«Теориялық деректану» пәні бойынша



бет5/9
Дата24.02.2016
өлшемі1.05 Mb.
#13786
1   2   3   4   5   6   7   8   9

жағдайы


(1 сағат)

Жоспар:

1.Іс қағаздарының құрылымы және оның ерекшеліктері.

2.XVI-XX ғасырлардағы іс қағаздарының құжаттамасының дамуы.

3.Россия мен Қазақстан арасындағы байланыстың дипломатиялық қорлары.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:
1.Қамбар Атабаев “Қазақстан тарихының деректарулық негіздері”

Алматы 2002.

2. Архивоведение и источниковедение отечественной истории.

Проблемы взаймодействия на современном этапе. М., 1995.

3. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.В. Методологические

проблемы исторического познания. М., 1981.

4. Историческая наука. Вопросы методологии. М., 1986.

5. Исторические записки. Т.1. М., 1995.

6. Исторические исследования в России. М., 1996.

7. Источниковедения истории СССР. Под. Ред. И.Д.Ковальченко. М.,


Лекцияның мәтіні.

ХУІІІ-ХХ ғ.ғ. іс қағаздарының құжаттамасының дамуы.Іс қағаздарының құралымы және оның ерекшелігі.Деректанудың іс қағаздары құжаттамасына жалпы сыни принциптері. Бүтін, нақтылық, компрекстік әдіс.

Россия мен Қазақстан арасындағы байланыстың дипломатикалық қорлар.Сыртқы істер коллегиясы, ішкі істер министрлігі, көші-қон басқармасы.

Россияның Қазақстандағы Орынбор облыстық Батыс Сібір шекаралық комиссиясы, губерниялық, ұлыстық статистикалық комитеттер, жер басқармасы, жергілікті қорлар.ХУІІІғ. академиялық экспедицияның материалдары, Паллас, Фальк, Георги, п.И.Рыжковтың «Орынбор тарихы», «Орынбор губерниясының тарихы».

Іс-қағаздары – бұл басқару қызметіндегі негізгі бір сала.Іс-қағаздарын жүргізу басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады.

ХУІІІғ. Қазақ даласында қолданылған ресми іс-қағаздарына қазавқ хандарының , сұлтандарының, батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары жатады. Олар:

1) Қайып хан елшілігінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі.(1716ж).

2) Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу құралы туралы өтініш жасап, император ІПетрге жазған хаты.( 1718ж).

3) Нұралы ханның Е.Пугачевке хаты.( 1773ж).

4) Старшиналардың ІІ Екатеринаға өтініші.

Революциядан бұрынғы Ресей іс-жүргізу құжаттарының түрлері:

1. Хаттамалар.

2. Ұсыныстар,мәлімдемелер, көшірмелер.

3. Сенат ревизиясының материалдары.

4. Есеп беру ведомствалары.

5. Тергеу қорытындылары.

6. Сот-тергеу құжаттары.

7. Үшінші бөлімнің материалдарымен сотталғандар тағдырына жазалау органдары.

8. Шаруалар арызы мен құлдық ұруы, мойын ұсынуы.
11-лекция.

Лекцияның тақырыбы. Статистика – тарихи дерек.


(1 сағат)

Жоспар:

1.Статистиканың ғылым ретіндегі рөлі.

2.Статистикалық зерттеудің ұйымдастырылуым ен әдістері.

3.Кеңес дәуірінің демографиялық статистикасы.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Қамбар Атабаев “Қазақстан тарихының деректарулық негіздері”

Алматы 2002.

2. Актуальные проблемы современного источниковедения. Беседа

за круглым сролом. .∕ История СССР, 1989.№6

3. Архивоведение и источниковедение отечественной истории.

Проблемы взаймодействия на современном этапе. М., 1995.

4. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.В. Методологические

проблемы исторического познания. М., 1981.

5. Қазақ тарихы 2007ж 4.



Лекцияның мәтіні.

Статистиканы ұйымластыру. Ғылымға дейінгі кезең.Экономика – статистикалық жүргізу.Маңызды типтердің мінездемесі.Земск статистігі Ф.а.Щербиннің Қазақ шаруашылықтарының бюджеттік статистикасы.Мемлекеттік статаистика мен Земск статистиканың айылмашылығы. Пален ревизиясы, Щербин, Румянцев экспедицияларының берген ақпараттарын жинау және ұйымдастыру, жергілікті әкімшіліктің есептері және губернатор мен генерал губернаторларының есептері.Презентатив мәселелері.

Кеңес дәуірінің демографиялық статистикасы.Халық санау статистикасы, мақсаты және әдістері. 1920, 1923, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 ж. халық санағы. Ақпараттарды публикациялау және шығармашылық. Аграрлық статистика. Өндірістік статистика.Статистика мен жұмыс істеу әдістері.Статистиканы зерттеуде математикалық әдістерді қолдану.

«Статистика» ұғымы ХУІІІ ғасырдың екінші жартысында пайда болып, алғаш рет Германия университетінде пән ретінде қолданылды.Ол кездерде статистика мемлекеттің жетістіктерін, ерекшеліктерін көрсететін таным ретінде бағаланған еді.Жылпы «статистика» ұғымы латын тілінің «Status» деген сөзінен шығып, белгілі бір заттардың жағдайы, күйі дегенді білдіреді.

Қазіргі ғылымда оған мынадай анықтама берілген: Статистика дегеніміз – қоғамдық өзгермелі құбылыстардың сандық жағын ( сапасымен байланыстыра орырып) арнайы тәсілдерді қолдану арқылы зерттеп, олардың сандық жағын бейнелейтін, сандық жағындағы заңдылықтарды ашатын ғылым саласы.

Келтіріліп отырған анықтамадан статистиканы қарапайым және күрделі мағыналарда түсінуге болады.Қарапайым немесе тар мағынада статистика – қоғамға кең таралған қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейтін таным түрі.Ал күрделі немесе кең мағынада статистика – кез келген салаға жататын қоғамдық құбылыстарды бір жиынтыққа жатқызып, арнайы бергіленген әдістерді қолдана отырып, олардың сандық заңдылықтарын ашатын таным немесе ғылым саласы.


12-лекция.

Лекцияның тақырыбы: Мерзімді басылым – тарихи дерек.


(1 сағат)

Жоспар:

1.Революцияға дейінгі кезеңдегі мерзімді басылымның тарихи дамуы.

2.Әр түрлі тарихи дәуірдегі мерзімді басылымдар.

3.Заңсыз мерзімді басылымдар,басылымға деректемелік сын тарихи дерек.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Актуальные проблемы современного источниковедения. Беседа

за круглым сролом. .∕ История СССР, 1989.№6

2. Архивоведение и источниковедение отечественной истории.

Проблемы взаймодействия на современном этапе. М., 1995.

3. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.В. Методологические

проблемы исторического познания. М., 1981.

4.Историческая наука. Вопросы методологии. М., 1986.

5.Қазақ тарихы 2008ж
Лекцияның мәтіні.

Революцияға дейінгі кезеңдегі мерзімді басылымның тарихи дамуы.Мерзімді басылымның классификациялау мәселелері.Оның ішкі құрылымы мен жанры.Басылымның идеялық – саяси бағытының құрылымының методикасы.

Әр түрлі тарихи дәуірдегі мерзімді басылымдарға цензуралық саясат.Мемлекеттік басылымдар.Буржуазиялық партиялардың басылымдары.Жергілікті ұлттық демократиялық басылымдардың қалыптасуы. «Қазақ», «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеті, «Айқап» журналы – тарихи деректер.Россия мерзімдік басылымы Қазақстан жайында: «Вестник Европы», «Сибирский Вестник», «Записки Русского географического обшества», «Русский вестник» және т.б.

Заңсыз мерзімді басылымдар, басылымға деректемелік сын – тарихи дерек.Кеңестік мерзімді басылымдарды бағыттайтын және мазмұнын ашатын факторлар.Мерзімді басылымдарға басылатын материалдардың мазмұны, құрамы және анализі.Республикалық және облыстық газет журналдар.Мерзімді басылымдарды зерттеу ерекшелігі.Цензура тарихы.

Газеттер мен журналдарды талдаудың ерекшеліктері олардың жазба деректердің түрі ретіндегі күрделілігі мен өзіндік орнынан туындайды.Біріншіден, мерзімді басылым әр алуан жазба деректердің түрлерінен, екіншіден, әлеуметтік функциясы, формасы және мазмұны жағынан тегі бір деректердің өзіндік түрлерінен тұрады.

Тарихи талдаудың нақты объектісі ретінде белгілі бір басылымды тұтас, оның жарыққа шығу хронологиясын қатаң сақтай отырып алуға болады, не сол басылымда жарияланған нақты бір мәтінді дерек ретінде алуға болады.Осыдан келіп, мерзімді басылымды зерттеудің екі жолы шығады:



  1. Белгілі бір баспа органын тұтас дерек көзі ретінде жан-жақты зерттеу.

  2. Зерттеу тақырыбына сай, сол басылымнан нақты деректі іздеп тауып, соны талдау.

Дегенмен, бұл жолдардың едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олар бір-бірімен тығыз байланысты және екеуі де белгілі принциптер мен ережелерді сақтауды, мерзімді басылымдардың сипатын және бағытын ескеруді талап етеді.

Журналдар мен газеттер барлық уақытта белгілі бір қоғамдық топтардың идеологиясы мен іс тәжірибесінің, олардың өзара қарым-қатынастарының және пікірталастарының құралы болып келеді.

Таптық және саяси күрестердің сипаты мен мән-мазмұны, қоғамдық-идеологиялық қарама-қайшылықтары мерзімді басылымның өмір сүруінің нақты тарихи жағдайы т.б. айналып келгенде баспасөз тағдырына шешуші әсерін тигізеді.Өркениет жолымен дамыған қоғамдарда кез-келген баспа органдарының өзіндік, белгілі бір қоғамдық-идеялық бағытқа тән саяси бет-бейнесі болады.


13-лекция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет