2) Iс-әрекет темпераменттерi – барлық темпераменттер жатады.
Немiс психологы В.Вундт темпераменттi екi топқа бөлген:
1) Эмоциясы күштi темпераменттер.
2) Эмоциясы әлсiз темпераменттер.
Немiс анатомы Гейне темпераменттiң түрлiше болып келуi жүйке жүйесiнiң тонусына байланысты деген. Орыс педагогы Лесгафт темпераменттер қан тамырларының жуандығы мен кеңдiгiне байланысты дедi.
Римнiң атақты дәрiгерi К.Гален темпераменттiң физиологиялық ерекшелiктермен қоса, психологиялық, тiптен адамның адамгершiлiк қасиеттерiне қатысты сапалармен байланысты деп түсiндiрдi.
Римнiң атақты дәрiгерi К.Гален темпераменттiң физиологиялық ерекшелiктермен қоса, психологиялық, тiптен адамның адамгершiлiк қасиеттерiне қатысты сапалармен байланысты деп түсiндiрдi.
В.Д.Небылицин темпераменттiң үш негiзгi компоненттерiн бөлiп қарастырды. Олар:
Сангвиник- қызу қанды, iскер адам. Қимыл-қозғалысқа белсендi. Адамдармен тез тiл табыса алады. Сангвиник-ойға жүйрiк, өткiр тiлдi, әр түрлi, көпқырлы жұмысты тез атқарады. Сангвиник жаңаны тез қабылдағыш, зейiндi келедi. Өмiр жағдайының өзгеруiне тез бейiмделедi.
Меланхолик (melaschole-қара өт)
Меланхолик- аса сезiмтал, тез жараланғыш. Ол тұйық, адамдардан оқшау жүргендi жақсы көредi. Ұсақ-түйектiң өзiне қатты қуанады, қатты ренжидi. Үйреншiктi, жақсы, тату-тәттi ұжымда меланхолик өзiн жақсы сезiнедi, жақсы ұстайды. Бұл ұжымда жұртпен жақсы қарым-қатынасқа түсiп, алған iсiн нәтижелi орындап, табандылық көрсетедi.