Іштің сыртқы қиғаш бұлшық еті- жалпақ еті, төменгі 8 - қабырғадан басталып, мықын сүйектің қырына барып жабысады. Іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінің талшықтары қиғаш орналасқан. Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бүгіп, оны бір жағына қисайтып, тұлғаны бұрап, кеудені төмен түсіреді. Іштің ішкі қиғаш бұлшық еті – сыртқы қиғаш бұлшық еттің астында желпуішше болып орналасқан. Ол бел-кеуде шандырынан, мықын сүйегінің қырынан жіне және шат байламынан басталып, арқада ІІІ қабырғаға жабысады, іштің қабырғасының алдында апоневрозға айналады. Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бүгіп, кеудені төмен түсіреді, жамбасқа көтеріп, тұлғаны бұруға қатынасады. Іштің көлденең бұлшық еті – ол екі алдыңғы бұлшық еттің астында орналасқан. Төменгі алты қабырғаның ішкі бетінен, бел-кеуде шандырынан, мықынның қыры мен шат байламынан басталады. Атқаратын қызметі: іш қуысына сығымдап қысым түсіріп тұрады, төменгі қабырғаларды көтеріп, дем шығаруға ықпал етеді. Іштің тік бұлшық еті – төс сүйегінің семсершесінен және V-VII қабырғалардың шеміршегінен басталып шат сүйегіне келіп бірігеді. Іштің тік, сыртқы, ішкі қиғаш жіне көлденең еттерінің апоневроздарымен бірігіп, іш қуысының берік қабырғасы пайда болады. Іштің ішдыры – іш шандыры бұлшық еттерді сыртынан жауып тұратын кеуде шандырының жалғасы, ал іш қуысының ішін жұқа сір қабық жабады.
Бұлшықеттің қосалқы бөлікшелері?
Терең бұлшықет дегенім не?
Беткей бұлшықет дегенім не?
Кеуде бұлшықет дегенім не?
Іш бұлшықет дегенім не?
Достарыңызбен бөлісу: |