Тозаңдану түрлері
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын (11-сурет) өсімдіктердің гүлдері ашық реңді,
хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі.
10-сурет. Айқас тозаңдану
11-сурет. Аралар арқылы айқас тозаңдану
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: шие, алхоры, алма
ағаштары, лимон, шай, асқабақ.
Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады. Гүлдің
аталықтарының жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады. Соққан желге тербеліп,
тозаңдарының таралуына бейімделген. Аналығының аузы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды
тез қабылдауға лайықтанған. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: қант қызылшасы,
құлмақ, қарасора, жүгері, қарабидай, қайың, емен. Тозаңдануы ауа райына байланысты.
Бұлтты, жаңбырлы күнде жаңбыр суы тозаңдарды шайып, өсімдік түсімін кемітеді.
1. Кестені дәптерге сызып, желмен тозаңданатын және жәндіктермен
тозаңданатын өсімдіктер белгілерінің нөмірлерін жазады.
1. Ұсақ, құрғақ тозаң.
2. Гүлде шірнеліктер бөлінген.
3. Ашық түсті күлте.
4. Гүлсерігі әлсіз дамыған.
5. Өсімдіктердің толық өсіп-жетілуі.
6. Аталықтары ұзын, иіліп тұрады.
7. аналық аузы қауырсын тәрізді, түкті.
8. Гүлдері иіссіз.
9. Гүлдері хош иісті.
10. Гүлдерінің құрамында эфир майлары болады.
Тапсырма:
1. Тозаңданудың екі тәсілінің-өздігінен тозаңдану және айқас тозаңданудың оң және теріс
жақтары қандай? Кестені дәптерге сызып толтырады.
Тапсырма:
Ұрықтану
Ұрықтану (12-сурет) - аталық және аналық жыныс
жасушаларының қосылуы. Ұрықтану тозаңданудан кейін
болады.
12-сурет. Гүлді өсімдіктердің ұрықтануы
1. Жарып көрсетілген гүлдің бөлімдері. 2. Аталық
тозаңдарының аналық аузына түсуі, тозаңның өне
бастауы. 3. Өнген тозаңның жатындағы тұқым бүршігіне
енуі. Тозаң түтігінің ұшындағы спермийдің тұқым
бүршігіндегі аналық жұмыртқажасушасымен қосылуы. 4.
Жеміс пен тұқымның түзілуі.
Аналықтан жабысқақ сұйықтық бөлінгенде аналық аузына
түскен тозаң жіңішке түтікше шығарып, өнеді. Тозаң
түтікшесі ұзарып, аналықтың жатынына жетеді.
Жатындағы көпжасушалы тұқымбүршігінің ішінде
жұмыртқажасушасы және ең ірі жасуша болады. Тозаң
түтікшесінің ұшында ірі ядролы 2 жасуша (спермий) бар.
Тозаң түтікшесінің ұшы тұқым бүршігімен түйіскенде 2
жасушаның (спермий) біреуі жұмыртқажасушасымен
қосылып ұрықтанады. Екінші жасуша (спермий) тұқым
бүршігінің ең ірі жасушасымен қосылады. Мұны қосарлы
ұрықтану дейді, бұл құбылысты ашқан ғалым С. Г.
Навашин. Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен тұқым,
жатыннан жеміс дамиды.
Қосарлы ұрықтану
С. Г. Навашин
Үй тапсырмасы
Кесте толтыру (Гүл бөлімдері және олардың қызметі).
Назарларыңызға
рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |