Теориялық және практикалық сабаққа әдістемелік талдау



бет5/7
Дата02.01.2022
өлшемі21.32 Kb.
#452827
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Миология 2.3

Кеуде бұлшықеттері кеуде торының бетінде басталып, одан иық белдеуі мен қолдың еркін бөлігіне баратын бұлшықеттерге және кеуде қуысының қабырғалары құрамына кіретін меншікгі (аутохтонды) бұлшықеттерге бөлінеді. Кеуденің үлкен бұлшық еті- үшбұрышты. Бағана сүйегінің сыртынан, төс және 2 – 6 қабырғаның шеміршегінен басталады. Тоқпан сүйек үлкен томпағына келіп жабысады. Атқаратын қызметі: қолды денеге жақындатады, ішке қарай бұрып көтереді. Кеуденің кіші бұлшық еті-үлкен бұлшық еттің астында орналасқан. 1 -5 қабырғадан басталып, жауырынның құс тұмсықшасына жабысқан. Атқаратын қызметі: жауырынды төменге тартады, жауырын тыныш тұрғанда қабырғаларды көтеріп тыныс алуға қатысады. Бұғана асты бұлшық еті- кеуде қуысының сыртқы бүйірінде 1 қабырға мен бұғана сүйегінің аралығында орналасқан. Бұғананы төменге және ішке тартады. Алдыңғы тісті бұлшық ет- жоғарғы 9 қабырғалардан тіс тәрізді басталып жауырынның медиаль шеті мен төменгі бұрышына келіп жабысады. Атқар атын қызметі: Жауырынды алға тартады, қолды горизонталь созуға мүмкіндік туғызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет