Теміртау қаласының әкімі Н. Е. Сұлтановтың халыққа «Теміртау қаласының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» есебі


«Автомобиль жолдарын күрделі және орта жөндеу бағдарламасы»



бет3/3
Дата23.02.2016
өлшемі286 Kb.
#5712
1   2   3

«Автомобиль жолдарын күрделі және орта жөндеу бағдарламасы» бойынша жүргізілді:

- автомобиль жолдарына орта жөндеу; Блюхер, Фрунзе (Республика даңғылынан Мичурин көшесіне дейін) көшесі бойынша, МС ауданында автомобиль жоларына жалпы сомасы 70,4 млн теңге.

- Новая көшесі және Ақтау кентінде Гагарин көшесіне орта жөндеу – 60,9 млн.теңге.

Бұдан басқа автомобиль жолдарына 69,8 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде автомобиль жолдары қайта салынды.

2015 жылы Ескі қаланы автомобиль жолдарын 27,5 млн.теңгеге қайта салу бойынша жұмыстар жалғасады.



2014-2015 жылдары жылу беру маусымына дайындық

Жылу беру маусымына дайындық кестелерге сәйкес жүргізілді.

2014 жылы ТЭЦ-2 бойынша 1 млрд. 790 млн.теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілді:

- № 1 қазандық агрегаттарына ауқымды-ағымдағы жөндеу (08.04.-27.05.2014ж.)

- № 2 қазандық агрегаттарына ауқымды-ағымдағы жөндеу (14.09.-01.10.2014ж.)

- № 3 қазандық агрегаттарына күрделі жөндеу (01.06.-28.12.2014ж.)

- № 4 қазандық агрегаттарына күрделі жөндеу (26.06.-30.09.2014ж., және 12.07.-12.12.2014ж.)

№ 6 КВГМ-100 ст. күрделі жөндеу, аяқтау мерзімі 2014 жылдың 17 желтоқсаны.

Барлық жөндеулер мерзімдерге сәйкес аяқталды.

КарГРЭС- 1 бойынша 408,5 млн.теңге сомасына келесі жөндеу жұмыстары жүргізілді:

- № 9 қазандық агрегаттарына ағымдағы жөндеу (04.07.-31.07.2014ж.)

- № 10 қазандық агрегаттарына ауқымды-ағымдағы жөндеу (01.04.-19.06.2014ж.)

- № 11 қазандық агрегаттарына ағымдағы жөндеу (04.08.-20.08.2014ж.)

- № 8, 9 қазандық агрегаттарына ағымдағы жөндеу (08.08.-14.12.2014ж., және 06.09.-11.10.2014ж.)

Барлық жөндеулер мерзімдерге сәйкес аяқталды.

Теміртау қаласының тұрғын үй қоры мен мәдение тұрмыс объектілері жылу беру маусымына дайындалды және дайындық актісі бойынша өткізілді, қаланың жылу желілеріне қосылды.


Инфляцияға қарсы саясатты жүзеге асыру және азық-түліктердің негізгі түрлері мен қызметер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында нарықтағы азық-түлік, азық-түлікке жатпайтын тауарлар және қызметтердің негізгі түрлері тарифтерінің жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады.

Қала аумағында 10 әлеуметтік павильон және «БидайНАН ЛТД и Со» ЖШС 2 жылжымалы павильондары жұмыс істейді.

2014 жылы 31 ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізілді. Жәрмеңкеге Қарағанды мен Теміртау қалаларының тауар өндірушілері қатысты. 196,1 млн. теңгенің өнімдері сатылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.



Қылмыс және қылмысты ашу көрсеткіші

Өзінің күнделікті қызметінде биліктің жергілікті органдары қоғамдық тәртіпті қорғау мен қылмыспен күреске үнемі көңіл бөледі.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Өңірлік бағдарлама жүзеге асырылуда. Тиісті комиссиялар құрылып, барлық мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді талап ететін мәселелер отырыстарда қаралады.

2014 жылы қала бойынша тіркелген және ауыр қылмыстардың төмендегені байқалады.



2014 жылдың 11 айында тіркелген қылмыстар саны 3545 бірлікті құрады немесе 2013 жылдың (4097 бірлік) осы кезеңімен салыстырғанда 552 бірлікке төмендеді.

-312 бірлікке дейін ауыр қылмыс саны азайды.



Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарымен күрес туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қаулысын орындау мақсатында Теміртау қаласы әкімдігі қалада және Ақтау кентінде 2011-2015 жылдарға арналған 27 тармақтан тұратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралар жоспарын әзірледі және қабылдады:

2012 жылдан бастап мемлекеттік сатып алудың ашықтығын арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алулар тек электрондық нысанда және ресми ресурста жүргізіледі;

сенім телефондары жұмыс істейді;

қала әкімі жанындағы аппарат жиналыстар барысы туралы ақпарат үнемі БАҚ жарияланады;

тұрғын үй және жер учаскелерін беру тек қана комиссиямен шешіледі;

партия бақылау постылары жұмыс істейді. Жоспардың барлық тармақтары уақытында орындалады.

2014 жылы жеке және заңды тұлғалардың 3037 жазбаша өтініштері қаралды, оның ішінде 103-жоғары органдардан түскен. Әкім, оның орынбасарлары жеке мәселелері бойынша 227 азаматтар қабылдады.

Түскен өтініштердің 133 қанағаттандырылды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес 435 өтініш берушілерге түсінік берілді, 7 өтінішке бас тартылды, 2661 өтініш төменгі органдарға қайта бағытталды.



2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Қазіргі уақытта біздің еліміз сапалы мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құруда, онда басты назар мемлекеттік қызмет алушылардың мүддесін қорғауға бағытталған.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру Елбасы қойған стратегиялық міндет болып табылады және ол еш кедергісіз жақсаруы және жетілдіруі қажет.

Теміртау қаласында мемлекеттік қызмет көрсетуге, атап айтқанда бақылауға, дамытуға, қызмет көрсетудің электрондық түріне көшуге қатысты жұмыстар бекітілген облыстық жоспарға сәйкес жүргізіледі.

ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес Теміртау қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына ішкі бақылау жасауға жауапты лауазымды тұлға белгіленген және ай сайын ішкі бақылау жүргізіліп отырады.

Ай сайын көрсетілген мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізіледі және облыстық мемлекеттік қызметті бақылау бөліміне, сонымен қатар Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігіне жіберіледі.

Теміртау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелері 52 мемлекеттік қызмет көрсетеді:





ММ атауы

Көрсетілетін қызметтер саны

1

«Теміртау қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» ММ

11

2

«Теміртау қаласының білім беру, спорт және дене шынықтыру бөлімі» ММ

15

3

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

17

4

«Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» ММ

2

5

«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ

4

6

«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

3




Барлығы

52


2014 жылы әкім аппаратының мемлекеттік мекемелері 63 366 мемлекеттік қызмет көрсетті

Оның ішінде



Дәстүрлі түрде

ХҚО арқылы

57907

5449


2013 жылдың осы кезеңінде 36355 мемлекеттік қызмет көрсетілді

Дәстүрлі түрде

ХҚО арқылы

32983

3372


Қала тұрғындарына қолайлы болу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша барлық ақпараттар (стандарттар, регламенттер, паспорттар) мемлекеттік мекемелердің ресми сайттарында орналастырылған


п

Атауы

Сайт

Телефон

Мекенжайы

1

Теміртау қаласы әкімінің ресми сайты

temirtau-akimat.gov.kz

92-21-81

Тәуелсіздк гүлзары, 12, каб. №7

2

«Теміртау қаласы АШ ж ВБ» ММ

selhoz.temirtay.kz

92-49-52

Тәуелсіздк гүлзары, 6

3

«Теміртау қаласы ББ, ДШ ж СБ» ММ

oofks.kz

98-49-63

Димитров көшесі, 11/1

4

«Теміртау қаласы ӘБ ж ЖҚБ» ММ

sobes-temirtay.kz

91-65-14

Чайковский к, 22

5

«Теміртау қаласы ТҮК, АЖ ж ЖКБ» ММ

ozhkh-temirtau.gov.kz

98-01-88

Блюхер көшесі,

№ 13 үй


6

«Теміртау қаласы ЖҚБ» ММ

ozotemir.kz

93-11-01

6 ықшамаудан,

14


7

«Теміртау қаласы АШ ж ВБ» ММ

ГУ «ОА и Г г.Темиртау»



arh.temirtau.gov.kz

91-23-65

Герцен к., 8

8

Қарағанды облысы бойынша «ХҚО» РМК Теміртау филиалы № 1 бөлім

e-gov.kz

98-64-25

Блюхер к., 23

9

Қарағанды облысы бойынша «ХҚО» РМК Теміртау филиалы № 2 бөлім

e-gov.kz

99-79-98

Республика даңғылы, 128


Сонымен қатар тұрғындарды ақпараттандыру үшін мемлекеттік органдардың қызметкерлері БАҚ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сөз сөйледі.

1

Жүргізілген жұмыстар

Қанша

1


2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша конференциялар, брифингтер, «дөңгелек столдар», семинар-жиналыстар жүргізілді

13

2


2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша СМИ мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің (ведомстволық бағыныстағы) сөйлеген сөздері

11




Соның ішінде:







Теледидарда

5




Газеттер мен басқа да басылымдарда

8


Өткен кездесулердің нәтижесі бойынша

Бақылауға алынған 19 ескертпелер мен ұсыныстар 2014 жыл ішінде орындалып және барлығына жауаптар мен түсініктер берілді.



Тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат тоқсан сайын БАҚ және Теміртау қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
Сөзімді қорытындылай келе, Президенттің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты барлық қазақстандықтарды, барлық теміртаулықтарды біріктіретін бірегей іс қимыл бағыты. Біз жеткен барлық табыстар, мейлі аз да болса, - бұл күнделікті тынымсыз еңбектің нәтижесі, қала кәсіпорындары мен мекемелерінің, барлық тұрғындарының еңбегі. Әрине, сұрақтар мен проблемалар әлі де бар, біз оны осы 2015 жыл шешуіміз қажет. Бірінші кезекте біздің қызметіміз Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауында қойылған міндеттерді орындауға бағытталады.


Теміртау қаласының әкімі Н.Сұлтанов

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет