Лекцияның тақырыбы. Тарихи повестер.
(1 сағат)
Жоспар:
1.Жүсіп Баласағұн „Игілік білімі”, Махмуд Қашқари „Дивани лұғат ат- түрік” және т.б.
2.Марко Поло, Вильгелм Рубрук, венгер монахы Юлианның жазбалары.
3.Қазақстан тарихы жайындағы орыс жазбалары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Кононов А.Н., Махмуд Кашкарский и его Диван лугат ат-тюрик. Сов.
Тюркология, 1972.
2. Кононов А. Н. Поэма Юсуфа Баласугунского Благодатное знание.М.,
1983.
3. Қазақстан тарихы 5 томдық.
4.Қамбар Атабаев “Қазақстан тарихының деректарулық негіздері”
Алматы 2002.
5.Тарих адамзат ақыл-ойаның қазынасы. 3 томдық. 3 том.
Астана 2005.
Лекцияның мәтіні.
Жүсіп Баласағұн «Игілік білімі», «Джувейни», «Дүние жүзін жаулап алу тарихы», Махмұд Қашқари «Дивани лұғат ат-түрік», Мукими «Зафарнме», Махаммед Талиб «Матлаб ат- табибин» және т.б. Ізденіс проблемалары, редакциялау және тізімдер, автор құқығы, қашан, қай жерде жазылды.Жекелеген ескерткіштердің ерекшелігі.Тарихи деректердің орналасқан орны,Иоан Плано Карпини Батыс европалық саяхатшылардың «Шығыс елдеріне саяхат» ХУІІІ шығармалары, Марко Поло, Вилбгелм Рубрук, венгер монахы Юлианның жазбалары.
Қазақстан тарихы жайындағы орыс жазбалары. ( Сібір жазбалары, Есипов және Строгонов жазбалары). Хронограф.Оның жылнама мен байланысы.
Тарихи оқиғалардың дәлме-дәл құжаттық бейнеленуі емес, олардың ав тордың санасындағы көркемдік бейнеленуін баяндаушылық сипатта беретін дерек - әдеби шығармалар.Әдеби шығармалар – қоғам өмірінің мәдени, идеологиялық, саяси әлеуметтік- әкономикалық тарихының аса маңызды дерек көзі.
Ежелгі қазақ әдебиетін негізгі топтарға бөлу оның тарихи ерекшелігіне тікелей байланысты.
1. Көне түркі жазба ескерткіштері; орхон ескерткіштерінің мәтіні «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнаме» дастаны.
2. Ислам дәуіріндегі әдебиет немесе Қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби жәдігерлер: әл-Фараби өлең өнеріні қағидалары туралы трактат.Жүсіп Баласағұнидың «Құтадағу білік» деген дидактикалық дастаны. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік», Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» атты өлеңдер жинағы Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы».
3. Алтын Орда-қыпшақ дәуіріндегі әдебиет.Бұл дәуірде жазылған ескерткіштер жалпы түркі әдеби тілінің қыпшақ диалектісі негізінде жазылған. Олар: қыпшақтың жазба кітабы (Кодекс Куманикус) Хорезми «Мұхаббат-наме» дастаны.Насыридин Рабғузидің «Қисса-сул Әнбия» немесе «Қиссауи Рабғузи» жинағы.Дүрбектің «Жүсіп-Зылиқа», «Сайфи Сарийдің», «Гүлістан бит-түрік». Құтыптың «Қысырау-Шырын», Хұсам Кәтибтің «Жұмжұма сұлтан» дастандары.
Сонымен қатар, осы кезеңде тарихи еңбектер де жазылды.Олар қазақтың тұңғыш тарихшысы Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» және Қадырғали Жалаиридің «Джами ат-тауарих» атты еңбектері.
8-лекция.
Лекцияның тақырыбы. Қазақстан тарихы жайлы деректер.
(1 сағат)
Жоспар:
1.Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан жайлы деректер.
2.Қазақстан тарихындағы ежелгі түркі жаба ескерткіштері.
3.ІХ-ХІІ ғасырлардағы араб деректері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Тарих адамзат ақыл-ойының қазынасы. 3 томдық. 3 том.
Астана 2005.
2.Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Алматы 2005.
3.Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері. Алматы 2005
4. Қазақстан тарихы 5 томдық.
5.Қамбар Атабаев “Қазақстан тарихының деректарулық негіздері”
Алматы 2002.
Лекцияның мәтіні.
Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан жайлы деректер.
Халық ауыз әдебиеті – тарихи дерек.Олардың тарихи дерек ретіндегі ерекшеліктері. Фольклордың тууы мен дамуы.Фольклордың классификациясы.Халық ауыз әдебиетінің деректемелік талдау әдісі.
Шежіре – тарихи дерек.Тарихи деректегі оның орны,Ерекшеліктері және маңызы.Тарихи деректің шежірелік дамуы.Шежіренің объективтік және субъективтік жақтары.Шежіренің деректемелік анализі мен синтезі.
Қазақстан тарихындағы ежелгі түркі жазба ескерткіштері.Орхон-Енисей, руникалық жазба ескерткіштері. Деректемелік талдаудың мәселелері( текст, пайда болуы, авторы,даталық уақыты және т.б.)
Рим және византия авторларының –Аммианна Марцеллини, Приска Панийский, Иордана, Прокопий Кесарийский, Феофилакта Симокат, Феофан, Константин Багрянородныйдың шығармалары. Деректердің толықтығы мен нақтылығы.
ІХ-ХІ ғ.ғ. араб деректері Аль-Хорезми (Хорезми) (Книга картины земли), Ибн Хордадбек (Книга путей и стран), аль-Джахиза (послание Фату бен хакану о достойнствах тюрок и всех войск халифата), Гардизи (Украшение известий), Махмұд Қашқари (Түркі сөздерінің жинағы), аль-Гарнати (Аль-Муриб) және т.б.Деректердің пайда болуының тарихи жағдайлары.Авторлық текст.деректердің текстологиялық мәселелері.Деректердің нақтылығының кейбір мәселелері.Деректемелік синтез.
9-лекция.
Лекцияның тақырыбы. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жайлы деректер.
(1 сағат)
Жоспар:
1.Монғол деректері.
2.Араб деректері.
3.Қазақ деректері.
4.Қазақстан жайлы орыс деректері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Тарих адамзат ақыл-ойының қазынасы. 3 томдық. 3 том.
Астана 2005.
2.Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Алматы 2005.
3.Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері. Алматы 2005
4. Қазақстан тарихы 5 томдық.
5.Қамбар Атабаев “Қазақстан тарихының деректарулық негіздері”
Алматы 2002.
Лекцияның мәтіні.
Монғол деректері Лубсан Данзан „Алтын тобық” жылнамасы, „Шара Туджи”, Атрибуция және текстология мәселелері.
Араб деректері. В.В.Тигенхаузеннің „Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағына” кіретін араб авторларының шығармалары ( Ибн аль – Асир, аль-Омари, Ибн Батутт, Ибн Халдун, Ибн Арабшах және т.б.).Деректердің пайда болу жағдайы мен пайда болуы.Деректердің нақтылық мәселелері.Текстологиялық мәселелер.Парсы деректері.Рашид ад –Дин – „Жами ат - тауарих” („Жылнамалар жинағы”). В.Г.Тигенхаузеннің „Алтын Орда” тарихына қатысты материалдар жинағынаң ІІ томына кіретін парсы тіліндегі деректер.
Деректердегі қазақ халқы мен қазақ мемлекеттілігінің пайда болу мәселелері.Деректерді зерттеудің компаративтік әдістері.
Еуропа тіліндегі деректер.Батысеуропалық саяхатшылар Марко Поло, Плано Карпини, Гильом де Рубруктың шығармалары.
Түркі және қазақ деректері.Темір бағытындағы түркі деректері: „Темірланның өмірбаяны”, Захир –ад – Дин Мұхаммед Бабырдың „Бабурнаме”, (Бабыр жазбалары), Шайбанид бағытындағы түрік деректері: Өтеміс қажының „Шыңғыснама”, Әбілғазының „Түркі халқының таралуы”.
Қазақ деректері: Хайдар Дулати „Тарих – и - Рашиди”, Қосымұлы Қадырғали бидің „Жылнамалар жинағы”, Шәкәрім Құдайбердіұлы „Шежіре”Текстология мәселелері.
Қазақстан тарихы жайлы орыс деректері: Строганов жылнамасы (ХУІІ ғ. орт.) С.Есиповтің „Сібір жылнамасы”, „Ремезов жылнамасы”(ХУІІІ ғ. басы.).
10-лекция.
Лекцияның тақырыбы:.Қазақстан жайлы мұрағаттық және картографиялық деректер.Іс қағаздарының құжаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |