Бір гүлде аталық пен аналық болса (мақта, қызанақ, картоп, лалагүл) – қос жынысты. Аталық
немесе аналық қана болса дара жынысты дейді. Тек аталығы бар болса аталық гүл, аналығы
ғана болса аналық гүлдейді. Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса – бір үйлі
(жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы). Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші
өсімдікте дамыса – екі үйлі (қос үйлі) (қарасора, қалақай, терек, тал) болғаны (7-сурет).
Жыныссыз гүлдерде жыныс мүшелері (аталық пен аналық) дамымайды. Мысалы, күнбағыс,
гүлкекіре және т. б. себет гүлшоғырыһның шетіндегі гүлдер жыныссыз болғандықтан, жеміс
бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: