Теміртау қаласының әкімі Н. Е. Сұлтановтың халыққа «Теміртау қаласының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» есебі



бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі286 Kb.
#5712
1   2   3

Қалалық бюджет
2014 жылы қалалық бюджетке кірістердің түсуі 12 млрд.854,8 млн. теңгені немесе жоспарлағанның 100,6%-ын құрады, соның ішінде РБ және ОБ 3 млрд. 287,4 млн.теңге мақсатты трансферттер түсті.

Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 99,98%-ды немесе жоспарлы 12 млрд. 842,5 млн. теңгеге қарағанда 12 млрд. 840,5 млн.теңге құрады, соның ішінде облыстық бюджетке 2 млрд. 561,5 млн.теңге бюджеттік алулар аударылды.

2015 жылғы кіріс бойынша жоспар 12 380,9 млн.теңге сомасында бекітілді, соның ішінде транферттердің түсуі - 2 420,7 млн.теңге. Облыстық бюджетке 3 418,3 млн.теңге бюджеттік алулар бекітілді.

Мемлекет Басшысы Жолдауда әлеуметтік салаға көп көңіл бөлді. Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан - 2050» Стратегиясының басты қағидаты ел дамуының маңызды индикаторы ретінде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті.

Өткен мерзім ішінде қалада демографиялық ахуал жақсарды. Қала тұрғындарының саны 183 965 адамды құрады, немесе 1 757 адамға көбейді (2013 жылы 182 208 адам).

Қала бойынша орташа айлық еңбекақы 106 389 теңгені құрап, өсуі байқалады немесе 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға өсті.



Әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға 2014 жылы 5,8 млрд.теңге бағытталды немесе бюджеттің жалпы шығыс көлемінің 56,8%-ы (облыстық бюджетке алуларды есептемегенде).
2015 жылдың бюджеті әлеуметтік бағытта, әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға 6 млрд. теңге қарастырылды немесе бюджеттің жалпы шығыс көлемінің 68,2%-ы (облыстық бюджетке алуларды есептемегенде).
Жыл сайын қалалық бюджеттен әлеуметтік көмекке және қаланың тұрғындарының әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қамтамасыз етуге бөлінген қаражат өсіп келеді. 2014 жылы бұл мақсатқа 578,4 млн.теңге жұмсалды, 2013 жылғы (527,2 млн.теңге) деңгейден 9,7 % жоғары. 2015 жылы 693,1 млн.теңге жұмсау жоспарлануда, 2014 жылғы деңгейден 19,8% жоғары.

Қаланың жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру мәселесі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде шешіледі.

2014 жыл бойында өтініш берген 4701 адамнан 3926 жұмыссыз немесе 84 % жұмысқа орналастырылды, 224 адам жаңа мамандық алып, біліктілігін көтерді. Қоғамдық жұмысқа 907 жұмыссыз азаматтар қатысты.



Атауы

2013 ж.

2014 ж.

%

1

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш берген азаматтар саны, адам

4594

4701

102,3

2

Жұмысқа орналасқан азаматтар саны, адам

3855

3926

101,8

Бұдан басқа 2014 жылы 15 адам кәсіптік даярлауды аяқтады, қайта даярлаудан - 21 адам, кәсіптілігін 22 адам көтерді. Кәсіптік оқуды аяқтаған барлық қатысушылар тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 36 адам орналасты және 62 адам жастар практикасын өтті, жұмысқа орналастыру агенттері және үкіметтік емес ұйымдар арқылы мақсатты топтардан 19 адам жұмысқа тұрды.

Жұмыссыздарға қолдау көрсету мақсатында 7 адамға өз ісін ашу үшін әрқайсысына 40 АЕК (74080 теңге) көлемінде материалдық көмек берілді.

2014 жылы жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтар үшін 5 бос жұмыс орны жәрмеңкесін өткізді.

Өткізілген жәрмеңке нәтижесінде 27 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасты, қайта даярлауға 3 адам жіберілді.

2015 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Аз қамтылған азаматтар компьютерлік деректер базасында кедейлік шегінен төмен тұратын 50 отбасы (215 адам) тіркелген (кедейлік шегі 7745 теңгені құрайды).

Аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік жәрдемақы төленеді: атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, балалар жәрдемақысы.





Атауы

2013 ж.

2014 ж.

%

2015 жылға жоспар

1

Кедейлік шегі, %

0,1

0,1







2

Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтар саны (2014 ж.-7745 теңге) адам/отбасы

157/34

215/20

136,9/

147,1





3

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, адам/мың.тг

221/

2804,4


242/

3708


109,5/

132,2


225/3967

4

Тұрғын үй көмегі, адам/мың.тг

497/2874

514/4087,5

103,4/142,2

320/5804

Қалалық мәслихат депутаттарының белсенді қолдауымен мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін қаражаттар бөлінуде.

Аталған мақсаттарға 235,7 млн. теңге жұмсалды, оның ішінде:

- қалалық жолаушылар көлігінде жүру үшін өтемақы-178,8 млн. теңге (8083 адам), оның ішінде 2193 балалар, білім беру мекемелерінің күндізгі оқу нысанында оқитындар;

Әртүрлі мерекелік даталарға 48 млн.теңге біржолғы материалдық көмек көрсетілді:

- Жеңіс күніне-15,6 млн.теңге – 3939 адам;

- Қарттар күніне 1,4 млн.теңге - 7326 адам;

- Мүгедектер күніне 17,8 млн.теңге - 5936 адам;

Сонымен қатар материалдық көмек көрсетілді:

- Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге пайдалану қызметтерін және газбен жабдықтауға - 1,4 млн. теңге - 69 адам

- негізгі азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне байланысты 3,0 млн.теңге - 242 адам

- өмірлік қиын жағдай туындаған кезде отбасыларға (азаматтарға) әлеуметтік көмек - 4,5 млн.теңге - 31 адам.

2015 жылы материалдық көмек берудің барлық төлемдері сақталынады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының 70-жылдығын мерекелеуге байланысты Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмек сомасы 3,5 есе арттырылады, бұдан басқа Жеңіс күнін мерекелеуге республикалық бюджеттен 90,7 млн.теңге сомасында мақсатты трансфреттер бөлінеді.

Аз қамтылғандарға мемлекеттік жәрдемақылардан басқа тегін түстік, азық-түліктер жиынтығы түрінде қайырымдылық көздерінен әлеуметтік көмек көрсетіледі.


Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болып қалып отыр. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалада 5910 мүгедек, оның ішінде 448 мүгедек балалар тұрады.

Мүгедек балалары бар және оларды үйде оқытып, тәрбиелейтін 62 отбасы үшін айына 2469,33 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді, 2013 жылы бұл көмекті 66 отбасы пайдаланды.

Жеке көмекшілердің қызметіне 426 адам тартылды, 92,1 млн.теңгеге, ымдау тілі мамандарының қызметі 54 адамға 4,5 млн.теңгеге көрсетілді, арнаулы гигиеналық құралдармен 389 адам 11,6 млн.теңгеге қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 21,6 млн. теңгеге 6 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды, оның басты бағыты халықтың әлеуметтік осал тобына әлеуметтік көмек көрсету:



Анықтама:

1. Қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы қозғалуы қиындық туғызатын мүгедектерді көлікпен тасымалдауға -14 млн. теңге сомасында қызмет көрсетілді, осы қызметпен бірнеше рет 742 мүгедектер тартылды, 6,9 мың өтініштер орындалды.

2. Тарихи Отанына келген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін қызметтер ұсыну – 1,3 млн.теңге

3. Балаларды оңалту бойынша әлеуметтік көмек көрсету - 1,8 млн.теңге.

4. АҚТҚ жұқтыру қатері жоғары тұрғындар топтары үшін әлеуметтік бейімделу және жұмысқа орналасуға көмектесу – 2,2 млн.теңге

5. М.Монтессори әдісін қолдану тәсілімен мүгедек балаларды оңалту-0,9 млн.теңге

6. Өмірлік қиын жағдайларға тап болған балалары бар әйелдер үшін әлеуметтік көмек көрсету – 1,4 млн.теңге;

Барлық аталған қызметтер 2015 жылы да көрсетілетін болады.

Қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізу үшін жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жүргізілді.

15 дана «Соқыр жаяу адам» жол белгілері мен көрсеткіштері орнатылды.

«Соқыр жаяу адам» жол белгілері мен көрсеткіштері орнату орындары мүгедектердің қалалық қоғамдық бірлестіктерімен келісілді.

Мүгедектер мен жұмысқа жарамсыз қарт жалғыз адамдарға үйге қызмет көрсету 62 адам жұмыс істейтін 4 бөлімше, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік педагогикалық көмек көрсететін бөлімше және психоневрологиялық және тірек-қозғалыс аппараттарында кемшілігі бар балаларға арналған ойын бөлмесі жұмыс істейді.

Бөлімшемен үйге әлеуметтік көмек қызметін көрсететін адамдар саны 580, оның ішінде 404 қарттар және 86 мүгедектер, 90 мүмкіндігі шектеулі балалар.

Тұрғылықты жері жоқ тұлғалар үшін қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмыс істейді, 2014 жылы тұрғылықты жері жоқ - 132 адам көмек сұрады. Оның ішінде 20 адам бұрын сотталған, 15 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар.

89 адам тұрақты ауруханада емделуге жіберілді, 10 адамға мүгедектік рәсімделді.

68 адамға құжат берілді, оның ішінде 15 адам бұрын сотталған, 16 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар.

Есептік кезеңде 10 адам Қарағанды облысы Саран және Жезқазған қаласы медициналық-әлеуметтік мекемелеріне жіберілді.

2014 жылдың қаңтарынан бастап әлеуметтік бейімдеу орталығында ұтқыр әлеуметтік патруль қызметі жұмыс істейді.

Ұтқыр әлеуметтік патруль қызметінің негізгі міндеті - әлеуметтік бейімдеу орталығына, медициналық-әлеуметтік мекемелеріне тұрғылықты жері жоқ адамдарды жеткізу мен анықтау мақсатында қала көшелерінде патрульдеу, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету.


Білім беру
Білім беруге бөлінген қаржы 4 млрд. 759 теңгені құрады, 2013 жылмен салыстырғанда шығыс 211 млн. теңгеге өскен (2013ж.-4 548 млн.теңге) немесе 4,6%, 2015 жылы шығыс 4 млрд. 951,8 млн.теңгеге ұлғайтылды.

2015 жылы № 22 ЖББМ негізінде мектепке дейінгі оқу мен тәрбие беру жаңа 100 орындық кіші-орталығын ашу жоспарлануда.

Жыл сайын білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бөлінетін қаражат өсіп келеді, осы мақсатқа есептік кезеңде 169,3 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

-оқулықтарды және көркем әдебиеттерді сатып алу және жеткізуге - 55,9 млн.теңге, негізгі құралдар мен жабдықтар алуға- 98,4 млн.теңге бөлінді.

Есептік кезеңде компьютерлік парк 155 компьютерлермен 16,7 млн.теңге сомасына жаңартылды, нәтижесінде 1 компьютерде оқитындар саны 6,1 адамды құрады; 2015 жылы тағы да 175 компьютерлер 20 млн.теңге жаңартылатын болады.

«Білім ал», «Ұлттық білім беру деректор қоры» ақпараттық жүйелер енгізілді және белсенді қолданылуда, барлық мектептер интернетке қосылды.


2014 жылы 20 білім беру нысандарына жалпы сомасы 449,7 млн.теңге күрделі және ағымдағы жөндеулер, соның ішінде Моноқалаларды дамытудың бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен 8 білім беру нысандарына 325,9 млн. теңгеге жөндеу жүргізілді.

млн.теңге





Жұмыс атауы

2014 ж. игерілгені




8 білім беру нысандарына жөндеу (4 мектеп, ОӨК, 3 балабақша)

325,9

1

№ 2 ЖОБМ (қасбет, жылу және сумен қамтамасыз ету жүйесін жөндеу)

42,5

2

№ 3 ЖОБМ (қасбетті, шатырды жөндеу)

41,9

3

№ 5 ЖОБМ (қасбетті жөндеу)

37,9

4

№ 24 ЖОБМ күрделі жөндеу (қасбетті, шатырды, жылу жүйелерін күрделі жөндеу)

51,6

5

№ 5 балабақша (қасбетті, жылу жүйесін, асхананың ішкі бөлмелерін, тамбурлар, сатыларды жөндеу)

33,9

6

№ 6 балабақша (қасбетті жөндеу, аумақты абаттандыру)

33,9

7

№ 13 балабақша (қасбетті, жылу және сумен қамтамасыз ету жүйесін, электрмен жарықтандыру, ішкі бөлмелерді жөндеу)

37,6

8

ОӨК (қасбетті, шатырды, жылу жүйесін, ішкі бөлмелерді жөндеу)

46,6

Қалалық бюджет есебінен жалпы сомасы 108,3 млн.теңгеге жөндеулер жүргізілді, соның ішінде: 22,7 млн.теңгеге № 4 ОМ шатырын күрделі жөндеу, қалалық гимназия және № 17 ОМ шатырын жалпы сомасы 10,6 млн.теңгеге, № 5 ҚОМ жылу жүйесін – 6,7 млн.теңгеге жөндеу, сонымен қатар 6 балалар бақшасына жалпы сомасы 60,8 млн.теңгеге жөндеу (№ 1, 3, 4, 6, 12, 17, 21).

2015 жылы Моноқалаларды дамытудың бағдарламасын іске асыру шеңберінде 5 білім беру объектілеріне 262,5 млн.теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізіледі.
Денсаулық сақтау саласында ана мен баланың өлімін азайту, ауыру деңгейін төмендету басты мақсаттардың бірі болып табылатын «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылып жатыр.

Алдын алу және эпидемияға қарсы жүргізілген кешенді шаралар қала халқының туберкулезбен ауыруының 2,5%-ға төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.





Атауы

2013 ж.

2014 ж.

%

1

100 мың халыққа туберкулезбен ауыру көрсеткіші,

74,8

72,9

97,5

Туу деңгейі 100 мың халыққа шаққанда 15,29 құрады.



Атауы

2013 ж.

2014 ж.

%

1

Туу деңгейі

15,88

15,29

96,3

Қайтыс болуы деңгейі 1,46 төмендеді және 10,99 құрады, 2013 жылдың 1 жартыжылдығында - 10,63.



Атауы

2013 ж.

2014 ж.

%

1

Қайтыс болуы деңгейі

12,3

10,63

86,4

Есептік кезеңде ананың қайтыс болуы тіркелген жоқ.

Баланың қайтыс болуы 1000 тірі туған балаға шаққанда 10,5-ден 5,6-ға төмендеді.





Атауы

2013 ж.

2014 ж.

%

1

Баланың қайтыс болуы деңгейі

10,5

5,6

53,3

Есептік кезеңде қалалық бюджеттен мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістікке бөлінген қаражат 499,8 млн.теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шығыс 40,8 млн. теңгеге өскен (2013 ж. – 459 млн.теңге) немесе 8,9% . 2015 жылы 503,8 млн.теңге сомасына жоспарлануда.

Бүгінгі таңда қалада 15 мәдениет мекемелері тұрақты жұмыс істеуде.

Есептік кезеңде мәдениет мекемелері 1000 артық шаралар жүргізді, оның ішінде 105 қалалық фестивалдар мен байқаулар, 670 экскурсиялар, 338 көрмелер, 260 қойылымдар. Барлығы шараларға 500,0 мың артық адам қатысты.

Мәдениет және спорт нысандары материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2014 жылы қалалық бюджеттен 10 млн. теңге бөлінді.

Елбасы жыл сайынғы өз Жолдауларында тіл саясатына ерекше көңіл бөледі.

Есептік жылда қалалық бюджет есебінен қалада «Тілдерді дамыту орталығы» ашылды және жұмыс істейді, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін мемлекеттік тілді оқыту жүргізіледі.

Ішкі саясат саласында 2014 жылы 4 негізгі бағыттар бойынша жүргізілді.

Ақпараттық саясат мемлекеттік тапсырыс аясында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сонымен қатар ақпараттық-насихаттау топтары қызметін ұйымдастыруымен жүргізілді. 2014 жылы қала мекемелері мен кәсіпорындары еңбек ұжымдарында 84 кездесулер болды.



Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру - басты міндеттердің бірі.

Қалада дене шынықтиыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жүргізілген жұмыстар оң нәтижесін берді.

Жүргізілген шаралардың нәтижесінде спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны жылдан-жылға артып келеді және 46033 адамды құрады немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға көп.

2011-2020 жылдары ҚР ТКШ жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру туралы:

Ағымдағы жылы 2011-2020 жылдары ҚР ТКШ жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі жұмыстар жалғастырылады.

2014 жылы қайтарылған қаражатты пайдалану және жүргізілген конкурстар қорытындысы бойынша үнемдеу есебінен 13 тұрғын үйді жөндеуге республикалық бюджеттен 1701 млн.теңге бөлінді және 14 тұрғын үй жөнделді.

Барлығы 2012-2014 жылдары 42 тұрғын көпқабатты үйлер 419,2 млн. теңгеге жөнделді:



2012 жыл

26 үйлер

227,53 млн.теңге-бюджеттік кредиттер

2013 жыл

2 үй

14,030 млн.теңге - қайтарылған қаражаттар есебінен

2014 жыл

1 үй

36 үйлер


7,546 млн.теңге - қайтарылған қаражаттар есебінен

170,068 млн. теңге



Құрылыс жұмыстар көлемі

2014 жылы құрылыс жұмыстар көлемі 114,7% орындалды.





Атауы

2013 ж.

2014 ж.

%

1

Құрылыс жұмыстар көлемі, млн.теңге

18916,7

21700

114,7




НКИ

86,2

102




Барлық қаржыландыру көздері есебінен 25,1 шаршы метр пайдалануға берілді, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,8% көп, оның ішінде: 14,8 ш.м. - жеке инвестициялар есебінен, 10,3 ш.м. жеке тұрғын үй.

Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2014 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер есебінен қалалық бюджеттен жүргізілді:

Атауы

Құны

Пәтер ауданы

Барлығы 2014 жылы

889,9 млн.теңге

10806,5

ш.м.

60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй қалпына келтірілді: Тольятти көшесі, 46- 59 пәтер

198,1

3174,6

60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй қалпына келтірілді: Тольятти көшесі, 55- 57 пәтер

192,1

3060,9

117 квартал, № 4 және № 5 үйлер мекенжайы бойынша дайын үйлерді сатып алу

365,6

4571,0

Инженерлік-коммуникация инфрақұрылымын сатып алу және жүргізу

134,1



Бұдан басқа «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде Мир даңғылы бойынша, Комсомол даңғылынан Каршоссе көшесіне дейін және Әлеуметтік қалада 140 жарықтандыру тіректерін және 120 шамдарды ауыстыру мен орнату жүргізілді (56,2 млн.теңге).

Абаттандыруға және көгалдандыруға 445 млн.теңге жұмсалды, соның ішінде келесі жұмыстар жүргізілді:

- мұражай аумағын абаттандыру -45 млн.теңге;

- қалалық гимназия аумағын абаттандыру - 16 млн.теңге;

- Металлургтер даңғылы учаскесін абаттандыру (Димитров көшесінен бастап Мир даңғылына дейін, Мир даңғылынан Амангелді көшесіне дейін)- 38,1 млн.теңге;

- спорттық қалашықты абаттандыру бойынша жұмыстар жалғастырылды - 60 млн.теңге;

- 9 аялдама павильондарын, Ақтау кентінде 5 аялдама павильондарын орналастыруға -10,6 млн.теңге;

- Металлургтер Монументі парк зонасында ағаштар отырғызу -15 млн. теңге.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет