттамасы, энергодиспетчерлік байланыс сымдары;

3) электр асатаяқ жүйесінің, поездық станцияаралық және бағыттамалы байланыстың сымдары; электрмен жабдықтау құрылғыларын телебасқару сымдары; магистральдық байланыс сымдары;

4) автоматика мен телемеханиканың және байланыстың қалған сымдары.

192. Учаскеде қолданылатын екі және одан артық байланыс пен автоматика мен телемеханика желілері бір мезгілде бұзылған кезде қалпына келтіру басымдылығы желілердің қуатымен және төмендегі параметрлермен белгіленеді:

1) талшықты-оптикалық байланыс желілері;

2) металды кәбілдер негізіндегі байланыс желілері;

3) байланыс және автоматика мен телемеханиканың әуе желілері.

193. Автоматика мен телемеханика және байланыс құрылыстары мен құрылғылары тартымдық тогының, электрберілісі желілерінің және найзағай разрядтарының кедергі келтіретін және қауіпті ықпалынан қорғалған.

194. Ақпараттық-есептеу жүйесі:

1) деректердің енгізілуін, берілуін, өңделуін және сақталуын;

2) есептеу нәтижелерінің белгіленген мерзімде тұтынушыларға берілуін;

3) темір жол көлігінің ішкі салаларындағы жоспарлау, жедел басқару, есепке алу, статистика міндеттерінің шешілуі мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

195. Техникалық және бағдарламалық құралдар жұмысқа қабілетті және белсенді күйде тұрақты ұсталуын, талап етілетін сенімділік пен нақтылықты қамтамасыз етуі тиіс.
6. Жүрдек жолаушылар поездарының айналымы учаскелерінде автоматика, телемеханика және телекоммуникациялар құрылғыларын пайдалану тәртібі
196. Темір жолдың жүрдек жолаушылар поездарының айналымы учаскелерде орналасқан аралықтар мен станциялар автоматты автобұғаттаумен немесе радиобұғаттаумен, автоматты локомотивті сигнализацияның автотоқтағышы бар автоматты локомотивтік сигнализациясымен (бұдан әрі - АЛСН), көпмәнді АЛСН немесе борттық қауіпсіздік жүйесімен, сигналдар мен бағыттамалардың электрлік орталықтандыруымен, диспетчерлік орталықтандырудың немесе диспетчерлік бақылаудың микропроцессорлық құрылғыларымен, ақаулы вагондарды автоматты анықтау құрылғыларымен, осы Қағидаларға сәйкес байланыс және радиобайланыс түрлерімен жабдықталады, бұл ретте поездық радиобайланыс дуплексті болуы тиіс.

Поездар қозғалысын автоматты басқару, автоматтандырылған жұмыс орындары жүйелері жоспарлы тәртіппен енгізіледі.

197. Электрлік орталықтандыру құрылғыларында маршруттарды бекіту жақындаудың екі немесе үш блок-учаскесі алдында жүзеге асырылады, олардың жиынтық ұзындығы сағатына 200 км жылдамдық кезінде шұғыл жылдамдығының тежеу жолынан кем болмауы тиіс.

198. Бағыттамалы бұрмалар ауыспалы ток электржетектерімен жабдықталады.

199. Жүрдек поездарды өткізу жолдарына жанасатын бағыттамалы бұрмалар сыртқы бекітулермен жабдықталады.

200. Сырғанаудың үздіксіз беті бар бағыттамалық бұрмаларды қолдану ауыспалардың ажырауын талап етеді.

201. Үш таңбалы АЛСН-мен жабдықталған учаскелерде жылдамдығы сағатына 160 км-ге дейінгі жүрдек жолаушылар поездарының қозғалысы локомотив бағдаршамының жасыл жарығы сарыға ауысқаннан кейін қызметтік тежеуді қолдану кезінде жабық бағдаршам алдында тоқтау арқылы жол және локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылады. Сағатына 160 км-ден артық жылдамдық көп таңбалы АЛСН-ның жол және локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылады.

202. Жылдамдығы сағатына 140 км-ден артық поездар қозғалысы маршруттары бойынша аралықтар мен станцияларда бөгеттен қорғалған тоннельдік жиіліктегі қосарлы түйісу жалғамалары бар электрлік рельс тізбектері қолданылады.

203. Жылдамдығы сағатына 140 км-ден артық поездар қозғалысының маршруттарының басты жолдарының бағыттамалық учаскелерінің тармақталулары (ауыспалардың жұпталған бағыттамаларын қоспағанда) қосымша жол релелерімен және қосарлы түйісу жалғамаларымен жабдықталады.

204. Автоматты локомотив сигнализациясы мен поездық радиобайланыс әрекеттерінің жырамдылығын тоқсанына кем дегенде бір рет вагон-зертхана тексеруі тиіс.

205. Жоспарлы тәртіппен жаяу жүргінші өтпелері темір жолдармен бір деңгейде жаяу жүргінші тоннельдері немесе жаяу жүргінші көпірлерімен алмастырылады не болмаса, жақын жердегі жасанды құрылыстың (құбырдың, кіші көпірдің) астына жіберіледі, бұл ретте осы құрылыстардың көлемдері «1520 мм жолтабан темір жолдары» құрылыс-техникалық нормаларының талаптарына жауап беруі тиіс. Құрылыс кезеңіне қолданыстағы жолдар арқылы өтетін жаяу жүргінші жолдарының, оларды, поездың жақындауы туралы ескертетін сигнализациямен, сақтандырғыш тосқауылдармен, ескерту қалқандарымен жабдықтай отырып, сақталуына рұқсат етіледі.

Қажет болғанда, қызмет көрсететін персоналға қоршауда жапқыш қақпа жасалады.

206. Темір жолдардың автомобиль жолдарымен бір деңгейде қиылысуының жүрдек учаскелерінде (өтпелер) жоспарлы тәртіппен түрлі деңгейдегі қиылысулармен алмастырылады.

207. Жүрдек қозғалыстың басталуына дейін алмастырылмаған өтпелердің құрылғысы мен жабдықтары уәкілетті орган бекіткен Темір жол өтпелерін пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

208. Аталған нұсқаулықта баяндалған талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, өтпелер жаңа жобалар бойынша бөгегіш құрылғыларды орнатуды қоса алғандағы, жолаушылар поездарының жүрдек жылдамдығын енгізгенге дейін қайта құрылуы тиіс.

209. Жолаушылар поездарының жүрдек жылдамдығы жүзеге асырылатын барлық өтпелерге кезекші қызметкерлер қызмет көрсетуі тиіс. Бұрын кезекші персонал болмаған өтпелерде, оларды орналастыруға арналған үй-жайлар дайындалуы (күрделі жөнделген немесе үлгі жоба бойынша жаңадан салынған) тиіс.

210. Өтпе бойынша кезекші немесе оның міндеттерін орындайтын қызметкер жүрдек жолаушылар поезының өтуіне 5 минут қалғанда өтпе бойынша көлік құралдарының қозғалысын тоқтатуы және тоспаны жабуы тиіс.

211. Темір жол өтпесі бойынша жүгі бар немесе жүксіз ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарын, баяу жүрісті машиналар мен автопоездарды жүрдек поездың өтуіне 1 сағат қалғанда өткізуге тыйым салынады.

Жүрдек жолаушылар поезының өтуіне кемінде 20 минут қалғанда малды айдап өтуге тыйым салынады.

212. Жүрдек жолаушылар поезын өтпе бойынша өткізген кезде өтпе бойынша кезекші шеткі рельстен кем дегенде 5 м арақашықтықта болуы тиіс.

213. Қажет болғанда, жекелеген өтпелерде жүрдек поезды өткізу кезінде қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде өтпе бойынша кезекші қосынына қарама-қарсы орналасқан қосалқы көлденең бұрылатын тоспалар құлыпқа бекітілуі тиіс. Осындай өтпелердің тізбесін магистральдық темір жол желісі (инфрақұрылым) операторы белгілейді.
7. Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялар құрылғыларына техникалық қызмет көрсету тәртібі
214. Солардың көмегімен түрлі тәуелділіктер жүзеге асырылатын автоматика және телемеханика аппараттары, сондай-ақ поездық және станциялық радиобайланыс аппараттары жабық болуы және пломбылануы тиіс, оларды ашуды бұл құрылғыларды қарап тексеру журналына міндетті түрде алдын ала жаза отырып, сигнализация және байланыс дистанциясының соған өкілеттілігі бар қызметкерінің жүргізуіне ғана рұқсат етіледі. Автоматика және телемеханика және радиобайланыс аппараттарындағы пломбылардың тұтастығы үшін осы аппараттарды пайдаланатын кезекші қызметкерлер (станциялар бойынша кезекшілер, орталықтандыру қосыны операторлары, бағыттамалы қосын кезекшілері, локомотивтердің машинистері және т.б.) жауапты болады.

215. Сигнализация және байланыс шаруашылық кәсіпорындарында бар автоматика, телемеханика және телекоммуникациялар құрылғыларының және олар қызмет көрсететін басқа құрылғылардың сызбалары мен суреттемелері, тиісті стандарттар мен нормалар болуы тиіс. Бұл құжаттарға барлық өзгерістер уақтылы енгізілуі керек.

Автоматика және телемеханика құрылғылары бойынша үлгі техникалық шешімдерді тиісінше Магистральдық темір жол желісінің (инфрақұрылымның) операторы немесе концессия шарттары бойынша темір жол иесі бекітеді. Автоматика және телемеханика құрылғыларында үлгі емес техникалық шешімдерді қолдануға рұқсат етілмейді.

216. Белгіленген тәуелділіктердің бұзылуына немесе олардың жұмысын уақытша тоқтауына алып келетін автоматика және телемеханика құрылғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау, оның орнын ауыстыру, жөндеу, сынау және ауыстыру жөніндегі жоспарлық жұмыстар оларды орындаудың ең аз мерзімдерін көздейтін кестелерге сәйкес жүргізіледі. Станцияларда мұндай жұмыстарды станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және бұл туралы жұмыс басшысының жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, автоматика және телемеханика, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына алдын ала жазбастан жүргізуге рұқсат етілмейді. Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде осындай жұмыстар поезд диспетчерінің келісімімен ғана жүргізіледі.

Құрылғылар станция бойынша кезекшінің үй-жайынан айтарлықтай қашықтықта орналасқан жағдайда, бұл құрылғыларды іске қосу туралы жазба, сондай-ақ ақаулықтарды жою жөніндегі алдын ала көзделмеген жұмыстарды жүргізу үшін бұл құрылғыларды уақытша ажырату туралы жазба кейіннен жұмыс басшысы автоматика және телемеханика, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына жеке қолын қоюы арқылы, сол журналда тіркелетін, станция бойынша кезекшіге берілетін телефонхатпен ауыстырылады.

217. Белгіленген тәуелділіктерді бұзбай жекелеген автоматика және телемеханика құрылғылары мен аспаптарын ауыстыру және ажырату станция бойынша кезекшінің (диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде поезд диспетчерінің) келісімі бойынша ғана автоматика және телемеханика, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына жазбастан жүргізіледі.

Қолданыстағы автоматика және телемеханика құрылғыларын сынау барлық жағдайларда станция бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде ­– поезд диспетчерінің келісімі бойынша және соның қадағалуымен жүргізіледі.

218. Сигналдық аспаптарды жарықтандыру сигналдар көрсетулерінің айқын көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.

219. Уақтылы және толассыз жарықтандыруды қамтамасыз ету:

1) бағдаршамдарды және маршруттық нұсқағыштарды – сигнализация және байланыс шаруашылық кәсіпорындарының бірінші басшыларына;

2) бағыттамалы нұсқағыштарды, жол қоршауларын түсіру құрылғыларының және гидравликалық бағандардың станциялардағы нұсқағыштарын – станциялар басшыларына;

3) локомотив, вагон, жол және басқа шаруашылықтардың жолдарындағы сигнал аспаптарын – тиісті бөлімшелердің бастықтарына жүктеледі.

220. Станциялық жолдардағы сигналдық аспаптарды жарықтандыру құрылғыларын электрмен жабдықтауды электрмен жабдықтау шаруашылық кәсіпорындары қамтамасыз етеді.

221. Сигнализация және байланыс құрылғыларына қызмет көрсететін қызметкерлер бағдаршамдардың және маршруттық нұсқағыштардың сигналдық көрсетулерінің тұрақты қалыпты көрінуін қамтамасыз етеді.

Бағдаршамдар көрсетулерінің көрінуін электр механик бағдаршамдық шамдарды ауыстырған сайын жолдан тексереді.

Аралықтар мен станциялардың басты жолдары бойынша сигналдардың көрінуін аға электр механик локомотивтен айына кемінде бір рет және сигнализация және байланыс шаруашылық кәсіпорындарының басшылары тоқсанына кемінде бір рет тексереді.

222. Сигнализация және байланыс шаруашылық кәсіпорындарының және локомотив шаруашылықтарының бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары тоқсанына кемінде бір рет автоматты локомотив сигнализациясын, радиобайланыстың және қауіпсіздік құрылғыларының жұмысын локомотивтен тексереді.

223. Жол, автоматика және телемеханика, электрмен жабдықтау құрылғылары және жылжымалы құрам, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам электрлік рельстік тізбектерінің тұрақты сенімді жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

224. Автоматика және телемеханика және байланыс құрылғыларын қолданатын қызметкерлер оларды қолдану тәртібіне үйретілуі және олардың білімі тексерілуі тиіс.
8. Темір жол көлігінің электрмен жабдықтау техникалық құралдарын пайдалану тәртібі
225. Электрмен жабдықтау құрылғылары тасымалдау процесінің қажеттіліктеріне сәйкес келуі, поездар қозғалысының талап етілетін мөлшерлерін (белгіленген салмақ нормалары, жылдамдығы және жиілігі) қамтамасыз етуі тиіс.

Автоматика, телемеханика, телекоммуникация және есептеу техникасының құрылғылары электрмен жабдықтау сенімділігінің 1-санатты электр қабылдағыштарына жатады.

Автоматты және жартылай автоматты бұғаттау электрмен жабдықтауы көзінің аккумуляторлық резерві болған кезде оның тұрақты әзірлігі және оның алдындағы автоматика мен телемеханика құрылғыларының және өтпе сигнализациясы кемінде 36 сағатта тоқ көзін беру өшірілмеуі шартымен 8 сағат ішінде толассыз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

Автоматты және жартылай автоматты бұғаттауды электрмен жабдықтаудың негізгі жүйесінен резервті жүйесіне немесе керісінше ауысу уақыты 1,3 с-тан аспауы тиіс.

Электрмен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету үшін электрмен жабдықтау құрылыстары мен құрылғыларының күйіне мерзімді бақылау, олардың параметрлерін зертхана-вагондармен, диагностика аспаптарымен өлшеу жүргізілуі және жоспарлы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылады.

226. Электрлі жылжымалы құрамның токқабылдағышындағы кернеудің деңгейі кем дегенде 21 кВ, тұрақты ток кезінде 2,7 кВ және ауыспалы ток кезінде 29 кВ-тан артық болмайтын және тұрақты ток кезінде 4 кВ болуы тиіс.

Жекелеген учаскелерде уәкілетті органның келісімі бойынша кернеу деңгейінің ауыспалы ток кезінде кем дегенде 19 кВ және тұрақты ток кезінде 2,4 кВ болуына рұқсат етіледі.

Автоматика мен телемеханика құрылғыларындағы айнымалы токтың номиналдық кернеуі 115, 230 немесе 380 Вольт болуы тиіс. Номиналдық кернеудің көрсетілген шамаларынан ауытқу азаю жағына қарай 10%-дан артық болмайтындай, ұлғаю жағына қарай 5%-дан артық болмайтындай рұқсат етіледі.

227. Электрмен жабдықтау құрылғылары қысқа тұйықталу токтарынан, белгіленген нормалардан артық асқан кернеулер мен асқын жүктемеден қорғалады.

Тұрақты токпен электрлендірілген желілер аумағында орналасқан металды жерасты құрылыстары (құбыржолдар, кәбілдер және т.б.), сондай-ақ металл және темірбетон көпірлер, жолөткелдер, түйіспе желісінің тіректері, бағдаршамдар, гидробағандар және т.б. электрлік коррозиядан қорғалған.

Тұрақты токтағы электрлендірілген желілердің тартымдық қосалқы станциялары, сондай-ақ электрлі жылжымалы құрамның автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларының қалыпты жұмысын бұзатын түйіспе желісі токтарының өтуінен қорғалған.

228. Түйіспелік сым аспасының рельс бастиегінің биіктігі үстіңгі бетінің деңгейінен аралықтарда және станцияларда 5750 мм-ден төмен болмауы, ал өтпелерде 6000 мм-ден төмен болмайды.

Қолданыстағы желілерде бұл қашықтық жылжымалы құрамның тұруы көзделмеген станцияларда орналасқан жолдардағы, сондай-ақ аралықтардағы жасанды құрылыстар шектерінде, ауыспалы токтағы электрлендірілген желілерде 5675 мм-ге дейін және тұрақты токтағы электрлендірілген желілерде 5550 мм-ге дейін кемітуге рұқсат етіледі.

Түйіспелік сым аспасының биіктігі 6800 мм-ден аспауы тиіс.

229. Жасанды құрылыстар шегінде кернеуде тұрған токқабылдағыштың токтасымалдауыш элементтерін және түйіспелік торап бөліктерінен құрылыстардың және жылжымалы құрамның жерге тұйықталған бөліктеріне дейінгі қашықтық тұрақты токпен электрлендірілген желілерде кемінде 200 мм және айнымалы токпен электрлендірілген желілерде кемінде 350 м болады.

Қолданыстағы жасанды құрылыстарында аталған қашықтықты азайтуға тиісінше Магистральдық темір жол желісінің (инфрақұрылым) операторының немесе концессия шарттары бойынша темір жол иесінің техникалық шешімдерінің негізінде уәкілетті органның келісімі бойынша рұқсат етеді.

230. Аралықтарда және станцияларда шеткі жолдың осінен түйіспе желісі тірегінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде 3100 мм болуы тиіс.

Ойықтардағы тіректер кюветтердің шегінен тыс жерлерде орнатылуы тиіс.

Қар тым қатты басатын ойықтарда (жартастысынан басқа) және олардан шыға берістерде (100 м ұзындықта) шеткі жолдың осінен түйіспе желісі тірегінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде 5700 мм болуы тиіс.

Мұндай жерлердің тізбесін тиісінше Магистральдық темір жол желісі (инфрақұрылым) операторы немесе концессия шарттары бойынша темір жолдар иесі белгілейді.

231. Қолданыстағы желілерде олар жаңартылғанға дейін, сондай-ақ жаңадан электрлендіріліп жатқан желілерде аса қиын жағдайларда шеткі жолдың осінен түйіспе желісі тірегінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде станцияларда 2450 мм және аралықтарда 2750 мм болуына рұқсат етіледі.

Барлық белгіленген мөлшерлер жолдың түзу учаскелері үшін белгіленген. Поездардың жылдамдығы сағатына 140 км астам айналу жол учаскелерінде, сондай-ақ жолдың қисық учаскелерінде бұл қашықтықтар түйіспе желісі тіректері үшін белгіленген габариттік кеңеюге сәйкес ұлғайтылуы тиіс.

Түйіспелі торабы, әуе желілері мен бағдаршамдар, сондай-ақ сигналдық белгілер тіректерінің өзара орналасуы сигналдар мен белгілердің жақсы көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.

232. Түйіспелі торабының элементтері, темірбетон тіректердегі, темірбетон және металл емес жасанды құрылыстардағы түйіспелі тораптың бекіту бөлшектері бекітілетін барлық металлды құрылыстар (көпірлер, жолөтпелер, тіректер), сондай-ақ кернеуде тұрған түйіспе желісінің бөліктерінен кем дегенде 5 м қашықтықта орналасқан, жеке тұрған металды конструкциялар (гидробағандар, бағдаршамдар, көпірлер мен жолөтпелердің элементтері және басқалары) жерге тұйықталуы немесе құрылыстар мен конструкцияларға жоғары кернеу түскенде қорғанышты ажыратылу құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

Түйіспелі тораптың және айнымалы ток әуе желілерінің әсері аймағында орналасқан, қауіпті кернеулер пайда болатын барлық металды құрылыстар да жерге тұйықталуға жатады.

Электрлендірілген жолдардың үстінде орналасқан жолөтпелер мен жаяу жүргіншілер көпірлерінде сақтандырғыш қалқандар және кернеуде тұрған түйіспе желісінің бөліктерінен сақтау үшін адамдар өтетін жерлерде жаппай төсем орнатылады.

233. Кернеуі 1000 Вольттан астам түйіспе желісі, автобұғаттау және бойлық электрмен жабдықтау желілері әуелік аралықтардың (оқшаулағыш түйіндесулердің), бейтарап ендірмелердің, секциялық және ойылып салынатын оқшаулағыштардың, ажыратқыштардың көмегімен жекелеген учаскелерге (секцияларға) бөлінеді.

Әуелік аралықтардың шекарасында орнатылған түйіспелі желісі тіректерінің немесе қалқандардың өзгеше бояуы болуы тиіс. Бұл тіректердің немесе қалқандардың арасында токқабылдағыштары көтеріліп тұрған электр жылжымалы құрамның тоқтауына рұқсат етілмейді.

234. Жылжымалы құрамның төбесіндегі жабдықтар қарап тексерілетін жолдардағы түйіспелік желісінің және жарақтау құрылғыларының ажыратқыштарын ауыстырып қосуды техникалық байқау пунктінің жауапты қызметкерлері жүргізеді.

Магистральдық және станциялық жолдарда айырғыш, ажыратқыштардың жарақтандыру құрылғыларының ажыратқыштарын ауыстырып қосу тиісінше Магистральдық темір жол желісінің (инфрақұрылым) операторының (энергодиспетчердің) немесе концессия шарттары бойынша темір жол иесінің жауапты қызметкерінің бұйрығы бойынша жүргізіледі.

235. Кернеуі 1000 Вольттан астам электр берілісі әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен жер бетіне дейінгі қашықтық барынша ұзын асу жебесі болғанда кем дегенде:

6,0 м – аралықтарда;

5,0 м - соның ішінде жетуі қиын жерлерде;

7,0 м - автомобиль жолдарымен қиылысқанда, станцияларда және елді мекендерде болуы тиіс темір жол жолдары қиылысқан кезде кернеуі 1000 В-тан астам электр берілісі әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен электрлендірілмеген жолдардың рельс бастиегінің жоғарғы жағының деңгейіне дейін кем дегенде 7,5 м болуы тиіс.

236. Түйіспелі торабының, автобұғаттау және бойлық электрмен жабдықтаудың электр қоректену және секциялану схемасын тиісінше Магистралдық темір жол желісінің (инфрақұрылым) операторы немесе концессия бойынша темір жол иесі бекітеді.
9. Қалпына келтіру құралдарын пайдалану тәртібі
237. Локомотив деполарының, локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттерінің, шеберханалардың, жарақтау құрылғыларының және локомотив шаруашылығының басқа құрылыстары мен құрылғыларының орналасуы және техникалық жарақтандырылуы поездар қозғалысының белгіленген мөлшерлерін, локомотивтердің тиімді қолданылуын, сапалы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді, материалдық ресурстардың оңтайлы қолданылуын және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.

АЖҚ-қа арналған деполардың, АЖҚ-қа техникалық қызмет көрсету пункттерінің, шеберханалардың, жарақтау құрылғыларының және АЖҚ-қа қызмет көрсетуге арналған басқа құрылыстар мен құрылғылардың орналасуы және техникалық жарақтандырылуы АЖҚ-қа сапалы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді, материалдық ресурстардың оңтайлы қолданылуын, еңбектің қауіпсіз жағдайын, АЖҚ-тың тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді.

238. Жүк және жолаушылар вагон деполарының, жүк және жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету пункттерінің, жуу-булау станцияларының, вагон және жолаушы шаруашылықтарының басқа құрылыстары мен құрылғыларының орналасуы және техникалық жарақтандырылуы поездар қозғалысының белгіленген мөлшерлерін, сапалы жөнделуі мен техникалық қызмет көрсетуді, материалдық ресурстардың оңтайлы қолданылуын және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді.

Жолаушылар поездарын қалыптастыру және олардың айналымы станцияларының, жолаушылар техникалық станцияларының және жөндеу-жарақтау деполарының жолаушылар поездарын сапарға сапалы дайындау үшін қажетті технологиялық жарағы болуы тиіс.

239. Сумен жабдықтау және суды өңдеу құрылғылары локомотивтердің, поездардың, станциялардың және темір жол көлігінің құрылымдық кәсіпорындарының тиісті сападағы және қажетті мөлшерде сумен толассыз жабдықталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Кәріздік құрылыстар темір жол кәсіпорындарының және тұрғын кенттерінің ағынды суларының санитариялық және табиғатты қорғау нормаларына сәйкес тазартылуын қамтамасыз етуі тиіс.

240. Пункттерде:

1) қалыпты қозғалысты қалпына келтіру және жылжымалы құрамның соқтығысуы мен рельстен шығып кетуі салдарларын жоюға арналған қалпына келтіру поездары, арнайы автомотрисалар, дрезиналар және жолдар мен электрмен жабдықтау құрылғыларын қалпына келтіруге арналған автомобильдер мен байланыстың жөндеу-қалпына келтіру вагондары мен автомобильдері, авариялық-дала командалары;

2) өрттердің алдын алуға және оларды сөндіруге арналған өрт сөндіру поездары мен өрт сөндіру командалары тұрақты әзірлікте тұруы тиіс.

241. Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы автомотрисалар мен дрезиналар тұрақты тұратын жолдарға жылжымалы құрамды қоюға рұқсат етілмейді.


10. Темір жол көлігі техникалық құралдарын, құрылыс және станциялық шарушылығының құрылғыларын пайдалану тәртібі
242. Станциялардың жол тарамдары және техникалық жарақтандырылуы поездар қозғалысының белгіленген мөлшерлерін, поездарды қабылдау және жөнелту, жүкті, багажды, жүк-багажды тиеу, түсіру, құрамдар мен вагондарды өңдеу операцияларына арналған уақыт нормаларының орындалуын, техникалық құралдардың тиімді қолданылуын, поездардың қозғалыс қауіпсіздігін және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.

243. Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған ғимараттардың, платформалардың сырты сәулетті, көркем болуын, жолаушылар тасымалдаумен байланысты операциялардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етеді. Жолаушылар платформаларына өту үшін жаяу жүргіншілер тоннельдері немесе көпірлері орнатылуы тиіс.

Станцияларда темір жол жолдарымен бір деңгейдегі өтулер сақталған кезде бұл өтулер жаяу жүргіншілер төсемдерімен, нұсқағыштармен және ескерту жазбалармен, ал қажет болған кезде автоматты сигнализациямен жабдықталады.

244. Жолаушылар станциялары орындарды резервтеудің және билет сатудың автоматты жүйесімен, билет басу машиналары мен автоматтары жүйесімен, өзіне-өзі қызмет көрсететін сақтау камераларымен, поездар жөнелтілуінің автоматты нұсқағыштарымен, анықтамалық қондырғылармен жабдықталады.

Аралықтардағы жолаушылардың аялдау пункттерінің аспалы шатырлары немесе павильондары бар жолаушылар платформалары, қызмет көрсетілетін жолаушылар санына қарай - билет кассалары болады.

Жүк және тоңазытқыш құрылғылары жүктердің сақталуын және жүк операцияларының қолайлы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

245. Поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлерге (станциялар бойынша кезекшілерге, маневрлік диспетчерлерге, сигнализация және байланыс дистанциялары қызметкерлеріне және т.б.) тағайындалған қызметтік ғимараттар мен үй-жайларда жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс.

Станциялар бойынша кезекшілердің қызметтік үй-жайларында басқару және бақылау аспаптары, соның ішінде автоматтандырылған жұмыс орнының станция бойынша кезекшінің жұмысына тікелей қатысы бар аппаратурасы, сондай-ақ жарық беруді орталықтандырып басқару және секциялық ажыратқыштарды қашықтан басқару пульттері, поезд жүріп келе жатқанда жылжымалы құрамның техникалық күйін автоматты бақылау құралдарының тіркеуші аппаратурасы орнатылады.

Жолаушыларға, жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға қызмет көрсететін қызметкерлерге арналған үй-жайлар, операцияларды тез орындау үшін қолайлы қолжетімді болуы тиіс. Жолаушыларға қызмет көрсетуге тағайындалған үй-жайларды басқа мақсаттар үшін қолдануға рұқсат етілмейді.

246. Жолаушылар және жүк поездарының қозғалысы аралас желілерде орналасқан жолаушылар және жүк платформалары түзу учаскелерде биіктігі және жол осінен қашықтығы бойынша мына нормаларға сәйкес болуы тиіс:

1) 1100 мм – рельстер қалпақшаларының үстіңгі деңгейінен биік платформаларлар үшін;

2) 200 мм - рельстер қалпақшаларының үстіңгі деңгейінен төмен платформаларлар үшін;

3) 1920 мм – жол осінен биік платформаларлар үшін;

4) 1745 мм - жол осінен төмен платформаларлар үшін.

Пайдалану барысында осы тармақта көрсетілген нормалардың мынадай шекте өзгеруіне рұқсат етіледі: биіктігі бойынша ұлғаю жағына қарай 20 мм-ге дейін және азаю жағына қарай 50 мм-ге дейін; жол осінен қашықтық бойынша ұлғаюы жағына қарай 30 мм-ге дейін және азаю жағына қарай 25 мм-ге дейін.

247. Белгіленген нормадан артық жолаушылар және жүк платформаларының биіктігі және жол осінен белгіленген нормадан төмен қашықтық олар орналасқан жолдардың мақсатына, айналымдағы жылжымалы құрам үлгісіне және қозғалыс жылдамдығына қарай Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.

Станциялар мен аралықтарда жаңадан салынып жатқан және қайта орнатылып жатқан биік платформаларда жолды машиналандырылған жөндеу және механикаландырылған жөндеу, ал станцияларда, бұдан басқа, вагондар мен локомотивтердің жүріс бөліктерін екі жағынан қарап тексеруді және жөндеуді жүргізу мүмкіндігін беретін құрылғысы болады.

Жолдарды және платформаларды жөндеу кезінде рельс бастиегінің үсті деңгейінен жолаушылар және жүк платформаларының үстіне дейінгі, сондай-ақ жол осінен платформалардың шетіне дейінгі қашықтықтың белгіленген нормаларын өзгертуге рұқсат етілмейді.

248. Бағыттамалар мен сигналдарды басқару тікелей жүзеге асырылатын станциялық қосындар тиісті бағыттамалар мен жолдар анық көрінетін жерде орнатылады. Станциялардың жергілікті жағдайларына қарай электрлік орталықтандыру қосындары үшін (дөңестік қосындардан басқа) ерекшелік ретінде рұқсат етіледі.

249. Орталықтандырудың станциялық қосындарының және бағыттамалық қосындарының үй-жайларында қажетті сигнал аспаптары, мүкәммал, құрал-саймандар мен материалдар болады. Бағыттамалық қосындар, бұдан басқа, телефон байланысының сыртқы шақырту құрылғыларымен жабдықталады.

250. Сұрыптау дөңестері бағдаршамдық сигнализациямен, радиобайланыспен, сөйлесу және дөңестік локомотивтер машинистеріне, құрастыру бригадалары мен басқа қызметкерлерге қажетті нұсқаулар беру үшін екі жақты парктік байланыс құрылғыларымен жабдықталған.

Сұрыптау дөңестері жұмыс көлеміне қарай вагондарды таратуды механикаландыру және автоматтандыру құрылғыларымен, бағыттамалардың дөңестік орталықтандыруымен, дөңестік автоматты локомотив сигнализациямен және қажетті құжаттарды беруге және таратуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Дөңестік орталықтандыруға енгізілетін барлық бағыттамалар механикаландырылған тазарту немесе қарды еріту құрылғылармен жабдықталған.

Автоматтық және механикаландырылған дөңестері бар станцияларда дөңестік жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шеберханалар мен механикаландырылған алаңдар болады.

251. Барлық сұрыптау станциялары, сондай-ақ жолаушылар, учаскелік және жүк станциялары, жұмыс көлеміне байланысты, станцияішілік диспетчерлік байланыспен, маневрлік және станциялық радиобайланыстың басқа түрлерімен және маневрлік қозғалыстар туралы нұсқауларды беру үшін, сондай-ақ маневрлік диспетчерлердің, станциялар бойынша кезекшілердің, поезд құрастырушылардың, маневрлік локомотивтер машинистерінің, станциялық технологиялық орталықтар, техникалық қызмет көрсету пункттері, коммерциялық қарап тексеру пункттерінің, жүк аудандары мен контейнерлік алаңдар және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам қызметкерлерінің маневрлік жұмысты ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету, коммерциялық қарап тексеру және поездардағы вагондарды жөндеу мәселелері бойынша сөйлесуі үшін екіжақты парктік байланыс құрылғыларымен жабдықталған.

Сұрыптау, учаскелік және жүк станциялары жұмыс көлеміне қарай, бұдан басқа, автоматты басқару жүйелерімен, ақпараттық-есептеу желісі бар байланыс құралдарымен, тасымалдау құжаттарын қабылдау және тасымалдауға арналған және тексеріліп және жөнделіп жатқан құрамдарды қоршауға арналған құрылғылармен, ал станциялардың вокзалдары жолаушыларға ақпарат беруге арналған байланыс құрылғыларымен жабдықталады.

252. Станцияларда жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған құрылыстарға, поездарды қабылдау және жөнелту, тиеу-түсіру және маневрлік жұмысты жүргізу, жылжымалы құрамды жарақтандыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жолдары мен парктеріне, жүк аудандарына, контейнерлік алаңдарға, сұрыптау платформаларына, вагондық таразыларға, қарап тексеру мұнараларына, габариттік қақпаларға, поездар мен вагондардағы коммерциялық ақаулықтарды автоматты анықтау құрылғыларына, сондай-ақ қызметкерлер поездарды қарсы алатын жерлерге, бағыттамалы алқымдарға, қоймаларға, өтпелерге, жолдар мен пункттерге жарық берілуі тиіс. Жарық беру белгілеген нормаларға сәйкес болады және поездар қозғалысының және маневрлік қозғалу қауіпсіздігін, вагонға отырғызған және вагоннан түскен кезде жолаушылардың қауіпсіздігін және қызмет көрсетуші персоналдың толассыз және қауіпсіз жұмысын және жүктің, багаждың және жүк-багаждың күзетілуін қамтамасыз етеді.

253. Жүк жұмысының көлемі аз аралық станцияларда тиеу-түсіру және өзге станциялық жолдардың сыртқы жарығын бұл жолдарда жүк және маневрлік жұмыстары жүргізілмей жатқан кезде секциялап ажырату құрылғылары болуы тиіс.

Жолаушылардың аялдама пункттерінде жолаушылар отыратын және түсетін жерлерде жарық болуы тиісті.

Сыртқы жарық сигналдық оттардың анық көрінуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
11. Темір жол көлігі инфракұрылымын қарап тексеру және жөндеу тәртібі
254. Құрылыстарды, құрылғыларды және қызметтік-техникалық ғимараттарды қарап тексеруді оларға тікелей қызмет көрсететін қызметкерлер, сондай-ақ осы құрылыстар мен құрылғылар қарауында болатын кәсіпорын басшылары жүргізеді.

Қарап тексеру нәтижелері және анықталған кемшіліктерді жою үшін қажетті іс-шаралар ақаулықтарды жою және межеленген іс-шараларды орындау мерзімдері белгіленетін арнайы журналға енгізіледі.

255. Жолды, түйіспе желісін және автоматика мен телемеханика және байланыс құрылғыларын және басқа құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу жөніндегі, поездардың қозғалыс кестесінде көзделмеген уақыт кезінде орындалатын жұмыстар аралықты жабусыз жүргізіледі.

256. Жұмыстардың басшысы қозғалысты тоқтатуға әкелетін жұмыстарды, сондай-ақ оларды жүргізу үшін қозғалыс кестесінде толаскездер көзделген жұмыстарды жүргізу уақытына поезд диспетчерімен тұрақты байланыс (телефондық немесе радио арқылы) орнатады.

Поездардың қозғалыс кестесіндегі толаскездер тәуліктің қараңғы кезінде көзделетін учаскелерде жұмыс басшысы жұмыстар жүргізілетін жерге жарық берілуін қамтамасыз етеді.

257. Механикаландырылған және автоматты сұрыптау дөңестерінің құрылғыларына, жолдарға және дөңестердегі басқа құрылыстар мен құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу үшін ұзақтығы 0,7-1,5 сағат технологиялық толаскездер беріледі.

258. Аралықта және станцияда қозғалыс үшін кез келген кедергі (тоқтауды талап ететін жер), сондай-ақ қозғалыс үшін қауіпті, тоқтауды немесе жылдамдықты азайтуды талап ететін, жұмыстар жүргізілетін жер поездың (маневрлік құрамның) келуіне қарамастан екі жақтан да сигналдармен қоршалуы тиіс.

259. Мыналарға:

1) қозғалыс үшін қауіпті, жұмыстар жүргізілетін жер сигналдармен қоршалғанға дейін жұмыстарға кірісуге;

2) кедергі жойылғанға, жұмыстар толық аяқталғанға, жолдың, түйіспе желісінің күйі, габариттің сақталуы тексерілгенге дейін, кедергіні немесе жұмыстар жүргізілетін жерді қоршап тұрған сигналдарды алуға рұқсат етілмейді.

260. Жолдағы жұмыстар жүргізілетін жерді қоршап тұрған алып жүрілетін сигналдарды орнату және күзету үшін жұмыстар басшысы тиісті сынақтарды тапсырған қызметкерлер ішінен сигналшыларды бөледі. Сигналшыларда темір жол көлігінің басқа қызметкерлері үшін жалпыға бірдей қабылданғандардан ерекшеленетін бас киімдері болады және олар сигналдық кеудешелер киеді.

Жолдағы жұмысты кеңейтілген шеппен жүргізген кезде, сондай-ақ радиусы аз қисық учаскелерде, ойықтарда және сигналдар нашар көрінетін басқа жерлерде және поездар қозғалысы қарқынды учаскелерде жұмыс басшысы жұмыс орнын қоршайтын сигналдар жанындағы қызметкерлермен байланыс (телефон немесе радио арқылы) орнатады. Сигналшыларда және жұмыс басшыларында алып жүретін радиостанциялар болады.

261. Станциялық жолдарда станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және жұмыс басшысы Жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, автоматика мен телемеханика, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына алдын ала жазбастан тоқтау немесе жылдамдықты кеміту сигналдарымен қоршауды талап ететін жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде мұндай жұмыстар көрсетілген тәртіппен, бірақ поезд диспетчерінің келісімі бойынша ғана орындалады. Мұндай жұмыстарды түйіспе желісінде кернеуді ажыратып, бірақ жол мен жасанды құрылыстардың тұтастығын бұзбастан жүргізгенде, сондай-ақ кенеттен пайда болған ақаулықтарды жою жөніндегі жұмыстарды орындаған кезде жұмыстардың басталуы және аяқталуы туралы жазба жұмыстар басшысы станция бойынша кезекшіге (диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде - поезд диспетчеріне) беретін, сол журналда тіркелетін телефонхатпен ауыстырылады.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін құрылғыларды іске қосуды жұмыс басшысының Жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, автоматика мен телемеханика, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналындағы жазбасы немесе станция бойынша кезекшіге берілген, кейіннен жұмыс басшысы жеке қолын қоятын, сол журналда тіркелетін телефонхаттың негізінде станция бойынша кезекші жүргізеді.

262. Жеке жолды учаскеде аралықты, ал қос жолды немесе көп жолды учаскеде бір немесе бірнеше жолды жабу, егер ол көршілес темір жол ұйымдарымен белгіленген қозғалыс мөлшерлерінің өзгеруіне алып келмесе, тиісінше Магистралдық темір жол желісінің (инфрақұрылым) операторының немесе концессия бойынша темір жол иесінің рұқсаты бойынша жүргізіледі. Егер мұндай жабу ТМД елдерінің көршілес темір жолдарына белгіленген поездар қозғалыс мөлшерлерінің өзгеруіне алып келсе, оған басқа темір жол әкімшіліктерімен келісу бойынша рұқсат беріледі.

263. Жеке жолды учаскеде аралықты, ал қос жолды немесе көп жолды учаскеде бір немесе бірнеше жолды жабу туралы кем дегенде бір тәулік бұрын жұмыстардың тиісті басшылары хабардар етіледі. Аралықты немесе жолдарды жабу және ашу жұмыстарды бастау алдында және жұмыстар аяқталғаннан кейін поезд диспетчерінің бұйрығымен жүргізіледі.

Жұмыстар басшысы аралықтың немесе жолдардың жабылғаны туралы тиісінше Магистральдық темір жол желісінің (инфрақұрылым) операторының немесе концессия бойынша темір жол иесінің жауапты қызметкері (поезд диспетчерінің) бұйрығын (жазбаша хабарлама, телефонхат немесе жеделхат нысанында) алғанға дейін және жұмыстар орны сигналдармен қоршалғанға дейін жұмыстарға кірісуге рұқсат етілмейді.

264. Аралықты немесе жолдарды ашу жол жұмыстарының немесе жасанды құрылыстардағы жұмыстардың аяқталғандығы және поездардың толассыз және қауіпсіз қозғалуы үшін кедергілердің жоқ екендігі туралы телефонхатты немесе жеделхатты бұл жұмыстарды қандай ұйымның орындағанына қарамастан жол шаруашылығы кәсіпорыны басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымы жол шеберінен төмен емес қызметкердің жазбаша хабарламасынан, телефонхат немесе жеделхатынан кейін ғана жүргізіледі.

Қолданыстағы автоматика, телемеханика және телекоммуникация немесе электрмен жабдықтау құрылғыларының жұмысын қалпына келтіру тиісінше жауапты қызметкерден (автоматика, телемеханика және телекоммуникация аға электр механигінен немесе энергодиспетчерден) Магистралдық темір жол желісінің (инфрақұрылым) операторынан немесе тиісінше концессия шарттары бойынша темір жол иесінен хабарлама алғаннан кейін жүргізіледі.

265. Поездар қозғалысын, қабылдау және жөнелту, маневрлік жұмысты ұйымдастыру тәртібі уәкілетті орган бекітетін Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыстар нұсқаулығында белгіленеді.


___________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет