Темір жол транспортының қоршаған ортаға әсері Дайындаған: Жумагеерева Р. Ш



бет3/5
Дата02.01.2022
өлшемі1.51 Mb.
#453602
1   2   3   4   5
temir zhol stanciyasy

Проблеманың өткірлігі анторпогендік фактормен өте тығыз байланысты. Ауа бассейнін ластаушы көздер темір жол машиналары, автокөлік қозғалысының нәтижесінде бөлінетін зиянды заттар.

Ластанған ауа материалдарының, бұйымдар мен өнімдердің бұзылуын жылдамдатады, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеледі, адам денсаулығына айтарлықтай теріс әсерін тигізеді. Атмосферадағы көміртек оксидінің шамадан тыс жиналуы парникті эффект туғызады.

Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімі – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер.

Темір жол машиналары мен автокөліктерден шығатын газдарда 200-ден астам зат түрлері кездеседі. Темір жол транспорты шамамен 95 % СО, 66 % көмірсутектер және 48 % азот оксидтерін шығарады. Олардың құрамында қорғасын қосылыстары да болады.

Олай болса атмосфералық ауаның құрамына талдау жасап, бөлінетін зиянды заттардың тірі организмдерге әсері жан-жақты зерттеліп, ластануды болдырмаудың тиімді шараларын белгілеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады

Ресей федерациясына қарайтын темір жол ұзындығы Жәнібек ауданы бойынша 38 км болса, Жәнібек ауылының шекарасында 4,5 км аралығын құрайды. Жәнібек ауданы жерімен күніне екі жаққа 12 рет темір жол көліктері өтеді. (1-кесте) Бір темір жол көлігі өзімен бірге елуден алпысқа тарта тіркеме алып өтеді. Осы кезде жүктің ауырлығына байланысты, темір жол көлігіне түсетін күште жоғары болады, түскен күштің әсерінен майдың, дизельді отын шамадан тыс шығындалады. Жылына темір жол көліктерінен 200 тонна шамасында сұйық лас зат, 12 тонна қатты қалдық зат темір жол маңына тасталады. Бұл заттар сол жолдың маңының ландшафтысына , атмосферасына тікелей әсерін тигізеді .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет